Қарағанды
қаласы, Жамбыл атындағы облыстық
мамандандырылған мектеп-интернаты
Рамазанова Орынбала
Рахимовна
Итжанова Назгуль Алпановна
Мектепте оқу
тәрбие процесінде адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін
балаларды жас кезінен бастап ең маңызды
адамдық саналарды – адамгершілікті, жанашырлықты және
басқа да асыл қасиеттерді дамыту керек. Елбасы Н.Назарбаев
«Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық
қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз рухы
дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін
қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген болатын.. Қазіргі
жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынандай
мүмкіндіктері бар:
1. Рухани адамгершілік
құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың
мазмұнына енгізу.
2. Сыныптан тыс
сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне
ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
3.Жеке
пән ретінде жүргізілетін сабақтардың
бағдарламасына енгізу.
Елбасы
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» бағдарламасында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп кемелденеді. Біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз
заманының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы
мықты өкілдері болмақ. Олар бабаларымыздың игі
дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы
жағдайда жұмыс істеуге даяр болады» - деген болатын.
Адамның
адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. «Адамгершілік»
адамның санасындағы,оның ішкі дүниесіндегі асыл
қасиеттердің жиынтығы немесе биік шыңы. Адам баласында
адамгершілік қасиеті қараптан-қарап туындамайтын
қасиет. Ол қасиет отбасында, ортада, мектепте, айналадағы
адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық
тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар. Тәрбие
болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның
адамгершілік қасиеттері ең алдымен дұрыс амандаса
білу,айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста
болу,өзара сыйласу, қарапайымдылық,
кішіпейілділік,салмақты да сабырлы болу,үлкенге ізетті, кішіге
қамқор болу жатады.
Адамгершілік
тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру -
ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр
адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар
бұлағы - халқында, отбасында, олардың
өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін
қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас
ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп
қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие
жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен
жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде
ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда
«Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға
кеңес» деген бұрыштар бар.
Адамгершілік
тәрбиенің түп негізі отбасынан басталады. Ата - аналар балаларын
жақсы мінез - құлыққа тәрбиелей отырып,
қалыптасқан дағдыға, әдетке айналдыру
арқылы адамгершілік қасиеттерді олардың бойына
сіңіреді. Бала ата - анаға қарап, еліктеп өседі. Кейбір
ата - аналардың айтар ақылдары, күнделікті тіршіліктегі іс -
әрекеттері, мінез құлықтары баланы теріс
тәрбиелейді.
Отбасынан
тәрбие алмаған баланы мектеп қабырғасында
тәрбиелеу міндеттіміз.
Адамгершілік
тәрбие беру білім берумен шектелмейді, Бұл баланың сезіміне
әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде
дүниетанымын қалыптастырады. Баланың сана - сезімін
адамгершілік мұраттарын қалыптастыру тәрбиенің ең
бірінші міндеті.
Адамгершілік
тәрбиесі жөніндегі халықтық педагогика мұрасы
және педагогтардың зерттеулеріне сүйене отырып біз
адамгершілік тәрбиесінің мақсатын анықтадық.
Адамгершілік тәрбиесін халықтық мұра негізінде
құрастыру. Адамгершілік тәрбиесінің мәнін жалпы
азаматтық құнды игіліктерімен байланыстыра ашу. Қазіргі
қоғамның экономикалық әлеуметтік, рухани
жаңару заңдылықтары мен байланыстыра қарастыру.
Жоғарыда аталған адамгершілік тәрбиесін талдауда үш
бағытты біріктіретін басты идея-тәрбиені ізгілендіру
(гуманизациялау) бір сөзбен айтқанда адамға, балаға бет
бұру. Оған сенім білдіру, оның өзіндік жеке
мақсаттарына сұраныстары мен мүдделеріне іш тарту. Бұл
баланың өз бойындағы қабілеттерін ашып, тани білу,
көре білу, дамыту, оның өзін-өзі билеу үшін алып
жүру үшін, қолайлы жағдайлар жасау
Оқу
мен тәрбие әруақытта егіз. Тәрбие процесінде
ұстаздар шешуші роль атқарады. Ұлы педагог К. Д. Ушинский
«Тәрбиенің қайнар көзі ұрпаққа
тәлім - тәрбие беретін адамды өте жоғары бағалап,
осы мәңгі нұрдың қызметшісі» деп атауы бекер
емес. Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына
мұғалімдер қауымының еңбегі зор.
Мұғалімдер оқушыларға адамгершілік тәрбиесін
сыныптан тыс іс - шаралар арқылы (ойындар жүгізу,
әңгіме өткізу, дөңгелек стол, дебат, үгіт -
насихат тобының жарыстары, сауалнама алу, белгілі бір саладағы
мамандармен кездесу т. б.) жүзеге асырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
2 «Тәрбие құрал» әдістемелік журналы. №5,6 2012ж.
3«Бастауыш
мектеп» журналы.