Билялова Маржан
Исаковна аға оқытушы,
Қалымберген А.А.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің
теоретикалық зерттеулері мен тарихи аспектілеріне шолу.
«Сыбайлас жемқорлық» деген
түсініктің этимологиясы «параға сатып алу», «пара» ретінде ,
«corruptio» деген сөз латын тілінен шыққан. Сондай-ақ
Рим құқығында «corrumpire»-сындыру, бүлдіру,
бұзу, зақымдау, параға сатып алу деген түсінікті
білдіріп, жалпы құқыққа қарсы
іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі
сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды
адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы
ретінде сипаттайды.
Сыбайлас
жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс.
Жемқорлық қайдан басталады? Адамдар арасындағы
қарым – қатынастан басталады. Адамдар белгілі мекенде тұрады,
еңбек етеді, кәсіппен шұғылданады. Демек, адамдар
арасындағы экономикалық, кәсіптік, іскерлік,
тұрмыстық, әлеуметтік байланыстар үстінде олардың
бір – біріне ісі түседі, бағыныштылық, тәуелділік
жағдайына тап болады. Осы тәуелділік, жеке мүдде талабы
заңдылық шеңберінде шешіле бермейді. Адамдар оны жеделдетіп,
өз пайдасына шешкісі келеді. Осы мақсатта заң
шеңберінен шығып, төте жол іздейді. Мұның жолы –
ісі түскен адамның көңіл – күйін аулау. Оны
қалай аулауға болады? Оған жағымпаздану,
көлгірсу, сыйлық тартудан бастап, үлкен ақша,
мүлік сыйлау, қажет болса, өмір сүрудің
қалыптасқан нормасынан ауытқып, заңсыз жолға
түсу. Қоғамда адамдар арасындағы мінез –
құлықты реттейтін моральдық шектеулер ескіріп,
заңды айналып өтуге жол ашып отыр.[1]
Қазақстан
Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»
Заңы сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама
береді: Ол: «мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ
соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал
арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін
және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз
құзыреттерін басқаша пайдаланып, мүліктік пайда алу
үшін заңмен қарастырылмаған, мүліктік
жайлылықты және артықшылықты қабылдау,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш
жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз
беруге осы адамдарды парамен сатып алу». [2]
«Сыбайлас жемқорлық»
тамыры көнеден жайылған құбылыс. Онымен
күрестің де тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас
жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық
қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан
уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет
жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтерін
ең алғашқыларын Көне Бабырдың
мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз
әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін
реформалады. XIII ғ. парақорлық туралы
мағлұматтарды орыс халқының шежірелерінде де
көптеп кездеседі. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық
әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазған. Оның
немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство
басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін
өлім жазасы түрінде санкция белгіленді. А.М. Романовтың
кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол
1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен
аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен
өртеніп кетті, алайда патша екі министрді - Земстволық бұйрықтың басшысы Л.
Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысын
көпшілікке азаптауға берді. 1649 жылы Соборлық Ережеде
парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік
және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану
сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5
және 7-ші баптарында, сот органдарының лауазымды
тұлғаларының сыйақы алғаны үшін
қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6-шы бапта
субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері
қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін
жауапкершілік көрсетілген. I Петр кезеңінде сыбайлас
жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес
жүргізілді. I Петр парақор, сұғанақты және
бопсалаушыларға ықпал жасаумен мемлекеттік қызмет істерінде
тәртіп жүргізуге тырысты. Алайда, қолданған шаралар
оң нәтижені бермеді. Парақорлықтың және
қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың алдын алу
мақсатында, I Петр мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік
қызметті өтеудің жаңа тәртібін енгізді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, олар бұл қызметте екі жылдан артық бола
алмайды. Егерде қала тұрғындары осы лауазымды
тұлға өзінің міндеттерін орындауды жалғастырсын
деп жазбаша түрде өтініш жазса, көрсетілген мерзім
ұзартылуы мүмкін. Қызмет бабын теріс пайдалану арқылы
пайда табудың қауіпті нысаны – парақорлықтың таралғанын
ескере отырып, I Петр 1713 жылы 23 тамыздағы Жарлығымен пара алумен
қатар, пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік
енгізген. Осындай ұқсас құбылыстың алдын алу
үшін ақша алғандармен, ақша бергендерді аямай
қамшымен дүре соғады және әйелдері мен балаларын
Азов каторгасына жібереді, барлық
қалаларға, селоларға былай жариялау керек: «Кімде – кім
алдағы уақытта осылай тағы жасаса, оны аямай, өлім
жазасына кеседі» деп Жарлықта жарияланған.
I Петр 1714 жылы 24 желтоқсанда шыққан
Жарлыққа қызметін теріс пайдалану арқылы пайда табуды
жүзеге асыруға көмектескені үшін және осы
қылмыстардың жасалғаны туралы айтпағаны үшін
қылмыстық жауапкершілік енгізген. Алайда бұл іс - әрекеттер
нәтиже берген жоқ. Пара беру және алу жалғастырылды.
Тіптен 1713 жылы енгізілген нормативтік акті де өзгертілмеді. Ол акт
бойынша пара алған шенеунік туралы айтқан тұлғаға
сол адамның жылжитын және жылжымайтын мүлкі берілген, егер
оны лайықты азамат жасаса, онда оған сол адамның лауазымы
берілген. В.О.Ключевский I Петрдің басқару кезеңін сипаттап,
былай деген: «I Петр кезеңінде парақорлықпен күрес
бұрын болмаған мөлшерге жетті»[3]
Қазақстанда
құқықтық жүйенің негізі орта
және соңғы орта ғасыр кезеңінде дамыды. XIV-XIX
ғ.ғ. бірінші кезең деп шартты түрде көрсетуге
болады. Оның негізгі ерекшелігі дәстүрлі мұсылман
құқықтық жүйесінің және
моңғол өркениетінің әдет – ғұрып
құқығы институтымен құқықытық
сәйкестігі болып табылады.
Қазақтың
феодалдық қоғамының кезеңінде қазіргі біз
сыбайлас жемқорлық деп санайтын қылмыс үшін жауапкершілік
қарастырылмаған. Қазақстан Ресейге
қосылғанға дейін сыбайлас жемқорлық легитимдік
институттың нысанында көрініс тапты.
Қазақ елінде XVI
ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы»
деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның
негізіне әдет – ғұрып құқығы
енгізілді. Қазақтардың әдет – ғұрып
құқығы XVII ғасырдың соңында
Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ ретінде «Жеті
Жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және
толықтырылды.
Т.М.Культеевтің айтуы
бойынша, сол кезде қазақтың әдет – ғұрып
құқығы үш негізден тұрды: әдет –
ғұрып, сот билерінің тәжірибесі және би съезд
ережелері.[4]
Сол кезеңде
Қазақстанда сот қызметін қазақтың
әдет-ғұрып құқығының негізінде
хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот
талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды.
Сот талқылау үшін ол «хандық» деп аталатын
сыйақының белгілі сомасын алып отырған.
Әдет-құқығы бойынша соттарға сыбаға
тарту және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады.
Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі
мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді
және басқа да дауларды әдейі ұзартқан,
қиындатқан.
Д.Андренің
«Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»:
«Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да,
сыйлық алуына болады» деп көрсеткен. [5] Осы жазбаның
басқа нұсқасында «мұндай тұлға сыйлық
қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған.
Қазақстанда
құқық жүйесінің қалыптасуының
келесі кезеңі, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық
мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті. Бұл Ресей
отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту
кезеңінен басталды. Ресейге қосылған кезеңде
Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас
жүйе ретінде қолданылып жүрді:
-жергілікті ұлттық сот-билер соты, қазақтар
арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді
талқылады. Олар әдет-ғұрып
құқығы және шариат негізінде әрекет етті;
-жалпы империялық сот мекемесі-қазақтардың ерекше
маңызды қылмыстық істерін және басқа
халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық
істерді талқылады.
II Екатеринаның
басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады.
Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың
таралуы көбейді. II Екатерина осы қылмысты жүзеге
асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін
қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының
қаталдығы және кең қолданылуы
қылмыстың бұл түрінің санын азайтпады.
Сондықтан, Ресейде бұл құбылыспен күрестің
жаңа тәсілдері іздестірілді.
1845 жылы Ресейге
қылмыстық және атқарушылық жаза туралы Ереже
қабылданды. Мұнда парақорлық үшін жауапкершілік және
сыбайлас жемқорлық көрінісінің басқа да нысандары
туралы заңнама өзгертілді және толықтырылды, жаңа
нормалар енгізілді. Ереженің бесінші бөлімінің алтыншы
тарауында қызметін пайда табу мақсатында теріс пайдаланғаны,
және парақорлық үшін қылмыстық
жауапкершілік көзделген. Бұл тарау «Парақорлық
және сұғанақтық туралы» деп аталды және он
үш баптан тұрды.
Ереженің 401-ші бабында
парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік
көрсетілген, бұл қылмыс үшін жаза – келтірілген зиянды
ақшалай екі есе өндіріп алу болған. Бұл бапта пара
алудың екі нысаны көрсетілген: игілік парасы және сатып алу
парасы.
Ереженің 405-ші бабында
пара алудың және берудің тәсілдері және нысандары
белгіленген:
-делдал, соның ішінде туыстары арқылы параны алу және
беру;
-қызметі бойынша, лауазымды тұлғаның әрекеті
немесе әрекетсіздігі үшін алдын-ала уәде етілген
сыйақыны беру және алу;
-сыйақыны айырбас, сату немесе басқа жалған заңсыз
мәмілелер түрінде беру.
Параны қорқытып
алушылық үшін барлық құқығынан айыру
ретінде, Сібірге жер аударумен немесе 4 жылдан 6 жылға дейін
қамаумен жазаланды.[6]
1903 жылы Ресейдің
«Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885 жылығы
«Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелерін»
лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты
түрде көшірілді. Алайда, 1903 жылы Ереже заңды күшіне
енген жоқ. Қайта қүрудың революциялық
сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты.
Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде
қылмыстық заңдар 1917 жылы күшін жойды. 1917 жылы
қазан айында мемлекеттік құрылыстың және
басқару нысанынын ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық
құбылысын алып тастамады. 1918 жылы 8 мамырдың
«Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін
қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес
үкіметінің бірінші құқықтық актісі
болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен
күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл
күрес бірнеше маңызды белгілерімен сипатталады:
1) Билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек
80-ші жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына
«парақорлық, қызмет бабын теріс пайдалану, бетімен
істеушілік» және т.б. терминдер қолданылды.
2) Кеңестің «құқықытық санасы»
әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате
түсіндірді.
Революцияға дейінгі
Ресейдің қылмыстық құқықтық
нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың
келесі нысандары анықталды:
-парақорлық;
-сұғанақтық;
-қорқытып алу;
-мемлекеттік мүлікті ұрлау;
Ресей елінің сыбайлас
жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы
тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі
қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы
қатарда келе жатқанын айтуға болады.
1997 жылы 21 қазанда
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан Республикасының жоғарғы
тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды.
Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты
мақсаты-мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік
қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың
қызмет бабын теріс пайдалануына және үкімет билігін асыра
пайдалануына жол бермеу болды.
1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан
Республикасының № 267-I «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүргізу туралы» Заңы қабылданды.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 30
қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас
жемқорлық қоғамға, мемлекеттің
конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан
онымен күрес жүргізу-жалпы ұлттық міндет». 2005жылы
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті
2006-2010жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен
күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал
2006 жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге
асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының
Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды
жұмыстар жүргізілуде, сондай –ақ 2020, тіпті
«Қазақстан -2050» Стратегиясында мемлекет басшысы
Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресте мемлекет пен қоғам күштері бірігуінің
маңыздылығын атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам
құру-мемлекет саясатының басым бағыттарының
бірі.Бүгінгі таңдағы, сыбайлас жемқорықтың
мақсаты-азаматтардың құқықтарымен
бостандықтарын қорғауға, сыбайас жемқорлық
көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас
жемқорлыққа байланысты құқық
бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын
кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді
жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ
оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін
қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі
принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты
құқық бұзушылықтың түрлерін,
сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын
белгілейді.
Осы мақсаттарды
жүзеге асыру үшін:
Сонымен қатар, күресіміздің табысты болмағы
өзіне де байланысты екенін Қазақстанның әрбір
азаматы түсінуге тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
6.
Российское
законодательство X-XXвв./Под общ.ред. А.И.Чистякова. Юр.итература,1985.
с. 390