Амантаева Д.С.

Орал қаласы

№30 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Aibosha@mail.ru

Ш. УАЛИХАНОВ «АБЫЛАЙ»

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Оқушылардың  Абылай  хан  туралы  білетіндерін  жаңа мағлұматтармен  кеңейте  түсіп, тарихи әңгімені           түсініп оқуға дағдыландыру.

                                      ә) Дамытушылығы: Оқушының  білімге қызығушылығын арттыру. Өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой-өрісін , шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

                                      б) Тәрбиелігі: Әңгіме арқылы балалардың  тарихи  мұраларды  құрметтей білуге, жақсылыққа жақын болуға                                     тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың  әдісі:  Ой қозғау,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.

                                     Сабақтың жоспары:

1. Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ.

4. Ой қозғау.

  -мәтінмен жұмыс.

  -сөздікпен жұмыс (түртіп алу жүйесі INSERT)

  -оқулықпен жұмыс.

  -дәптермен жұмыс.

5. Ой толғаныс.

   -Венн диаграмасы

   -бес жолды өлең.

6. Сабақты қорытындылау.

7. Үйге тапсырма.

8. Оқушыларды бағалау.

                                          Сабақтың барысы:

1. Психалогиялық  дайындық.

Оқушылардын назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  -Балалар үйге қандай тапсырма берілді.

  -М.Жұмабаев кім? Оның қандай шығармаларын білесің?

"Өткен күн" өлеңін мәнерлеп оқып, түсінгендерін айту.Өзен көлдерді 

картадан көрсету.

Тарихи шежірелерден  билердің  шешендік сөздерінен  көрініс.

3. Ой ашар.

 Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі.

4. Топтастыру стратегиясы.

  -Балалар, Ш. Уалиханов кім?

 

                                             

                                                                                  

                                 

 


                                                                           

 

 

(шын  аты  Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы. Олай болса оқулықтағы   68-бетті аша қойыңыздар. Ш.Уалихановтың "Абылай" әңгімесін оқып танысамыз.

4. Ой қозғау. Абылай (Әбілмансұр) хан (1711 - 1781) Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «Ақтабан Шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар. Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда Абылай 20 жасында қан майданында ерлігімен танылған. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілеріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып Абылай атанады.

Абылай қаһарлы хан болумен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол « Ақ толқын», «Ала байрақ», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қаражорға», «Сары бура», «Шаңды жорық» т. б күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақ сарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелден 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді.

          Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың  жалпы  Абылай  туралы  ойларын  біліп алу  қажет.

А) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. Мәтіннің мазмұнымен

оқушыларды слайд жүйесі арқылы  таныстыру.

Ә) Сөздікпен  жұмыс. Түртіп алу  жүйесі.

Тауқымет- ауыртпалық, бейнет, азап.

Қонтайшы-Жоңғар ханы.

        Ақ киізге көтеру- бұрын халық хан сайлағанда ақ киізге көтеріп,соннан кейін таққа отырғызған.

        Тәбәрік-бір-бір жапырақтан  жыртып алған жыртыс.(Ұлттық ырым)

Абылайдың балалық шағы мен ұстанған саясаты жөнінде қысқаша мағлұматты тарих пәнінің мұғалімі Журасова  Б.Ш таныстырды.

(тірек сызба арқылы Абылайдың  өмірін балаларға жүйелі түрде баяндайды)

  В) Дәптермен жұмыс.

Дәптермен деңгейлік тапсырма берілді.

 І деңгей (міндетті деңгей) 

      Абылайдың өмірі, билік басына келуі.

ІІ мүмкіндік деңгей 

Абылайды неліктен «аруақты» деп атайды?

 

5. Ой толғаныс                      

     Бес жолды өлен жазу,

1. Кім?

2. Қандай?

3. Не істеді?

4. Кім үшін ?

5. Жалпы ойды түйіндеу

6. Сабақты  бекіту.

 

Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратып беру. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау. 

 

7. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұндау. Абылай туралы  реферат жазу.

8. Бағалау, мадақтау

9. Қорытынды