Махамбетова М. Қ.
Қазақстан, Ақтөбе облысы Шалқар қалалық №8 жалпы
орта
білім беретін мектеп
Білім саласындағы жаңа технологиялар
Білім беру-оқытудың тәрбие мен
дамытудың үздіксіз процесі.Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин
дәлелдегендей 3-10 жас
аралығындаға балалар біріккен мәдени – білім беру саласында
ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп,
ортақ оқып, үйреніп өмір сүру керек. Яғни
бұдан шығатын қорытынды бұл бастауыш сатыдан мазалайтын
сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін, ой
– өрісін қиялы мен шығармашылығын дамыту болып,
жаңа заман талабына сай жан – жақты дамыған жеке тұлға
ретінде оқытып тәрбиелеу.Көрнекті псохолог
Л.С.Выготскиидің негізі бойынша «Бала дамуының ең
шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
деген екен. Оқу тәрбиесінде мынадай өзекті жерлерінде
проблемалар бар: 1.Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет
етулері жеткіліксіз . Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен
өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған
білім – білік дағдыларын қазіргі өмірмен ғылым, техника
жаңалықтары мен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз
болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның
себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін,
білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып
үйреніп өз іс әрекетім де енгізу қажет деп ойлаймын.
Білім берудің әр түрлі нұсқадаға
мазмұны, құрылымы, ғылымға және
тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Соның бірі:
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы
білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек
ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану
үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап
көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам
дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,
дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды
көздейді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда
педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі
міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру
бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп
көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру
барысында дидактикалық және оқыту құралы болып
компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында
мультимедиялық электрондық оқыту құралдары
барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл
бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне
екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын
жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық –
техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық
білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік
даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық
бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік -
ақпараттық бейнесін оқушылардың
шығармашылық қабілеттері мен құндылық
бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін,
адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі
болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Жалпы білім берудің мақсаты –
терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке
тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты
технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын
бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны
қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Коростылева
Л.А. «Психологические барьеры и готовность к нововведениям» СПб., 1996, 66 стр.
2.
Мясоед
Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004
3.
Пидкасистый
П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М., 1996, 268 стр.