Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

п.ғ.к., профессор Казимова Д.А.

3-курс студенті Базылхан Қ.Е.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА СЛАЙД-БЕЙНЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»  Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.

Елбасы бұл жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге әр уақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар.

Қазіргі заманғы бала технологиялық белгілер және символдар, электронды мәдениет әлемінде өмір сүреді. Баламен тіл табысу үшін ұстаз қазіргі заманғы әдіс-тәсілдермен,  жаңа технология білімдерімен таныс болуы тиіс.

Қазіргі заманғы мектептердің басты міндеті «электронды ортаға» кіретін баланы жастайынан үйрету, соған бағытталу, «оқыту» әдістерін меңгеру, әр жерден алынған ақпаратты талдауын өткізу және қайта қайталау, критикалық ойдан өткізу болып табылады. Сондықтан да информатика пәнінің өтуі барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияның жақтаушысына айналдық.

Білім беру қызметіне оқушылардың ойын оқуға белгілі бір мөлшерде аударылған. Оқушылардың дайындық деңгейі оқу  мазмұнымен, оқудың берілеу технологияларымен, ұйымдастырылған жұмыстарымен және тәжірибе бағыттарымен, сондықтан, білім беру процесінде жаңа педагогикалық технологиялардың қолданылуы маңызды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жалпы білім беруде қолданылуы сабақ барысында жағымды  әсер қалдырады,  оқушылардың  жан-жақты қызметіне де көп көмегі тиеді.  Мультимедиялық  слайд және бейне жазбалардың сабақ барысында қолданылуы осы әдістің дамуына және дайындық кезінде қосымша  көп көмегін тигізеді.

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презен­тация материалдарын дайындауға арналған бағдарлама. Microsoft PowerPoint бағдарламасында сабаққа қатысты құралдарды,  баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.

PowerPoint бағдарламасы қосымшалар мен кеңейтімдерді өңдейтін бейнемен және фотосуретпен толтырылған. Қосымша, өтеулер мен анимацияларда бөлек қойындылар бар және баяғыдан өзгеше тегісірек және жақсырақ. Және сізді таң қалдыратын SmartArt сызбаларында бірнеше жаңа фотосуретке негізделген қосымша мүмкіндіктер бар.

PowerPoint  бағдарламасымен слайд-бейнелерді көрсетілімдерге кірістіргенде, олар көрсетілім файлының бөлігі болады. Көрсетілімдерді айналдырып тасымалдағандықтан, қалып кеткен бейне файлдар жоқ.

Бейнелерді қиып алып, синхрондалған жолағы бар мәтінді, постер жақтауларын, бетбелгілерді және көлеңкені бейнелерге қосыңыз. Сондай-ақ, суреттермен орындайтындай, шекарасын, көлеңкені, шағылысуды, жылтырды, қырсыз жиектерді, 3-D бұрылыстарын, жиектерін және басқа дизайнерлік әсерлерді бейнелерге қолдануға болады. Сондай-ақ, бейне кері ойнағанда, барлық әсерлер орындалады.

 

1 сурет. Слайд-бейнені енгізу үзіндісі

 

Көрсетілімдерде бейнені пайдалану әдісі бойынша қосымша бейнелер әдістерін орындау үшін келесіні қараңыз: көрсетіліміңізге бейнені ендіру; бейнені қайта бояу; бейнеге ерекше әсерлер қолдану; бейнедегі мәтін жолақтарын қосу және синхрондау; бейненің жарықтығын және контрастын өзгерту; бейне жиегінің түсін, мәнерін және қалыңдығын өзгерту; бейнені кескінде ойнату; бейнені сөну әсерімен бастау немесе тоқтату және т.б.

Бейне немесе дыбыс клиптегі қызықты сәттерді көрсету үшін бетбелгілер қосуға болады. Бетбелгілер бейне ішіндегі нақты бір орынға өту немесе анимацияларды қосу үшін пайдаланылады (2 сурет).

 

2 сурет. Анимацияны қосы технологиясы

 

Бейнелерді слайдтарға YouTube немесе hulu, т.б. сияқты әлеуметтік медиа веб-сайттардан кірістіруге болады. Әр веб-сайт әдетте көрсетілімнен бейнеге сілтеме жасауға мүмкіндік беретін ендіру кодын береді.

 

3 сурет.  Гиперсілтемені құру

 

Ендіру кодын орнатып және көшіріп, сосын оны PowerPoint бағдарламасына қою. Сондай-ақ, ойнатуды басқару жолағындағы үнділік жүгірткісі арқылы үнділігін орнатуға болады. 

Компьютердің қолданылуы белсенді оқушылардың  әр түрлі кезенде білім беру уақытының 75- 80 пайызын алады,  қарапайым 15-20 пайыз орнына. Қазіргі заманғы балалар ақпараттарды ұстаз сөзінен гөрі компьютер экранынан тез және зор қызығушылықпен қабылдайды.

Сондықтан, информатика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда келесі ерекшеліктерді  береді: сабақ барысында уақыт үнемділігі; материалды терең меңгеруі; жоғары дәрежеде оқуға  деген құлшыныс туғызу; аудио, бейне, мультимедиялық материалдарды  бір мезгілде қолдана алу мүмкіндігі; дайындық кезінде ғана емес,  сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілік тұрғысынан қалыптастырылуы; оқушылардың  белсенді түрде сабақта  араласуы,  өз ойын еркін жеткізу мақсатында, еркін түрде талқылауы, өзінше ойлай білу,  сонымен қатар өз еркімен ақпараттарды жинай білу.

 

Әдебиеттер:

1.   ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»// inform.kz/kaz/article/2518915

2.    https://www.youtube.com