Филологические науки
Қазанбаева Айнагүл
Зікірқызы, (фил.ғыл.канд,
доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан)
Қалыбекқызы Гүлнұр (магистрант), Қазақстан
ҚАРУ-ЖАРАҚ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОЛЕКСИКА
Мақалада
қару-жарақ атаулары, олардың танымдық сипаты,
батырлар жырындағы қолданысы туралы қарастырылған. Тіліміздегі қару-жарақ атаулары
лексикалық байлықты жан-жақты қамтитыны сөз
етілген. Қару-жарақ атаулары заттық,рухани
мәдениеттің негізі болып табылатындығы айтылып, мысалдармен
берілген.
Бірнеше
дәуірдің тарихы адамзат баласының болашақ үшін
қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық т.б.
күресі, рухани жаңғырулары сан ғасыр өтсе де,
ұрпақтан ұрпаққа
сол этностың тілінде сақталуы арқылы жетеді.
Соның арқасында ұрпақ ана тілдің
өміршеңдік қызметінің қуаты мен
құдіреті негізінде ұлтымыздың көне тарихы мен
мәдениетін дұрыс танып-білуге бастау алады. Осы бастаулар
көзі кешенді тіл ғылымының көкжиегінде
ұлттық мәдениеттің көзі ретінде
тағлымдық мәні зор ұлттық тілдің өн
бойынан табылады.
Осыған
байланысты тіл табиғатының құпиясы ғылымның
басқа салаларымен (психология, антропология, мәдениеттану,
мифология т.б.) тығыз қарым-қатынастың
нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені кез келген
ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің
өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның
түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан дәуірдегі
жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде
тұрмысына орнықтырған мәдениетімен,
күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен
тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да ұлттық
тілді халықтың мәдениетімен, жан ілімімен, ой танымымен,
тарихымен біріктіре қарау мәселесі бүгінгі таңда
өзекті мәселенің бірі [1,19].
Қару-жарақ
атаулары олардың қолданысы батыр ұғымымен тікелей
байланысты болып келеді. Батыр – бұзылған жағдайды
қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп,
әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай
дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің
басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес жеңіспен
аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты
жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты
әділдік жеңу – батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең
айырықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы.
Жеңіске жету – сол жақсылық атаулының көрінісі.
Қазақтың
қару-жарағына қатысты этнолексикада қарастырылатын
мәселелер баршылық. Қазақтың дәстүрлі
қару-жарағы осы уақытқа дейін этнография
ғылымының тікелей зерттеу обьектісі болған емес, ал тарих
және әскери тарих ғылымында қару-жарақ
әскери істің бір бөлігі ретінде ғана
қарастырылатындықтан ол генезистік, морфологиялық,
семантикалық тұрғыдан кешенді зерттелмеді. Этностың
дәстүрлі мәдениетіндегі қару-жарақтың
алатын орны мен мәні, оның қызметі жайында осы уақытқа
дейін ғылыми зерттеулерде арнайы қарастырылмай келеді [2,25].
Батырлар
жырларында көбіне мынандай қару-жарақ атаулары
кездеседі: ақберен, алмас,
бес қару, найза, қылыш, көк сүңгі, ақ
сүңгі, көк балдақ, шарайна, кездік.
Мысалы,
«Қобыланды батыр жырында»:
Үстіне сауыт кигізді,
Жанына байлап
болатты,
Беліне садақ ілгізді.
Қолына алып
толғанып,
Қозы
жауырын жебені
Ат үстінен
ширеніп,
Сонда тұрып
тартады.
Қарағай найза саптатты,
Алмас қылыш соқтырып,
Күміспен
қынап шақтатты.
Беліне семсер іледі
Ақ сауытын
бөктеріп,
Ноғай
бөркін киеді.
Қылышпенен өлтірсем,
Қиқаладың
дерсің сен
Найзаменен өлтірсем,
Миқаладың
дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем,
Қапыл
қалдым дерсің сен,
Мылтықпенен мен атсам
Жазым қалдым
дерсің сен.
Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі
Қанжар
қалды қайысып,
Семсер қалды
майысып.
Ақ семсерді қолға алып,
Көк найзаны толғанып [3,59].
деген үзіндіде батыр
қолданатын барлық
қару-жарақтар суреттелген.
Байырғы
көшпелілердің орта қашықтықта
ұрыс жүргізгенде қолданылатын түйреу
қаруының бірінші түрі – найза болса, екінші түрі – сауытты әскерге
қарсы қолданылатын қару осы сүңгі болған. Мысалы:
Қорамса
жоқ белінде,
Ақ сүңгі жоқ қолында,
Алты
құлаш алмасты,
Беліне тартып буады.
Сауытсыз
тидің шарайна,
Жебені қолға алмадың.
Будың алмас беліңнен
Жалғыз
кеттің елінен.
Найза менен жебең жоқ,
Өзің де
жас баласың
Қолындағы ақ найза,
Жарқылдайды жебесі,
Садақтың бауы сыртылдап,
Сарт-сарт етіп
соғады
Жанындағы ақ берен.
Кемітіп сөз
айтқаны,
Мылтықпенен атқаны
Жүрегіме
найзадай
Әр
сөзінің батқаны
(Айсаның
ұлы Ахмет) [4,142].
Еуразиялық
көшпелі халықтарда қорғаныс жарағының
негізгі түрлерінің қалыптасуы да б.з.д. І
мыңжылдықтың ортасынан басталады. Көшпелі
сауыттарының бірінші түрі – төртбұрышты ірі металл
тақталарды теріге, мата, матаға шегемен қатарлап бекіту
арқылы жасалған берен сауыт.
Ертеде көшпелі жауынгерлер сауыттың шарайна деп
аталатын қосымша жарақ түрін киген. Көшпелі
халықтар қолданған шарайнаның екі типі бар.
Шарайнаның бірінші типі төрт дөңгелек тақталарды
қайысбаумен жалғап жасалған. Бұл шарайна типі
алғаш рет түркі заманында пайда болып, Х-ХII ғасырларда
қыпшақтарда кең қолданыста болған.
Шарайнаның екінші типі – белді қорғайтын үлкен
төртбұрышты болат тақтадан құралған белдік
шарайна. Бұл шарайна типі түркі халықтарында ХY ғасырда
кең қолданысқа т еніп, XYIII-XIX ғасырға дейін
жетті [5,12].
Батырлардың
қарулануын білдіретін «бес қаруын асынды», «бес қаруы
бойында», «бес қаруын сайланған» деген сөз тіркестері тек осы
жырларда ғана емес, тілімізде, ауыз әдебиетімізде жиі
қолданылады. Соғысқа қатысты «ер қаруы» деген
сөз тіркесі халықтық әскери термин ретінде, жай
қару емес, соғыс қаруы, жауынгердің соғыста
қолданатын жеке қаруы (қылыш, айбалта, найза, т.б.) деген
ұғымды білдіреді. Көшпелі халықтарда қару
түрінің қолдануын зерттеу «ер қаруына» мынадай басты
ерекшеліктерге сай келетін: а) өзіндік жұмсау тәсілі бар,
ә)жауынгерлер ғана ұстайтын, б)соғысқа ғана
қолданатын, в) жауынгерлік жекпе-жек сайысын өткізуге болатынын
көрсетеді. Батырдың негізгі бес қаруы – ату
қаруы (садақ, оқ); түйреу қаруы (найза,
сүңгі); кесу қаруы (қылыш, семсер, сапы); соғу
қаруы (шоқпар, гүрзі) және шабу қаруы (балта,
айбалта, шақан). Қазақтың «ер қаруы – бес
қару» сөздерінің астарында, көшпелі халықтарда
ертеден қалыптасқан, жауынгерлік қаруды классификациялаудың
осы өзіндік жүйесі жатқандығын байқауға
болады [6,95].
Қазіргі
таңда сөзді философия, мәдениет, таным тұрғысынан
қарастырылуы қажет деген пікірлер айтылып жүр, бұл
мәселе қолға алынып зерттелуде. Қорыта
келгенде, қазіргі таңда ұлттың қай сөздері
болмасын, сол ұлттың ұлттық болмысын, танымын,
мәдениетін, шаруашылығын, өнерін танытадығын байқаймыз. Қару-жарақ
атаулары ұлттық мәдениеттің айырықша
қолданысы болып табылады. Халық түсінігінде
қару-жарақ атаулары тек соғыс туралы ғана емес, олардың
тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын
көрсететін материялдық мәдениеттің негізі болып
табылатын этномәдени лексика.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Қырымның
қырық батыры. – Алматы: Арыс, 2005.
2. Қобланды
– батыр. Казахский геройческий эпос. – М. Наука,1975.
3. Қайырбаева Қ.Т.
Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың
символдық мәні //
Автореферат. – Алматы, 2004
4. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі: Он томдық. Т2: Б-Г. –
Алматы: Ғылым,
1976.
5. Исқақов
А. Халық календары. – Алматы: «Қазақстан», 1980.
6. Ахметжан
Қ.С. Қазақтың дәстүрлі
қару-жарағы: даму тарихы, құрылымы, этномәдени
қызметі // Автореферат. – Алматы,
2003.