Қарағанды
қаласы, ЖББ №4
негізгі орта мектептің
физика пәні
мұғалімі
Накипбекова Жанаргүл Амантаевна
Физиканы оқытудың дәстүрлі
әдістемемен бірге, ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақстан
Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім
беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның
бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың
жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық
желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін,
нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа
жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке
тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық
технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және
жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар
күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі
түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға
бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату –
бүгінгі күннің басты талабы.
Жаңа заман мұғалімі «дайын»
білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс -
әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола
білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең
мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа
жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы
қажет.
Білім беру үрдісінде оқытушы
жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:оқушының мәселелерді шешуге баулу; бір
ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі
әдістерді қолдана білуге үйрету; берер білімнің - ғылымилығын
арттыру; алған білімін өмір ағымында қолдана білуге
үйрету; оқушысының ой белсенділігін дамыту.
Физика сабағында ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың
ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты
баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік
беретіндігі туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық
құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн
қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң
бiрiне айналып отыр.
Сабақ барысында слайд-фильмдерді
пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда,
сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың
өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз
етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика
пәніне қызығушылықты арттырады. Физиканы оқыту,
оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы
ақпараттық технологияны қолдануы жайлы сала болып келеді.
Физика сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты
өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және
т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді.
Сабаққа дайындық барысында электрондық
оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары
қолданылады оқушыларға
арналған дидактикалық материалдар,
оқу-әдістемелік құралдар жасалады.
Физика пәнін оқыту арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және
дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық
ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,
табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал
жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды
қолдану пәнді оқытуда дүниенің заңдарын
терең меңгертіп қоймай, студенттің ойын дамытып,
эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті
мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап
өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.
Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны
қолдану да сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет
жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ
тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей
қолдануға болады.Қазақстан Республикасының “Білім
туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне
қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның
дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті
мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен
техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін
елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын
білімді,жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.
Бүгінгі таңда, балалардың
қабілеттерін жоғарғы деңгейде
қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті
елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда.
Ол Франция, Америка, Германия, Англия,Жапония т.б. елдердің білім беру
жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде
жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму
кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту
үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
2. «Физика» ғылыми – әдістемелік журналы, №4. 2009ж
3.
А.Ж.Қалығұлов «Физиканы оқыту методикасы». Алматы.
«Рауан» 1992