Жаңа
буынды байланыс желілері және Softswitch технологиясы
Соңғы жылдары Softswitch технологиясы туралы
белсенді түрде айтылуда. Дәстүрлік және жаңа
операторлар, IP телефониясының операторларын қосқанда
байланыс желілерінде Softswitch жүйелерін кеңінен қолдануды сынауда.
Сонымен қатар осындай жүйелерді ендіру үшін нормативтік
және техникалық база ендірілуде және жетілдірілуде.
Дипломдық жұмыста Softswitch
жүйелерін ендірудің негізгі ұсыныстары, сондай-ақ
жаңа буын желілерінің негізгі хаттамалары мен рольдері де
қарастырылады.
Жалғануды басқару
деңгейін және ақпаратты тасымалдау деңгейін бөлу
желісі
Вертикалды интегралданған бизнес-модельден
барлық пакет қызметтерінің қолжетімділік негізінде
құрылған модельге ауысу тенденциясы телекоммуникациялық
қоғамда мойындалған стандарт болып келетін жаңа желілік
архитектураға алып келеді (сурет 1).

Сурет 1 Жаңа
желілік архитектура
Мұндай архитектура кезінде классикалық
телефондық торап бір-бірімен ашық вертикалды интерфейстермен
байланысқан компоненттерге бөлінеді. Ұқсас процесс IBM
компаниясында аппараттық интерфейстердің ашылуымен және
аппараттық іске асырудан бағдарламалық басқару
модулінің бөлінуімен көзге түскен компьютерлік
индустриясында байқалды [1].
Горизонталды интегралданған желілерге ауысу
бірегей желілік ресурстар тобын кеңейтуге және операторлық
жұмыстың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін
маңызды қадам болып табылады.
Жаңа архитектурасы бар желіні
құру кезінде инвестициялардың салымы тар қызметті
жабдықтан (телефон стансалары, маршрутизаторлар) пакеттік,
мультисервистік желіні қалыптастыратын жабдыққа ығысады,
себебі мамандандырылған мультимедиялық және телефондық
ресурстар бақылау мен басқару деңгейінде ғана
орналасады (сурет 2).
251658240
Сурет 2 Жаңа буынды
желіні құру кезінде инвестиция принципінің өзгеруі
Көптеген жаңа қызметтер пакеттік
қосымшалармен байланысты. Осылайша, тар қызметті жабдықтан
ортақ желілік ресурстарға инвестициялардың ығысуы
операторға қажетті икемділікті және басқа
қызметтерге сұраныстың өзгерісінен
қорғанысты қамтамасыз етеді.
Softswitch
архитектурасындағы жаңа хаттамалар
Жаңа желілік архитектураны анықтау
бойынша жұмыстар ITU-T, Multiservice Switching Forum, International
Packet Communications Consortium сияқты ұйымдарда
жүргізіледі.
Желінің архитектурасы әрқашан
Softswitch деп аталатын қоңырауды басқару торабынан,
телефондық серверден, басқарушы агент және пакеттік
желілермен түйісудің шлюздік жабдығынан тұрады.
Әр хаттаманың пайда болуында
белгілі-бір логиканы ұстанады. Мысалы, мультимедиялық
қызметтерді жаппай ендіруді қамтамасыз ету үшін хаттама
қажет болды. Бұл хаттама Интернет технологияларын үйлесімді
пайдаланады және жаңа қызметтер мен қосымшалардың
бірқатарын ендіруге мүмкіндік береді. SIP хаттамасы осы рольге
негізгі кандидат болып табылады [3].
Операторлардың пакеттік желілерде
классикалық телефон қызметтерінің барлық жинағын
қамтамасыз етуге ұмтылу BICC хаттамасының пайда болуына алып
келді, бұл хаттама ISUP хаттамасының эволюциясы болып табылады.
Бөлінген архитектураға ауысқан кезде
шлюздік элементтермен басқару хаттамасы қажет және H.248 хаттамасының жетілдірілуіне
негізгі бағыт болып табылады. Бұл хаттама IETF (Megaco жұмыс
тобы) және ITU-T ұйымдарының біріккен күштерімен пайда
болды.
Sigtran хаттамаларының аймағындағы
жұмыстар сигнализация ақпаратының сенімді таралуын
қамтамасыз ету үшін қажет болды.
Төменде, 1-кестеде, хаттамалар
деректерінің функционалдық қызметтері мен кейбір
ерекшеліктері қысқаша келтірілген.
Кесте 1
|
Хаттама |
Softswitch архитектурасындағы функция |
Қолданылуы |
|
SIP |
Байланыс
сеансының орнатылуы және басқарылуы |
IP желілері
бойынша дауыстық және мультимедиялық
қоңырауларды орнату үшін қолданылады. Интернетте
қабылданған көптеген механизмдерді пайдаланады
және H.248 хаттамасымен
салыстырғанда ең қарапайым болып саналады.
Терминалдық құрылғылар SIP агентінің
бағдарламалық қамтамасыздандырылуынан тұрады.
Интеллектуалдылық тірек желісінен абоненттік
құрылғыларға ығысады. |
|
SIP-T |
SIP желі
арқылы ЖҚБТ (ТфОП) ISUP сигнализацияның таратылуы |
SIP желісі
бойынша ISUP хабарламаларының таза таратылуын қамтамасыз ететін
SIP хаттамасының арнайы түрлілігі. Нақтығында, SIP
желісі классикалық транзиттік стансаның функциясын орындайды.
Стандарттау бойынша жұмыс ЖҚБТ қабылданған
барлық функционалдылықты қамтамасыз ету үшін
жалғастырылады. |
|
H.323 |
Байланыс
сеансының орнатылуы және басқарылуы |
IP бойынша
дауысты тарату желілерінде кеңінен таралған хаттама. SIP
хаттамасымен салыстырғанда аз перспективті және қиын
масштабталатын болып саналады. |
|
H.248/MEGACO |
Пакеттік
желіге қолжетімділік шлюзымен басқару |
Ең перспективті және
жасалынатын стандарт. Потенциалды түрде әр түрлі жабдықтардың
үйлесімділіктері бойынша көптеген мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету керек. |
|
BICC |
Басқарудың
бөлінген деңгейлері мен ақпаратты тасымалдау желілерінде
қоңырауларды басқару |
Тасымалдау
пайдаланған түріне (IP, ATM) байланысты емес жалғануды орнату хаттамасы. ТфОП/ЦСИО желісінің толық
қызметтер жинағын іске асырады. Тек қана сигналдық процедураларды
ғана емес, сонымен қатар желілік архитектураны да сипаттайтын
стандарттар жинағынан тұрады. 3GPP ұйымымен 3-буынның ұялы
байланыс желілері үшін қабылданған. |
Осылайша,
жабдықпен қандай да бір хаттамаларды қолдау талап етілетін
желілік функционалдылықты қамтамасыз етумен тікелей байланысты.