Педагогика
Омаров Қайрат, Өндірістік
оқыту шебері,
Жаңақорған
аграрлы-техникалық колледжі,
Қызылорда облысы, Қазақстан
Республикасы
КОЛЛЕДЖ
СТУДЕНТТЕРІН ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қоғамдық
құрылыста еңбек тәрбиесі – тәрбие жүйесінің
негізгі бір саласы болып табылады. Адамды адам еткен, еңбек – демекші,
«еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де
өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек
әрекетінің нәтижесінде адамның дене және
интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып
және одан әрі жетіліп отырады. Бұл әрине адамның
тұлғалық дамуының табиғи зандылығы.
Ол сонымен бірге студенттердің
адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің
үйлесімді дамуына да жағдай туғызады.
Тұлғаның дамуында оқу мен еңбектің байланысын
орнықтыру, оның барлық қабілетін жандандырады,
адамгершілік-ізгілік қасиеттері мен дене күштерін
қалыптастырады.
Сондықтан да колледждегі еңбек
тәрбиесінің мақсаты студенттерді еңбекке арқылы оқыту
оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю,
еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің
қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге
үйрету, материалдық құндылықтарды
сақтауға дағдыландыру.
Ол үшін, оның міндеттеріне:
1. Біздің елде әрбір еңбек
етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттілігін оның сенімі
мен санасына орнықтыру.
2 Еңбек етуге деген қажеттілік
пен талпынысқа тәрбиелеу.
3. Еңбек етуге қатысты білім,
білік, дағды сапаларымен қаруландыру, тиімді еңбек ете білуге
дағдыландыру.
Еңбек тәрбиесінің
мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы
қоғамдық-тарихи жағдайға байланысты
анықталып, жетіліп отырады.
Колледж студенттерін еңбек
процесіне психологиялық тұрғыдан
дайындаудың да маңызы ерекше. Ол үшін оларда маман иесі
ретінде еңбек етуге деген қызығушылығын
қалыптастыру, еңбек ету қабілеттері мен қажеттілігін
дамыту, тұрақты еріктік қасиеттерін тәрбиелеу.
Мұнсыз адамның еңбек әрекетін
нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
Еңбекке психологиялық
тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе
құрып, мына міндеттерді шешкенде іске асады: 1)
еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсінуі; 2)
нәтижелі еңбек ету әрекетінің қажеттісінен
түрткі тудыру; 3) еңбек біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру.
Колледж студенттерін болашақ маман иесі
ретінде еңбекке тәрбиелеу мәселесінің
қажеттілігі, оларды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып,
зерттеуге үлкен мән беруге ықпал етуде өндірістік
оқыту шеберінің алатын орны ерекше.
Еңбек өндірістік, практикалық
әрекет ретінде адамның дене құрылысының дамуына
жағымды әсер етеді. Физиологиялық зерттеу жұмыстарының
нәтижесі көрсеткендей, дене күшінің
қозғалыс және бұлшық ет жаттығуларымен
тікелей байланысы.
Сондай-ақ еңбек адамның
денсаулығы мен күш-қайратын шынықтырады, оның
өмірлік жігерін, қайратын шыңдайды, ақыл-ой
қабілетін жандандырады. Адамның ақыл-ой қабілетін,
оның зеректігін, шығармашылық тапқырлығын
дамытады.
Қазірде болашақ маман иесінен
өндірістегі терең білімді және кең көлемде
техникалық дайындықты, жаңа технологияны тез меңгеру
біліктілігін, еңбек тәсілдерін жетілдіру және
өнертапқыштық қабілеттің болуын талап етеді.
Колледждегі кәсіптік оқыту педагогтері
еңбек әрекетін студенттердің азаматтық санасының
дамуымен, патриоттық сезімдерімен және өздерінің
қоғам алдындағы борыштарын түсінуімен байланыстырады.
Әрбір тәрбиеленуші еңбек ұжымының мүшесі
болуға дайындалады. Азамат ретінде оның маңызы және
құндылығы, оның еңбек ете білу біліктілігі
және өзіне, адамдарға әкелетін пайдасына байланысты
болады. Бұған қосымша, адамның еңбек процесіне
даярлығы және жалпы қоғамдық істерге
өзінің қосқан үлесіне байланысты оның
материалдық жағдайы жақсарады.
Психологтар еңбектің
әсерінен болатын адам тұлғасындағы өзгерістерді
ең алдымен, адамның мінез-құлқынан, еңбек
өнімділігінің өзгеруінен, еңбекке, өз
ұжымына деген қатынасынан, қажеттіліктері мен
қызығушылықтарындағы өзін-өзі бағалауы
мен талпыныстарындағы өзгерістерден байқайды.
Еңбек іс-әрекетін сәтті
игеру үшін адам даралығының барлық жақтары
қатысуы тиіс: оның психикалық процестері, қасиеттері
және күйі.
Психикалық процестер арқылы адам
еңбек жағдайында бағдарланады, мақсат қояды,
әрекет барысын бақылайды. Еңбектің әлеуметтік
жағдайы адамға жоғары талап қояды. Арнайы пән
сабақтарында студенттердің еңбектері ұжымдық
сипатқа ие және оның іске асырылуы өндірістік,
адамгершілік және т.б. қатынастардың кең әрі
күрделі аймағына кіруімен байланысты.
Қорыта айтқанда, студенттердің
әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыруы
және белсенді еңбек етуге үйретуі, еңбек
сүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық
тұрғыдан жетілген тұлға етіп тәрбиелеу басты
назарда болуы тиіс.
Әдебиеттер:
1. Бәшірова
Ж.Р., Әлқожаева Н.С. Тұлғааралық
қарым-қатынас пед-сы. Оқу құралы. «Қаз.унив», 2011ж. 250 бб.
2. Жүсіпова
Ж.А. Педагогикалық шеберлік: Оқулық. Алматы: Экономика, 2011, –316 бет.