Қарағанды қаласы, №101 мектеп лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Орынбаева Алтынай
Орынбаева Гүлжан Абдакаримовна
Қазіргі
заманғы оқыту технологиялары: педагогикалық және
психологиялық ілімдер
Адам баласы ой-санасының, дүние
танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады.
Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі –
оқытудың жаңа технологиялары ғылымы.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымның бір саласы
ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді.
Оқытудың жаңа технологиялары - тарихи жағынан
дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан,
белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. «Жаңа
оқыту технологиялары» пәнініңзерттейтін обьектісі,
мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар.
Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу
үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы
мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету
керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.
«Педагогикалық технология – оқыту,
тәрбиелеу және дамыту шарттарының міндетті жиынтығын
тудырушы, білім берудің біртұтас концептуалды негізі,
мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріккен
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара
байланыстағы тәсілдері, формалары мен әдістерінің
жүйесі».
Педагогикалық технологияның құрылымын
Г.К.Селевко былай түсіндіреді:
А) Концептуалды негіз;
Б) оқытудың мазмұндық
бөлігі:
- оқытудың жалпы және нақты
мақсаттары;
- оқу материалының мазмұны;
В) Үдерістік бөлімі – технологиялық
үдеріс:
- оқу үдерісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу әрекетінің
әдістері мен түрлері;
- оқытушы жұмысының әдістері мен
түрлері; - оқытушының материалды меңгерту
үдерісін басқару әрекеті;
- оқу үдерісінің диагностикасы.
Сондай-ақ оқытудың жаңа
технологиялары – тиімді әдіс-тәсілдер мен амалдарды,
оқушыға білім берудің, оны меңгертудің жолдарын
үйрететін ғылым. Мұғалім теориялық білім беру
арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға
көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз
патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім,
тәрбие беру жаңа технологиялар арқылы оқыту кезінде
іске аспақ. Сонымен бірге технология мұғалімді
педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана
қоймайды, пәнді тиімді оқыта отырып, өзінің
мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни,
ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен сыналған
ең тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін
оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып
келгенде, технология мұғалімнің творчестволық
тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге,
сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге
көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологияның
дәстүрлі әдістемеден басты айырмашылығы - оның
оқыту объектісін меңгертуде педагогикалық
үдерістің тұтастығын көздеуі. Қазіргі уақыттағы
жаңа оқыту технологияларының, жаңаша білім беру
үдерістерінің аса қарқынды дамуы дидактикадағы
оқыту мазмұны деген компоненттің дұрыс шешілуіне
көп байланысты.
Оқыту технологиялары бір-бірімен тығыз
байланыста болуы, жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек.
Әр технологияның өзіндік ерекшелігі болады. Егер
проблемалық технологиялардың міндеттері мен диалогтық
формалары эвристикалық тәсілдер арқылы жүзеге асса,
ақпараттық технологияларда танымдық-логикалық
тәсілдер басты орын алады. Ал түсіндірмелі көрнекілік
технологиялар оқыту технологиясына жатады, оның негізгі сипаты
тыңдаушыларға ғылыми факторлар мен заңдылықтарды
үйрету болып табылады.
Оқытуда педагогикалық технологияларды
қолдану оқушылардың ойлау-танымдық және
сөйлесім әрекеті еркіндігін қамтамасыз етеді. «Қазақ
тілінен әдістемелік технология – білім берудің тиімдірек формаларын
іздеу, табу, олардың өзара әсерлерін есепке ала отырып,
оқыту, білім игеруді жоспарлау, соны жүзеге асырудың
және бағалаудың жүйесін құрайды».
Қазақ тілін үйрету үдерісіне жаңа технологияларды
енгізу көптеген андрагогикалық, акмеологиялық,
аксиологиялық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол
дидактикалық және психологиялық ұстанымдарды
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Атап айтар болсақ, тіл
үйренушінің оқу-танымдық уәждемесін арттыруға,
оқу материалын логикалық тұрғыдан сезінуге,
жүйелілікке, көрнекілікке, жеке, топпен және өздік
жұмыстар істеуіне ықпал етеді.
Қазіргі
заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және
психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы,
тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып
табылады. Оқу үдерісін технологияландыру басқа ақыл-ой
талабына ғана негізделген рационалистік немесе технократтық деп
аталатын дидактикалық парадигмамен әдіснамалық
байланыстаПедагогикалық технологияның ерекшелігін
педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау
үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі
мен оның жекелеген компоненттерін жасаумен шектелмейтінін ескеру
қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
2 Б.Р.Аймамбетова «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжирбиелері»
Алматы 1991.
3«Бастауыш
мектеп» журналы.