Информатика
пәнінің
мұғалімі
Контажибекова А.А.
Казахстан. Алматы облысы, «Алакөл аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
Жаңа ақпараттық технологияларды
сабақтарда пайдалану
Біріккен ұлттар
ұйымының шешімімен «XXI ғасыр - ақпараттандыру
және озық технологиялар ғасыры» деп аталады. Білім
берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен
қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда жаңа
ақпараттық -
коммуникациялық технологияларды пайдалану әдісі зор
рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде
ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда
қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін
басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Жаңа
ақпараттық- коммуникациялық технологияларды сабақта
пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында
біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру,
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан
Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік
білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Заманауи
ақпараттық-компьютерлік технологияның білім беру саласына
ендірілуі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың
мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы
өзгертуге мүмкіндік береді. Педагогикалық
бағыттағы мамандарды оқыту жүйесінде
ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдаланудың
мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы
оқып үйренушінің кәсіби даярлықтарын арттыру
мүмкіндіктерін кеңейтеді.Сондай-ақ,білім беру жүйесі
оқушының ашылмаған қабілетін ашу,
қоғамның даму кезеңдеріне сай оқыту, жеке бас
белсенділігін қалыптастыру және информатикалық
сауаттылығын арттыруға жол ашады, оқу үдерісін
жекелеу,қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру
әрекеттерін іске асырады. Мұғалімдердің өз
қызметтерінде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану
даярлығының деңгейі жоғары болуы үшін оқыту
үдерісі барысында олардың дербес даму
дағдыларын,болашақ қызметке кәсіби даярлық
барысында ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға
талпыныстарын ескеру қажет. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар-мұғалімнің мүмкіндігін
жоғарылататын құрал. Оқушыларға білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оның
ішінде мультимедиялық технологиялардың атқаратын ролі ерекше
зор.Сондықтан ннформатика пәні сабақтарында
мультимедиялық технологиялар жиі қолданылуда.Осыған
байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео,
аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық
оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік
бағдарламалар, интерактивті тақта);
-интернет және
т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді.
Ақпараттық
технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру
мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі
уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің
барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Өзім жұмыс жасайтын мектепте жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен
қарастырылған. Тақтаны қолдану арқылы
оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық
танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті
тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде информатикадан
практикалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.
Мысалы: информатика пәнін оқытуда интерактивті
тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың
қызығушылығын танытып қана қоймай,
шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа
ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына
мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның
элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап
қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік
түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы
оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды
аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен
уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады.
Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің
нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол
уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін
бақылап және оқушылардың материалды түсіну
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті
тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім
оқушылардың білім деңгейін анықтай алады.
Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін
уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық
оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын
құпия түрде бере алады. Компьютер және интерактивті
құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі
оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,
оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға
итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі
таңдағы ақпараттық қоғам аймағында,
оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және
компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп
санауға болады. Оқушылардың интерактивті
құралдар көмегімен қалыптасатын және
жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар
арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан,
тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте
сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта
пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін
кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар
орындайды.Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша
тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалар мен
жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық
оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер,
дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине
мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен
әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын
сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға
ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың
кұштарлығы оянады деп ойлаймын. Жаңа ақпараттық -
коммуникациялық технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды
пайдалану мұғалімді шеберлік жағынан шыңдайды.
Қорытындылай келе жаңа ақпараттық -
коммуникациялық технологияларды оқыту оқушының белсенділігін арттырып, жан – жақты
талдауға, өз ойын айтуға, білім сапасын арттыруға,
бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар
тәрбиелеуге көмектеседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Н.Н.Соболева и.др.
Электронный учебник нового поколения. «Информатика и образования».
2. «Информатика
негіздері», ғылыми-әдістемелік журналы, № 5, 2010 ж.
3. Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
4. Республикалық www.GYLIM-BILIM.KZ интернет
ресурсы.