ҚЫЛМЫСТЫҚ
ТОП ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ -
ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
з.ғ.к. Сартбаева
У.К., Баймагамбетова Ж., Еркебаева Н.А.
М.Әуезов
атындағы ОҚМУ, Қазақстан
Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы —
қазақтың ата жолы, қазіргі
құқық деп аталатын ұғымға толық
сәйкес келетін әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері және қоғамдық
өмірдегі қатынастары. Осы қастерлі қазынамызды
баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін
әрбір еңбек — халқымыздың рухани мұрасын
молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі [1, 10б.].
XVII ғасырдағы бірден-бір заңдар жүйесіне
айналған «Жеті жарғы» — сот билігінің айнымас кодексі екені
даусыз. Бірақ «Жеті жарғыда» қылмысқа катысушылық
пен жасаған әрекет үшін нормалар қарастырылмаған.
XVII ғасырдағы Әз Тәуке ханның Ұлы үш
кемеңгер — Төле би, Қазбек би, Әйтеке бимен
ынтымақтаса отырып жазған «Жеті жарғыдағы»
құқықтық өлшемдермен мағыналар,
мәндес келуі-халқымыздық өз ұлтына тән
заң Жарғылары әлі
сақтай үзілмей келе жатқанын танытады. Тәуке
ханның тамыр тартқан бұл заңдар ережесі кешегі Қазан
төңкерісіне дейін келіп жеткенін ескерсек, «Жеті жарғы»
заңдар ережесінің баптары үш ғасыр ұлт мүддесі
үшін өмір сүргеніне әбден көз жете түседі.
Өткен ғасырдың 30-жылдарының аяғынан бастап,
қылмысты ұйымдастырушының ұғымы заң
ғылымынан орын ала бастады. Кеңестік қылмыстық
заңнама бұрын ұйымдастырушының ұғымын
тіптек білмеді деуге болмайды. Бірақ, бұл ұғымдар
кейбір қылмыстарға ғана қатысты болды. Сонымен
қатар, қылмыстық заңнаманың Негізі
қабылданбағанша, қылмыстың ұйымдастырушысы
ретінде — қылмыстық ұйымды басқарған адамды ма,
әлде қатысушылықпен жасалған қылмыстарда ерекше
белсенділікпен қатысқан адамды ма, кімді тарту керек екендігі
айқын болмады.
Профессор А. Н. Трайниннің пікірінше, «қылмысты
ұйымдастырушының рөлі қылмыстық
қауымдастықты құруда, одан кейін жоспарын
өңдеуде, ең соңында қылмыстың жасалуын
басқаруда» [2, 99б.].
Берілген анықтамада ұйымдастырушының ұғымы
бірнеше адамдардың қылмысқа дайындалу мен жасаудағы
қылмыстық әрекеттерінің кең шеңбері
қамтылды.
Қылмыстылық
- әрбір қоғам өмірінің қарама -
қайшылықтары салдарынан пайда болатын құбылыс болып
табылады. Қылмыстылық феномені әлеуметтік –
экономикалық және саяси тұрғыдан дағдарысқа
түскен кедей мемлекеттерге ғана емес, айтарлықтай
экономикалық және саяси тұрақтылыққа жеткен
мемлекеттерге де тән болып келеді. Әрбір мемлекеттің
қылмыстылығының өзіне тән құрылымына,
динамикасына, ерекше белгілеріне қарамастан
қылмыстылықтың сапалық өзгерістері барлық
мемлекеттерге тән қасиет болып табылады. Бұл, бірінші
кезекте, қылмыстық қызметтің көлеміне,
ұйымдастырылуына, қылмыстық бизнестің заңдастырылуына және т.б.
байланысты, жалпы айтатын болсақ, қазіргі өмірдің
әлеуметтік құбылысы – ұйымдасқан
қылмыстылықтың деңгейінің күрт өсуіне
және кең өріс алуына байланысты болып келеді.
Біздің
мемлекетте ұйымдасқан қылмыстылық − ғылыми
зерттеу объектісі ретінде салыстырмалы түрде жас болып
табылатындықтан (алғаш рет бұл мәселені И.В. Карпец
1984 жылы Мәскеуде өткен социалисттік мемлекеттер
криминологтарының алтыншы
ғылыми Конференциясында көтерген болатын), бұл
құбылыспен күресу тәжірибесі мол деп айту қате
болар еді.
Сондықтан
да, басқа мемлекеттердің заңгерлерінің осы мәселе
төңірегіндегі зерттеулеріне көңіл бөлген
дұрыс болар еді. Бұл біздің ұйымдасқан
қылмыстылық ұғымын дұрыс ашуымызға,
бұл құбылысқа қолданылатын тиімді шараларды
табуымызға көп көмегін тигізетіні анық. Бірақ,
көптеген авторлардың пікірінше және біз де оған
қосыламыз, ұйымдасқан қылмыстылықтың ұғымын,
оның заңи бекітілуін, оған қарсы қолданылатын
шараларды механикалық түрде көшіріп алу үлкен
жетістіктерге әкеле қоймайтыны анық. Міндетті түрде
мемлекетіміздің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Біздің мемлекетте ұйымдасқан қылмыстылықпен
тиімді күресу үшін басқа мемлекеттер
заңгер-ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің
негізгі бағыттарын басшылыққа алу керек. Осы арқылы
мемлекетіміздің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,
бұл құбылыспен күресудің негізгі
бағыттарын, сратегиясын, әдіс-тәсілдерін анықтау
қажет.
Ұйымдасқан
қылмыстылық – бұл бірге қылмыс жасайтын адамдар тобы
ғана емес. Ұйымдастырушылық белгілері бес белгінің
болуын қажет етеді:
-
ақпарат жинау және өз мүшелері арасында тарату;
-
құқық қорғау институттарының
қызметіне кедергі жасау;
- негізгі
әлеуметтік-экономикалық қызметтерді қолдану;
- ішкі
құрылымның болуы;
-
әрекеттерінің сырттай заңды сипатта болуы.
Ұйымдасқан
қылмыстылықтың сегіз негізгі белгілері болады:
1.
Қылмыспен кәсіп ретінде салыстырмалы ұзақ
уақыт айналысу мақсатында қылмыстық топ
құру;
2.
Билік бір немесе бірнеше адамдардың қолында шоғырланады;
3.
Ұйым мұқтаждарын қанағаттандыру үшін
көлемді ақша қорының болуы;
4.
Топтың белгілі бір қылмыстарды жасауға “мамандануы”
және ішкі құрылымында қызметтердің бөлінуі,
өзіндік еңбек бөлінісінің болуы;
5.
Экспансиялық және монополисттік тенденцияның болуы;
6.
Мемлекеттік органдар шенеуліктерімен сыбайлас жемқорлық сипаттағы байланыстың болуы;
7.
Өз ішінде қатал тәртіптің және
жүріс-тұрыс ережелерінің болуы;
8.
Қылмыстардағы тәуекелді азайту мақсатында
нақты жоспарлауды жүзеге асыру.
Ұйымдасқан қылмыстылық нарықтағы
бәсекелестерін ығыстыру мақсатында, әдетте,
экономикалық механизмдерді көбірек қолданады.
Ал саяси билік болса, белгілі бір мақсатқа жетудің
құралына айналады.
“Ұйымдасқан қылмыстылық” ұғымының
анықтамасын дұрыс беру
үшін осы мәселені зерттеген ғалымдардың берген негізгі
зерттеу бағыттарын қарастырайық. Бұл бағыттарды
былайша тізбелеуге болады:
а) ұйымдасқан қылмыстылықты –
ұйымдасқан топ, мүшелері жасаған
қылмыстардың жиынтығы ретінде тану;
ә) ұйымдасқан қылмыстылықты –
құрылымы, бағыты, қылмыстық әрекеттің
нысаны және сыртқы байланыстарының сипаты бойынша
ерекшеленетін әр тектік және әр түрлі деңгейлік
құрылымдардың жиынтығы ретінде тану;
б) ұйымдасқан қылмыстылықтың – заңсыз
табыс алу мақсатында пайда болатын әлеуметтік құбылыс,
әлеуметтік байланыс пен қарым – қатынастардың жүйесі
ретінде қарастыру.
Біздің пікірімізше, ұйымдасқан
қылмыстылықтың анықтамасын толық және
анық беру үшін осы үш бағытты бірге қарастыру
керек.
“Ұйымдасқан қылмыстылық” құбылысының анықтамасын ашардан
бұрын, алдымен төмендегі ұғымдардың
мазмұнын ашып алайық .
Ұйымдасқан қылмыстылықтың негізі ретінде
бұл біріншіден, «қылмыстылықтағы
ұйымдастық» және
«ұйымдасқан қылмыстылық» немесе «топтық
қылмыстылық» және
«ұйымдасқан қылмыстылық»; екішіден,
«ұйымдастырылған қылмыстар» және «қылмыс
субъектілері».
Егер де қылмыстылықтағы ұйымдастық және
ұйымдасқан қылмыстылық
ұғымдарын бір –
біріне қарсы қоятын болсақ, біздің пікірімізше,
біріншісі екіншісінен кең көлемді екендігі көрінеді. Сонымен
қатар, ұйымдасқан қылмыстылық –
қылмыстық құрылымның ең жоғарғы
деңгейі деп айтуға да болмайды.
Екінші кезекті ұғымдарды талдасақ, онда олардың бір
– бірімен өте тығыз байланысты екендігі көрінеді.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың негізінде екі
өзара байланысты элемент жатыр. Олар: ұйымдастырылған
қылмыстар және сол қылмыстардың субъектілері. Белгілі
бір қылмыстық мақсатқа жету үшін бір–бірімен
қарым–қатынасқа түсетін тұлғалардың
ұйымдасқан қылмыстылықтың болуы мүмкін
емес.
Отандық ғалымдардың “ұйымдасқан
қылмыстылық” бойынша
зерттеулеріне көңіл аударайық.
Р.Н. Судакова бұл құбылысты төмендегідей
анықтайды: “Ұйымдасқан қылмыстылық – бұл
қылмыстық ортаның табыс табу мақсатында
қылмыстық топ немесе қылмыстық ұйымдарға
шоғырлануымен, нақты иерархиялық және
құрылымдық байланыстарымен сипатталатын негативті
әлеуметтік құбылыс болып табылады”.
Жоғарыда көрсетілген анықтамасымен қатар Р.Н.
Судакова ұйымдасқан қылмыстылықтың белгілерін
атап көрсетеді:
1.
Нақты ұйымдастырушылық – басқарушылық
құрылымдардың болуы және олардың
иерархиялық сатылануы; ұйымдасқан қылмыстылық
құрамында “жоғарғы эталон”, “элитаның” болуы;
2.
Жүріс–тұрыс және жауапкершілік ережелерінің болуы;
3.
Қылмыстық қызметтің жасырын, тұрақты,
жоспарлы болуы, ортақ мақсаттың болуы, сол
мақсатқа аз тәуекелмен жетуге ұмтылу;
4.
Құқық қорғау органдарымен
қылмыстылықпен күресу жоспарларын анықтау арқылы
әлеуметтік бақылаудың жүзеге асырылуына кедергі жасау
(коррупция, қорқыту, күш қолдану, т.б.);
5.
Қылмыстық қызметке жұмсалатын ортақ
қаржы қорының болуы;
6.
Қылмыстық қызметтің монополизациялануы,
экономиканың әр түрлі салаларына енуі, “қара
нарыққа” тауарлар мен қызметтер ұсыну;
7.
Қылмыстық жолмен алынған қаржыларды
заңдастыру;
8.
Қылмыстық идеологияның таратылуы.[3]
Қазақстандық заңгер ғалым Мәуленов
ұйымдасқан қылмыстылықты төмендегідей
анықтайды:
“Ұйымдасқан қылмыстылық – қылмыстық
“кәсіптен” үлкен табыс алу мақсатында құрылатын,
мемлекеттік және құқық қорғау
органдарымен коррупциялық байланысы бар жеке қылмыстық
топтардың билікке таласуымен сипатталатын күрделі әлеуметтік құбылыс
болып табылады.”[4].
Ол ұйымдасқан қылмыстылықтың келесідей
белгілерін көрсетеді:
1.
Қатысушыларының көптігі (екі және одан көп);
2.
Әрбір мүшесінің қылмыс жасауға
қатыстылығының болуы;
3.
Дайындық кезеңінің салыстырмалы түрде
ұзақ болуы;
4.
Жиналатын арнайы орындарының болуы;
5.
Басшылық немесе басқару орталығының болуы;
6.
Топ ішінде функционалдық міндеттердің бөлінуі;
7.
Қылмыстық “кәсіптің” (бизнестің) белгілі бір
бағытта болуы;
8.
Қылмыстық қызметтің жасырын түрде болуы;
9.
Топ ішінде жүріс–тұрыс ережелерінің болуы.
Жоғарыдағы аталған авторлардың пікірлерін ескере
отырып ұйымдасқан қылмыстылықтың
анықтамасын берейік:
Ұйымдасқан қылмыстылық – пайда табу
мақсатында және белгілі бір әлеуметтік салада немесе
территорияда бақылау “билік” орнату мақсатында құрылған әр текті
және әр түрлі деңгейлі қылмыскелер
қоғамының тұрақты ұйымы.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың анықтамасын
бере келе, міндетті түрде оның белгілерін анықтап алу керек.
Біздің пікірімізше, оның белгілерін негізгі және
факультативті деп қарастыруға болады. Негізгі (немесе міндетті)
белгілер ұйымдасқан қылмыстылықты құрайтын
барлық қылмыстық топтарға тән болып табылады. Ал,
факультативті (немесе қосымша) белгілері қылмыстық
ұйымның қызмет етуіне байланысты болып келеді.
(Географиялық, ұлттық, қызметтік және т.б.).
Міндетті белгілеріне төмендегілері жатқызамыз:
1.
Қатысушыларының көптігі (екі және одан көп) ;
2.
Қылмыстық кәсіптің міндетті түрде жоспарлы,
жүйелі, мақсатты және тұрақты сипатта болуы;
3.
Мақсаты – қылмыстық жолмен табыс алу;
4.
Белгілі бір территорияда немесе өндірісте, басқару
бөлігінде бақылау орнату;
Бұл көрсетілгендермен ұйымдасқан
қылмыстылықтың белгілері
шектелмейді. Керісінше, ол қосымша белгілермен толықтырылып
отырады.
Егер заңдылықтың “сарапшысы” ретінде
ұйымдасқан қылмыстылықтың өкілі
қатысса, осындай араласу мен заңдылықтың кемеліне
жетпеуі ғалымдарды, соның ішінде құқық
қорғау органдарына біршама қиыншылыққа
әкеледі, яғни заңды немесе заңсыз әрекеттер
қайда жасалғандығы белгісіз болады.
В. М. Быков атап көрсеткендей «қылмыстық топ — бұл
оған сәйкес келетін заң бойынша дамитын тірі ағза,
оның дамуының қайнар көзі оның «жетістікті»
қылмыстық іс-әрекеті болып табылады. Топтардың дамуы
қарапайым түрлерінен-адамдар топтары мен алдын ала сөз
байласқан адамдар топтарынан бастау алып, ұйымдасқан топ
және қылмыстық қауымдастық секілді күрделірек
түрлеріне дейін болады» [5, 38б.].
Шағын топтар тұтастай аймақтарға немесе экономика
салаларына бақылау жүргізетін үлкен топтарға бірігеді.
Олар өздерінің іс-әрекеттерін заңсыз бизнесте де
(қылмыстық жолмен пайда табудың дәстүрлі саласы —
есірткілік заттармен, қару-жарақпен сауда жасау, құмар
ойындар бизнесі, несиелер, тапсырыс бойынша кісі өлтіру және адам
ұрлау, қаржылық алаяқтық), сонымен қатар
заңды бизнесте де (өздерінің коммерциялық
құрылымдарын, заңды күзет қызметін
көрсететін кәсіпорындар, қайырымдылық және
өзге де қорлар құруы) құрады.
Ресейдің деректері бойынша осы мемлекеттегі қылмыстық
іс-әрекеттермен айналысып жүрген бірнеше топтар 150
ассоциацияға бірігіп және елді аймақтар мен әсер ету
салаларына бөліп алған [6, 34б.].
Осы мәселені зерттеген В. И. Попов қылмыстық топтарда
басшылық ету қызметінің үш аспектісін атап
көрстеді:
-
қылмыстық — қылмыстық капиталдың
құрылуын, өсуін және пайдалы түрде
айналымға түсуін қамтамасыз етуден тұрады;
-
экономикалық — мемлекеттің ішкі қылмыстандырылған
әлеуметтік және экономикалық қатынастарын
әртүрлі салаларға алдын ала тазартудан өткен
қылмысты капиталды өндіру үшін қолданудан тұрады;
- саяси — оның
құрамын шенеуіктерді сыбайластыру жолымен және
заңшығарушылық, атқарушылық билікке
өздерінің адамдарын енгізу арқылы қылмыстық
жүйенің мемлекеттік жүйеге қосылуына
бағытталған қылмыстық ортаға жетекшілік ету
әрекеті құрайды [7, 81б.].
Ұйымдасқан қылмыстық қызметтер ҚР
Қылмыстық кодексінің Ерекше
Ал 2014 жылдың 9 шілдесінде қабылданған
Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексінің 31-бабының, 3 бөліміне сәйкес егер
қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым,
қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық
ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық
ұйым, трансұлттық қылмыстық
қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе
заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол
қылмыстық топ жасаған қылмыс деп танылады – деп көрсетеді.
[8].
Сонымен қатар, респонденттердің көбі
қылмыстық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың жалпы
функцияларын жүзеге асырушы тұлғалар өзіне
қамтамасыз етушілік функцияларын атқарушы тұлғалардың
әрекеттерін кіргізбейтін қолданыстағы қылмыстық
заңдағы қылмыстық топ ұйымдастырушысы
ұғымының шегінен шығады деген пікір білдіреді.
Жоғарыда айтқандарымызды қорытындылай келе
қылмыстық құқықта нақты
қылмыстарды ұйымдастыру және жетекшілік ету функцияларын
жүзеге асырушы ұйымдастырушының мазмұны мен нақты
қылмыстарды ұйымдастыру әрекеттерінен
қызметтерінің көлемі мен мазмұны кеңірек
қылмыстық әрекеттерді ұйымдастырушының
мазмұнын ажырату қажет деп санаймыз. Аталған
түрлердің әрқайсысының өзіне тән
ерекшелігі бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Дулатбеков Н.О. Қылмыстық жаза
тағайындау (теория және практика мәселелері) - Астана. 2002.10-бет.
2 Трайнин А.Н. Учение о соучастии.- М.,1941. С.99.
3 Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г.,
Судакова Р.Н. Мотивация преступлений уголовная ответственность. Алма-Ата.
Наука. 1987. с.190.
4 Мауленов Г.С. Криминологическая характеристика организованней
преступности. — Алматы, Әділет Пресс, 1997.с. 6-7,9-10,12,17.
5
Быков В. М. Лидерство в преступных группах // Законность. 1997. —№12. —с. 38.
6 Быков В.М. Проблемы расследования групповых преступлений: Автореферат дисс. д.ю.н.
— М., 1992. с.18.
7 Попов В.И.
Рецидив и организованная
преступность. — М, 1998. с. 81.
8 Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЖШС «Издательство
«норма-К», 2014. – 236-бет.