Даутова Замзагуль Бақтыбайқызы

№ 260 орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы

КАЗАХСТАН, Қызылорда облысы, Арал қаласы

Бастауыш  мектепте  пәндерді  оқытуда  оқушылардың  шығармашылығын  дамыту

 

Бастауыш  мектеп  -  бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  дамуы  қуатты  жүретін,  ерекше  құнды,  қайталанбас  кезеңі.  Сондықтан  да  бастауыш  білім  берудің  алғашқы  сатысы.  Бастауыш  мектеп  балаға  белгілі  бір  білім  беріп  қана  қоймай,  оны  жалпы  дамытуды,  яғни  сөйлеу,  оқу,  талдау  жасауға  үйретуді  және  ойын  толық,  дұрыс  жеткізуді  қамтиды.  Ғылым  мен  техниканың  кең  өріс  алып,  жедел  қарқынмен  дамуы  білімнің  негізі  болып  табылатын -  бастауыш  мектепке  де  өз  әсерін  тигізуде.  Соған  сәйкес  бүгінгі  таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік  стандарты  жетілдірілді. Оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығы  да білімдік және тәрбиелік рөлі жағынан бірдей маңызға ие болып негізгі пән,  қосымша пән деп бөлінбей оқытылады. Барлық пәндер біртұтас оқу-тәрбие  үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, сананың этикалық,  эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының шығармашылық әлеуетін  практикалық іс-әрекет арқылы ашуды қалыптастырады. Мемлекеттік  стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін  көтеру, оқу әрекетін қалыптастыруда білімнің  танымдық, шығармашылық  рөлін мақсат етіп қойды.

Демек, бұл мақсатты жүзеге асыруда оқу, жазу, математика, дүниетану, ән, еңбек, бейнелеу т.б. пәндерді оқытуда баланың шығармашылық дағдыларын,  еңбек біліктерін қалыптастыру – негізгі жұмыс формасы. Пәндерді оқыту  арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық  игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал міндеті - оқушылардың танымдық  деңгейін кеңейту, шығармашылық және еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту,  рухани байлықты дамытуға жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау.  Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу,  тәні сау, шығармашылықпен ойлай  білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.

Шығармашылық әрекет – білім беру мазмұнының негізгі элементтерінің  бірі. Мұның өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа проблемаларды ізденіп  шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға дайындайды. Балалардың  шығармашылық күші тек білім көлеміне байланысты емес және адамдардың  табиғи қабілетінің болуы да жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім   көлемі де, үлгі бойынша меңгерілген іскерлік те баланың шығармашылық мүмкіндіктерін қамтамасыз ете  алмайды. Бала өз бетінше ойланып әрекет етіп  үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете, шығара  алмайтын  жағдайға жетеді.

Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам  талабы.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей меңгеріп  кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік- жігер  мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді игермек түгіл, өз  мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды іріктеген кезде балалардың  белгілі  бір уақыт өлшемінде тиімді игере алмайтын материал санына шек  қоямыз. Ал  бірақ іс-әрекетін оның дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу және  шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді  танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сонан соң бала сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмтылады. Яғни, оқушы бір деңгейден екінші  деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса түседі. Оқу және шығармашылық  қабілеттің арасындағы байланыстарды ескеру өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек. Америка психологі  М.Корненің  пайымдауынша олар  былайша  тұжырымдалады:

1.    Бағдарлама  талабына  сәйкес  келмейтін  оқу  үрдісі;

2.    Оқу бағдарламасының әлсіздігінен туындап жатқан сабаққа деген салқын көзқарас және тәртіптің нашарлығы;

3.    Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен  ойындарды ғана ұнатады. Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс – қимылдары  қызықтыра қоймайды;

4.    Олар стандартты талаптарды қаьылдай білмейді. Өйткені, олар  қызғылықсыз болып  көрінеді;

5.    Өз шама – шарқын бағалай білмеу, өз кінәсін өзгеге аудара салуға  бейім  тұру;

6.    Алдына орындалмайтын мақсат қою, қиялға  берілушілік;

7.    Өзара  сенімсіздік;

8.    Өзіне сын  көзбен қарауды  ілмеушілік.

Қабілет, дағды, білім және икемділік арасындағы байланыс жай сөз еткенде осы байланыстың екі жағы туралы айтпасқа болмайды. Еңбек  психологиясында білімдарлық – қабілеттілікті анықтаудың бірден – бір  параметрі. Н.А.Менчинскаяның пайымдауынша білімді игеруге деген  қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып табылады. Білімділіктің қасиеттері  ретінде біз мыналарды негізге аламыз:

1.    ойлау қызметін жинақтап қорыту;

2.    іс-әрекет пен ойлаудың ұғынықтылығы;

3.    ойлау мен еңбектің икемділігі;

4.    ойлау мен еңбектің тұраұтылығы;

5.    ойлау мен еңбектің дербестігі.

Бұл білімдарлық оқушының мектепте оқу пәндерін барынша мол игеруге деген құлшынысы.

Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет  ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім беру жүйесі әрекетінің  мәні - сынып жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сондықтан мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуын, дамуына  көмектесуі, ол ақпарат көзі  емес ойлау әрекетін  ұйымдастырушы  болуы  тиіс.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып  отыр:  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас, басқаша  қарым-қатынас,  өзгеше  менталитет  пайда  болуда.

-        Білім беру  мазмұны жаңа  үрдістік  біліктермен,  ақпаратты  қабылдау  қабілеттерінің  дамуымен,  ғылымдағы  шығармашылық  және  нарық  жағдайындағы  білім  беру  бағдарламаларының  нақтылануымен  байи  түсуде;

-        ақпараттың  дәстүрлі  әдістері- ауызша  және  жазбаша, телефон және  радио байланыс- қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып  орын  беруде;

-        баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің  рухани баюына, азамат,  тұлға  ретінде  қалыптасуына  көңіл  бөлінуде;

-        мектеп, отбасы және  қоршаған әлеуметтік  ортаның  бала  тәрбиесіндегі  бірлігіне  ұмтылыс жасалуда.

Кіші  мектеп  жасындағы  баланың  еркін  шығармашылықпен  ойлауына,  оның  қабілеттерін  жан – жақты  дамытуға,  өз  күші  мен  мүмкіндігіне  деген  сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз  қажет. Бұл  проблеманы  шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері  мен  тұжырымдарын  басшылыққа  аламыз.  Сонда  ғана  бала  шығармашылығын  дамытудағы  еткен  еңбегіміз  өз  жемісін  бермек.

 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

1 И.П.Волков.  Педагогикалық ізденіс.  Алматы, 1989.

2 Қ.Жарықбаев.   Жантану  негіздері.     Алматы,  2002.

3 А.Тұрғынбаева.  Дамыта  оқыту  технологиялары.    Алматы,  2000.