Мағжан танудың кейбір қырлары
Тоқсанбаева Дидар
Қазақ
инновациялық гуманитарлық-заң
университетінің І курс студенті.Семей қаласы
Аннотация
Бұл мақалада
жаһұт жырларымен халқының мұңын
мұңдап, жоғын жоқтаған, нәзік сезім
махаббатты өз поэзиясында әдемі етіп өре білген
жарқырап жанып, күнге ғана бағынатын Мағжан
Жұмабаевты танудағы кейбір қырлары баяндалған.
Ақын шығармаларын зерттеген ғалымдардың
еңбектерінен мысалдар алынып, талдау жасалған. Мақала мектеп
мұғалімдеріне, қазақ тілі мен әдебиетінде
оқитын студенттерге, оқытушыларға арналады.
Резюме
В этой статье повествуется о некоторых качествах
М.Жумабаева который подчиняется только светящемуся яркому солнцу, красиво и
трепетно передающему нежные чувства любви в своей поэзии и в своих драгоценных
произведениях передающему всю горесть народа.Взяты примеры из работ ученых
которые исследовали произведения поэта, сделан анализ. Статья предоставлена
учителям школ, студентам учащимся на казахском языке и литературе, учителям.
Қара жердің бетінде өмір сүріп жатқан
кез-келген халықтың жүріп өткен жолының
сүрлеу-соқпағына зер салсаңыз, өнердің
басқа түрімен салыстырғанда, сөз құдіретіне
ерекше мән беріліп, сөз киесінің айрықша
бағаланып келгенін аңғарарыңыз анық.
Ғасырдан-ғасырға үздіксіз жалғасқан
бұл үрдіс адамгершілік жөніндегі ұлы
ұғымдарды туғызғандығы белгілі. Кез-келген
халықтың ұлттық болмысы ең әуелі сөз
өнері арқылы танылады. Сөздің салмағы арзандаса,
ұлттың басынан бағы тайғаны. Сөз өнерінің
киесі Құдайдың назары түскен адамға ғана
қонатындықтан, талантқа шынайы құрмет
көрсете алатын халық қана, ұлы әдебиет
туғыза алары хақ.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,
жаһұт жырларымен халқының мұңын
мұңдап, жоғын жоқтаған, нәзік сезім
махаббатты өз поэзиясында әдемі етіп өре білген
жарқырап жанып, күнге ғана бағынатын сол жарық
күннен туған Мағжан Жұмабаевтың төл
әдебиетімізде алатын орны ерекше.
1893
жылдың жазында дүниеге келген ақынның ауылда тіл
сындырып, хан танығаны белгілі- ақ. Атасы – Жұмабай
қажы мен әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам
болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжанның
төрт жасынан бастап хат тануы осы тұлғалардың
арқасы деп те білуіміз қажет.
Міржақыптай
ұстаздан тәрбие алған бала Мағжанның түрлі
медреседен білім алып, небәрі 18 жасында «Айқап» журналында
өлеңдерінің жарық көруі ақынның
білімділігі мен болашағының зор екендігін көрсетсе керек.
Дәл осы жылы «Шын сорлы» деген сюжетке құрылған
шығармасында қазақ қызының басынан өткен
қайғылы оқиғасын сөз еткені ақынның
халық тұрмысына бейжай қарамайтынының дәлелі.
1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» жинағы басылып
шығып, Қазан университетінің профессоры, жасырын цензор,
жандарм тыңшысы, нәсілі хакас, түрі қазаққа
ұқсас, өзі қазақша шамалы болса да білетін
Н.Катанов осы жинақтағы бірнеше өлеңді жолма-жол
орысшаға аударып, Петербургке, Ішкі істер министрлігінің
баспасөз басқармасына жібереді. Үкіметке қарсы насихат
жасады, деген айыппен Мағжандай арыстың соңынан
жандармдық бақылау қойылады. Шын мәнінде Кеңес
тұсында Мағжанның қуғын көруінің
бастауы осында жатыр деп білуіміз қажет. Патшалық орыс
үкіметінің мұрагері Кеңестік орыс өкіметі,
оның жалдаптары қазақ коммунистері Мағжанға
орысқа қарсы деген айып таққаны әрине қиын.
Мағжан орысқа да, неміске де, ешкімге қарсы болған
емес.Ол қазақтың жоғын жоқтады, сол үшін
айыпты болды. Өз жұртының қиын күндеріне
күңіренген ақынға жазықсыз жаланың жабылуын
әділетсіздік деп білеміз.
Кеңес өкіметінің
жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ
әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған
тұлғалардың бірі болған Мағжанның есімі де,
маржан жырлары да идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат
өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын
көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де,
жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер
ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешіргені
айтпаса да түсінікті.
Қазіргі кезде Мағжанды тану
бағыты бойынша біраз жұмыстар жасалып, мәліметтер дені де
көбейіп келеді. Мағжанның
өмірі мен шығармашылығы жөнінде түрлі
диссертациялар қорғалып, ғылыми жұмыстар өз
бағасын алуда. Ал ертедегі
зерттеулерден ше?
Мысалы, Жүсіпбек
Аймауытовтың «Мағжанның
ақындығы туралы» баяндамасын көпшілік қауым
ақынның шығармашылық лабораториясын зерделеген
дүние деп қана бағалап жүр. Расында, ол мүлде
олай емес. Жүсіпбек Аймауытов бұл мақаланы
Мағжанның басын арашалап, ақынның өмірін
бір-ақ сәтте шешетін тоғыз грамм қорғасыннан
құтқарып қалу үшін жазды. Мағжан
өлеңдерін егжей-тегжейін зерттеп, сөз
қозғаған мақаладан әдебиеттегі әділеттілік
үшін Аллаға жанын беруге де әзір жазушының ар
алдындағы адалдығы айдарланып тұр.
«Мағжанды тексергендегі тағы бір
қиыншылық мынау. Қандай өнерпазды, ақынды,
данышпанды болсын өз заманының сыншылары әділ көзбен
қарап, баға беру шындық. Заман сыншыларының бүйрегі
не олай, не бұлай бұрып кетпей тұрмайды. Талай
таланттардың талай жақсылардың қадірін жұрт
өлген соң біледі...,- дейді мақала авторы.
Замандастарына әділ болудың қиын екенін
айтқан Жүсіпбек сыншылдардың көбін не ақынды
жақтаушылар, не жамандаушылар, не бықсыған күншілдер,
не сол ақынды ат қылып мініп алып, әбүйір-атақ
іздеп, көзге түсем деушілердің болуын мүмкін деп
есептейді. Мағжанның өлеңдерін аса құнттап
бұлдап жарыққа шығаратын Мағжаншылдардың,
іске алғысыз қылып өртеп жіберу керек дейтіндердің бар
екенін айтып, қысқасы Мағжанның қасы да, досы да
барлығын білдіріп, мақтаушылар нені біліп мақтап,
жамандаушылар нені біліп жамандап жүргендігін ескертеді.
Жүсіпбектің айтуы бойынша біз шамамыз келгенше Мағжанға
сын көзімен қарап, сын дегенде ғылымның жолын
тұтынуымыз керек-ті. Мәдениетті жұрттар жазушыларын, ақындарын
қай жолмен тексеріп сынаса, біз де сол жолды қолдануымыз керектігін
айтады. Мағжанның ақын екендігін, не ақын еместігін
білу, талқылау туралы сұрақ қоюда мағына
жоқ екендігі белгілі. Расымен де оны ақын емес деп таласушы бола
қоймас, тек жалғыз-ақ ақындық күші
қандай деген сұрақ қою керектігі жөн
сияқты.
Жүсіпбек жыр сүлейі Мағжанның
ақындығын қорғаған адамның
күндердің – күнінде «халық жауы» аталарын сезбеді емес,
сезді. Білмеді емес, білді. Жүсіпбек Аймауытовты «пантюркист» аталып
жүрген Мағжанның ақындығын дәлелдеп
көлемі кішігірім бір кітаптай мақала жазуға итермелеген
бір-ақ себеп бар. Ол – ар-ожданға деген адалдық. Міне, сондықтан да ол өз
мақаласында Мағжан сөзіндей үлбіреген нәзік
әуездің қазақтың бұрынғы
ақындарында болмағанын айтып, оның өлеңдерінің
сыршылдық және суреткерлік шеберлігін жеріне жеткізіп, терең
талдады. Елін, жерін емірене сүйіп, емешегі үзіліп тұратын
ақынның ұлтшылдық қасиетіне ерекше
тоқталды. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын
құрғақ өлеңдердің Мағжан
поэзиясында атымен кездеспейтінін дәлелдеді. Суреткерлік шеберлігі
жағынан Мағжанды Пушкинге теңеуге болатынын батыл жазды.
Ар-ождан өлшемінен аттап кете алмаған Жүсіпбек Аймауытов
Мағжанның ақындығын қорғау үшін барын
салды. Сол үшін ол да Мағжандармен бірге, тіпті одан бұрын
атылып кетті. Әдебиет ар-ожданын жоғалтса, ұлттың
күні қараң, келешегі көмескі болатынын Аймауытов
жақсы түсінгенін біз де түсінеміз.
Әбділдә Тәжібаев
өзінің біраз мақалаларын Мағжанның әлемін
тануға арнаған. Мағжан жазған «Батыр Баян» поэмасы
Абылай ханмен оның батыр билерін дәріптеуге арналғанын
ақын баса айтады. Әбділдә өз зерттеулерінде Кенесары,
Науандар, Қойлыбай сияқты бақсылар Мағжанның
сүйікті геройлары екенін айтып, Мағжанның орыс
халқының озық ойы мен өнерін барынша
құбыжық етіп көрсетуге тырысқанын айтады.
Оның Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Белинский, Чернышевский, Добролюбовтар
таратқан демократтық ұлы идеялардан аулақ
болғандығын да ескертеді. Қаршадайынан орысша оқып,
орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жетіккен Мағжан
қазақ поэзиясына сол балғын шағында ерекше аса талантты
болмысымен келгендігі белгілі. Екі ананы тел емген Мағжан
қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана
отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп
еткендігі де жалған емес-ті. Пушкин, Лермонтовтан бастап бүкіл орыс
поэзиясын игерген, орыс тілі арқылы әлем поэзиясымен еркін тыныс
алған, жасы жиырмадан жаңа ғана асқан жалынды
Мағжан ақынның шығармашылығы жоғары
дәрежеде екендігін көрсетеді. Мағжан бұл
дәрежедегі жаңа жырларымен ХХ ғасырдың бас кезіндегі
символистер деп аталған орыс поэзиясын жаңа биікке көтерген
Мережковский, Андрей Белый, Бальмонттармен және ХХ ғасырдағы
француз ақындарымен тең түсіп, ортақ
тақырыптарға жарыса қосылып жырлап жатады.
Ал Мағжанның лирикасы ше?...
Иә, азаматтық лирикаға жататын күшті жырлар
Мағжанда өте мол. Оларының көбі тек қана
поэтикалық асқынған сөздерге ғана құрылмай,
ақынның ішкі мұңы мен ашу-кегіне табиғи
байланысып отыратын бояулы әуенді өлеңдер: «Мен кім?», «Мен
жастарға сенемін», «Айда атыңды Сәрсенбай», «М.Д.
абақтыдан шыққанда, «Өткен күн» сияқты
өлеңдер өзіне бір төбе. Барынша қуатты, жігерлі
жазылған «Орал», «Орал тауы», «Түркістан» сияқты
өлеңдер де осы циклға жатады. Мағжан жүрегіндегі
халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Ол езгі
көрген, қорғансыздыққа ұшыраған
күйзелу үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы
жанның ыңыранған ауыр күйін суреттесе де, халықты
бейшаралыққа айналдырмайды. Ол
жырлаған халық тағдырына қол қусырған,
жерге ғана үңілген, аяғының астынан арғыны
көрмейтін, титығы жеткен мүсәпір халық емес.
Мағжан поэзиясында үнемі ой үстіндегі, қимыл
үстінде көрінетін халық бар. Кең даладағы шапқан ат, ат құлағында
ойнаған асаумен алысқан сағыныштарын ән-күймен
түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын,
көл-дариясын сүйетін халық бар. Адам мен жер – Мағжан
поэзиясының ең күшті халықтық рухы.
Мағжанның махаббатқа арналған жырларынан
шын махаббат лебін сезу, сұлулық сымбатымен, келісімдер күйін
танимыз. Махаббат лирикасының барлығы дерлік тұнып
тұрған идеал. Махаббатты
өткінші сезім емес, керісінше өмірлік сезімге теңейді.
Мағжан жастық қуаты
мен жігерін лапылдап тұрған сезімін, жандырып жіберердей лебін
ынтыға үзіліп тұрған махаббатын өз поэзиясында
әсерлі жеткізе білген.
Ал, махаббатты әлеуметтік
міндеттермен қатар қоюды күнә көрген басқа
ақындар жастық сезімді бұқтырып, ықтырып
ұстауға тырысқан. Демек қайта тірілген Мағжанмен
бірге сол ақындардың да балғын сезімді бар дауыспен
дәріптелген, барлық құмарлық жалынымен
жырланған. Мағжанның бұл саладағы бірінен-бірі
асатын жалынды өлеңдері біздің бүгінгі поэзиямызды
жаңғыртатын, оның жүрегін ерекше соқтыратын
жаңалық. Бұл жаңалық поэзиямыздың
оқырман достарын бұрынғыдан әлдеқайда
қанаттандырады. Мағжан Жұмабаевтың адамның
жастық сезіміне жақын ақын екені әр өлеңінен-ақ
танымалы. Әсіресе, оның махаббат өлеңдері жас
оқырман үшін үлкен бір бақыттай сезіледі.
Жұмабайұлы – философ ақын. Ақынның
философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде
жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік
тәрізді қарама-қайшылықты философиялық
ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол
дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол
ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде
суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат
адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған
бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан
ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді.
Құбылыстың мәнін кең көлемде,
жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен,
ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі,
әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады,
табиғаттың өз заңына ғана бағынатын
құбылыстардың ішкі құпия астарын
ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша
ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде
бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не
дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы
мен бір ақын”). Ақын “Қорқыт” поэмасында
философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен
өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы
түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір
жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір
ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
Мағжанның қай өлеңі болса
да қазақ əдебиетінің тарихынан қалайда
сыбағалы орын алуы талассыз хақиқат екендігін
әдебиеттің өкілдері айтады. Мағжанның
барлық өмірі- поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік,
қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға
ақындық үн қосып отырады. Мағжан
өлеңдері негізінен халқының, ел-жұртының
тағдырына бағышталған. Мағжан – лирик ақын,
сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты
жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен
өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге
бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан.
Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян»,
«Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған.
«Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас
перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең
өрнегіне шынайлықпен
түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек
перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «Алашым» деп
еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты
көкжал батырға арналған.
Мағжан- сыршыл ақын. Мағжан
сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін
үлбіреген нәзік әуез қазақтың
бұрынғы ақындарында болған емес. Ол
жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас
пен қаны аралас шыққан тәтті у себеді. Мағжан не
жазса да сырлы, көркем жазады. Қалай дегенде де, Мағжан
өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік
қолтаңбасы бар ақын.
Мағжан – көрнекті жазушы, ақын,
публицист, қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік
сезімі, осыдан келіп шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы
кезеңіндегі үндеулер Мағжан шығармаларына ғана
тән. Мағжан қазақ поэзиясында орны бөлек
ақын. Ол халқының тарихын терең біліп, жанымен
жырлаған.
Сыршыл ақынның шығармашылығынан
сусындап, өмірі мен өнерін тағы бір еске алған
әдебиет сүйер қауым тағы бір рухани серпіліп
қалды деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Елеукенов Ш. Мағжанның әдеби-эстетикалық
көзқарастары
//
Жұлдыз, 1992, №6
2. Майтанов Б. Мағжан
Жұмабаевтың поэтикасы. - Алматы. Қазақ
университеті.2001
3. Тілешов Е. Мағжан
Жұмабаев поэзиясындағы романтизм. Алматы, 1997
4. Жұмабаев М.
Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989