Әлімова Құрманкүл
Айтуғанқызы
№ 260 орта мектебінің бастауыш сынып
оқытушысы
КАЗАХСТАН, Қызылорда облысы, Арал қаласы
ДАМЫТА
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ,
ӨЗІНДІК
ТАНЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Баланы оқу-тәрбие үрдісі
негізінде дамыту мәселесі – бұл көп
жылдар бойы көптеген ғалым
психологтардың,
педагогтардың, практик –
мұғалімдердің
пікірталас тудырып келген
және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей
жүрген мәселесі.
Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға
сүйенсек, баланың жалпы
дамуы негізгі үш
факторға сай жүзеге асады. Біріншісі –
биологиялық фактор, екіншісі -әлеуметтік орта
немесе қоршаған орта,
үшіншісі – тәрбие,
яғни
оқу-тәрбие
үрдісі.
Туғаннан дені
сау баланың белгілі
дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда әрбір
баланың
педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей
дәрежеде дамуы мүмкін емес.
Көптеген ғалым - педагогтардың, практик- мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек,
оқу-тәрбие
үрдісі негізінде дамыту
мәселесінде басты рольді
ең алдымен оқушының өз
бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ
қанша сапалы болсын
немесе
мұғалімнің
білімі, тәжірибелік шеберлігі
мол болсын, бірақ
бала тарапынан өзіндік белсенділік
әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Сол себепті, біз өз
кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке
бағыттайтын өз бетімен
жұмыс, оның түрлері, бала
дамуындағы орны сияқты мәселелер
төңірегінде
сөз етпекшіміз.
Қазіргі кезеңде
оқу жүйесін қайта құруға
бағытталған талпыныстарға
қарамастан, оқыту
процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту
қабілеттерін
ғана дамытып, біржақты ғана
жұмыс жасайды.
Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген
материалды қайталап айту
жағына
көңіл
бөліп, соны ғана
бағалайды.
Оқушының
дарындылығы,
шығармашылық
қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай
жағдайда
қоғам
сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық
қабілетті
дамытуға
бағытталған
оқыту әдістемелерін қарастырып, ғылыми
тұрғыда
зерттеп, жаппай практикаға енгізуді
қолға алу керек.
Оқу жүйесін қайта
құру
кезеңінде оқыту әдістемелеріне де
көңіл
бөліп, заман талабына
сайларын ғана қолдау көрсетіп
іріктеген жөн болар
еді. Етек жайған нарық заманында шығармашылық қабілеттері бар
оқушылардыанықтай
отырып оларды әрі
қарай
оқытудың
ғылыми
тұрғыдан
негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың
маңызы үлкен.
Оқыту жұмысының табысты
болуы, оқытудың озық
әдістерін
қолдануға
ғана байланысты болып
қоймай,
оқушылардың
шығармашылық
қабілеттерінің
әртүрлілігін
ескеруге де байланысты
болатындығы
ғылыми
тұрғыдан
дәлелденген.
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде
келешегімізді
ойласақ,
өмірдің
әр қырында жетекшілік
ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке
берілген қабілетті жастарды
іріктеп, олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған
жөн. Дарынды адамдарды
қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың шығармашылық
қызметіне
көмектесу
қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күнін, мамандығына
бағалы тауар есебінде
қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа
да халық шаруашылық мекемелерінен,
ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу
кезінде олардың ынтасы
мен
шығармашылық
қабілетіне, ойлап-
болжай білетіндігіне, т.с.с. жақтарына назар аударуды талап
етуде.
Қазіргі кезеңде оқу
жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту
процесінде
оқушыларға
дайын ақпаратты жеткізіп
беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді.
Бұндай
әдістемелер
арқылы оқушылар еске
сақтау, айту қабілеттерін ғана дамытып
біржақты ғана жұмыс
жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарды, дайын күйінде берілген
материалды қайталап айту
жағына
көңіл
бөліп, соны ғана
бағалайды.
Оқушының
дарындылығы,
шығармашылық
қабілеті
бағалаусыз қалады.
Оқушыларда жас
ерекшеліктеріне және психикалық даму
дәрежесіне
қарай
белсенділіктің
бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Абай “Он бесінші
қара сөзінде”
адамның ақыл-ой қабілеті туралы мынандай пікір айтады: “Ақылды кісі
мен ақылсыз кісінің, менің
білуімше, бір белгілі
парқын көрдім.
Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу
жұмыстары
балалардың
белсенділігін арттырады және
оқу мен ойлау
әрекетінің
тиімді
амал-тәсілдерін қалыптастырады, басқаша айтқанда,
оқу материалымен белсенді
түрде жұмыс істеуге
үйретеді. Мысалы:
материалдың негізгі ұғымдары мен
тұжырымдарын айыру, жаңа
материалды өткен материалмен
салыстыру, оларды белгілі
жерге келтіріп топтастыру және
қорытындылар жасау сияқты т.б. амалдарды қолдану.
Осындай амалдарды қолдану арқылы оқушы
материалдың
мазмұнын еркін меңгеріп, материалдық
баяндау тәртібін өзінше өзгертіп айтып беруге
шамасы келеді. Ал
материалмен ойдағыдай жұмыс
істей алмайтын оқушылар оның
мазмұнын тек басынан
бастап айтады да,
басқаша
өзгертіп айтуға қабілеті жетпейді.
Оқу
материалымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын білетін
оқушы оны тек
есте қалдыру үшін
жаттап алмайды, ол
өзінің белсенді ойлау
әрекеті арқылы материалдың негізгі
жақтарын айырып, оларды
белгілі жүйеде байланыстыра түсінуге
тырысады. Мұндай оқушылар кейбір екінші дәрежелі жақтарына
көңіл аудармай, оның
жетекші мүддесі мен заңдылықтарын ұғып алуға
күш жұмсайды және
басқа материалды
(мысалдарды, фактілерді) солармен
байланыстыра
қарастыратын болады. Оқушы
өзінің
ұққанын,
оқыған
материалдың ең маңызды жерлерін
қысқша жазып алады.
Схема, таблица, модельдер
сияқты
графикалық
жұмыстарды да пайдаланады. Оқу материалын терең
меңгеру үшін, теориялық материалдардан
нақтыға және керісінше,
нақтыдан
теориялық
материалдармен жұмыс істеуге
үйренеді.
Бұдан шығатын қорытынды:
оқущылардың
өздігінен жұмыс істеуге
және оның жемісті
болуы олардың ойлау
әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты
екендігі.
Оқушылардың
өздігінен
оқуына дұрыс басшылық ету үшін олардың ойлау
әрекетіндегі дара айырмашылықтары болатындығын ескерген жөн.Балалардың
ойлау қабілетін дамытуда
салыстыру амалының ролі
өте зор. К.Д,Ушинский “Салыстыру – түсінудің, ойлаудың
негізі. Дүниеде барлық болып жатқан құбылыстарды салыстыру
арқылы ғана білеміз,
егер біз еш
нәрсемен салыстыруға болмайтын
бір жаңа зат
кездессе, біз бұл
зат туралы бірде-бір
пікір, бір ауыз
сөз де айта
алмаған болар едік” -
деді.
Сондықтан оқушыларға салыстыру
амалын дұрыс қолдануды үйрету керек.
Мынадай тапсырмаларды орындату
пайдалы:
1.Салыстырудың мақсатын анықтау.
2.Нәрселерді қандай белгілері бойынша салыстыруға болады?
3.Салыстыру арқылы байқағандарына
қорытынды жасау.
Оқушылардың есеп
шығарғанда
анализ бен синтез
амалдарын қолдануда да
мынадай
айырмашылықтар байқалған: оқушылардың бір
тобы – анализ бен синтезді
мүлдем қолдана алмаған, екінші тобы –
ойдағыдай қолданса, үшінші тобы – шала,
толық дәрежеде қолдана алмаған.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау
қабілетін дамыту және
оқуға деген ынтасын
қалыптастыру.
Бала белсенділігінің ең
алғашқы
формасының бірі-
қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл
адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің
мазмұны өзгеріп отырады.
Мектеп жасына дейінгі
балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді,
оларға еліктейді.
Мектеп жасындағы
балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында
балалар түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар
мен заңдылықтарды
терең түсінуге, алған теориялық білімдерін
практикада еркін қолдана білуге
үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық
іздену қабілетіне, мұғалімнің
теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Бастауыш сынып
оқушыларының санасының қалыптасуына байланысты тәрбиелеу белсенділігі кезінде
мұғалімнің, ата-ананың ықпалы күшті болады. Бала даму барысында өзін-өзі
жетілдіру мақсатын көздеп, талаптанып, әр түрлі әрекет жасайды. Баланың
мұндай талаптанушылығын қосып, тәрбиеші үнемі
оған көмек беріп,
бағыт беріп отыруы қажет. Оқушыны мұғалімдер
түрлі тапсырмалар сия беретін
әшейін бос
қуыс нәрсе деп қарамай, оқушы - өсуші, дамушы организм, ол шамшырақ, оның тұталып жарық беруі мұғалімнің тікелей басшылығымен ұйымдастырылатын өзін-өзі
тәрбиелеу ісіне байланысты. Демек, бала
тәрбиенің
әрі объектісі, әрі
субъектісі болуы тиіс.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы
оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды
ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап,
жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ
тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ж.Б.Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы,
2002
2. И.П.Волков. Педагогикалық ізденіс.
Алматы, 1989.
3. А.Тұрғынбаева. Дамыта
оқыту технологиялары. Алматы,
2000.