УДК 621.391.63:681.7.068

 

Жаңа буынды байланыс желілері

 

Есмаханова Л.Н., Қалдыбай Н.О.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ., Қазақстан

 

Соңғы жылдары Softswitch технологиясы туралы белсенді түрде айтылуда. Дәстүрлік және жаңа операторлар, IP телефониясының операторларын қосқанда байланыс желілерінде Softswitch жүйелерін кеңінен қолдануды сынауда. Сонымен қатар осындай жүйелерді ендіру үшін нормативтік және техникалық база ендірілуде және жетілдірілуде.

 

Жалғануды басқару деңгейін және ақпаратты тасымалдау деңгейін бөлу желісі

Вертикалды интегралданған бизнес-модельден барлық пакет қызметтерінің қолжетімділік негізінде құрылған модельге ауысу тенденциясы телекоммуникациялық қоғамда мойындалған стандарт болып келетін жаңа желілік архитектураға алып келеді (сурет 1).

251658240Описание: http://www.sotovik.ru/images/news/13.01.2005/50113_ma07.jpg

Сурет 1 Жаңа желілік архитектура

 

Мұндай архитектура кезінде классикалық телефондық торап бір-бірімен ашық вертикалды интерфейстермен байланысқан компоненттерге бөлінеді. Ұқсас процесс IBM компаниясында аппараттық интерфейстердің ашылуымен және аппараттық іске асырудан бағдарламалық басқару модулінің бөлінуімен көзге түскен компьютерлік индустриясында байқалды [1].

Горизонталды интегралданған желілерге ауысу бірегей желілік ресурстар тобын кеңейтуге және операторлық жұмыстың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады.

Жаңа архитектурасы бар желіні құру кезінде инвестициялардың салымы тар қызметті жабдықтан (телефон стансалары, маршрутизаторлар) пакеттік, мультисервистік желіні қалыптастыратын жабдыққа ығысады, себебі мамандандырылған мультимедиялық және телефондық ресурстар бақылау мен басқару деңгейінде ғана орналасады (сурет 2).

251658240

 

Сурет 2 Жаңа буынды желіні құру кезінде инвестиция принципінің өзгеруі

 

Көптеген жаңа қызметтер пакеттік қосымшалармен байланысты. Осылайша, тар қызметті жабдықтан ортақ желілік ресурстарға инвестициялардың ығысуы операторға қажетті икемділікті және басқа қызметтерге сұраныстың өзгерісінен қорғанысты қамтамасыз етеді.

 

Softswitch архитектурасындағы жаңа хаттамалар

Жаңа желілік архитектураны анықтау бойынша жұмыстар ITU-T, Multiservice Switching Forum, International Packet Communications Consortium сияқты ұйымдарда жүргізіледі.

Желінің архитектурасы әрқашан Softswitch деп аталатын қоңырауды басқару торабынан, телефондық серверден, басқарушы агент және пакеттік желілермен түйісудің шлюздік жабдығынан тұрады.

Әр хаттаманың пайда болуында белгілі-бір логиканы ұстанады. Мысалы, мультимедиялық қызметтерді жаппай ендіруді қамтамасыз ету үшін хаттама қажет болды. Бұл хаттама Интернет технологияларын үйлесімді пайдаланады және жаңа қызметтер мен қосымшалардың бірқатарын ендіруге мүмкіндік береді. SIP хаттамасы осы рольге негізгі кандидат болып табылады [3].

Операторлардың пакеттік желілерде классикалық телефон қызметтерінің барлық жинағын қамтамасыз етуге ұмтылу BICC хаттамасының пайда болуына алып келді, бұл хаттама ISUP хаттамасының эволюциясы болып табылады.

Бөлінген архитектураға ауысқан кезде шлюздік элементтермен басқару хаттамасы қажет және  H.248 хаттамасының жетілдірілуіне негізгі бағыт болып табылады. Бұл хаттама IETF (Megaco жұмыс тобы) және ITU-T ұйымдарының біріккен күштерімен пайда болды.

Sigtran хаттамаларының аймағындағы жұмыстар сигнализация ақпаратының сенімді таралуын қамтамасыз ету үшін қажет болды.

Төменде, 1-кестеде, хаттамалар деректерінің функционалдық қызметтері мен кейбір ерекшеліктері қысқаша келтірілген.

Кесте 1

Хаттама

Softswitch архитектурасындағы функция

Қолданылуы

SIP

Байланыс сеансының орнатылуы және басқарылуы

IP желілері бойынша дауыстық және мультимедиялық қоңырауларды орнату үшін қолданылады. Интернетте қабылданған көптеген механизмдерді пайдаланады және  H.248 хаттамасымен салыстырғанда ең қарапайым болып саналады. Терминалдық құрылғылар SIP агентінің бағдарламалық қамтамасыздандырылуынан тұрады. Интеллектуалдылық тірек желісінен абоненттік құрылғыларға ығысады.

SIP-T

SIP желі арқылы ЖҚБТ (ТфОП) ISUP сигнализацияның таратылуы

SIP желісі бойынша ISUP хабарламаларының таза таратылуын қамтамасыз ететін SIP хаттамасының арнайы түрлілігі. Нақтығында, SIP желісі классикалық транзиттік стансаның функциясын орындайды. Стандарттау бойынша жұмыс ЖҚБТ қабылданған барлық функционалдылықты қамтамасыз ету үшін жалғастырылады.

H.323

Байланыс сеансының орнатылуы және басқарылуы

IP бойынша дауысты тарату желілерінде кеңінен таралған хаттама. SIP хаттамасымен салыстырғанда аз перспективті және қиын масштабталатын болып саналады.

H.248/MEGACO

Пакеттік желіге қолжетімділік шлюзымен басқару

Ең перспективті және жасалынатын стандарт. Потенциалды түрде әр түрлі жабдықтардың үйлесімділіктері бойынша көптеген мүмкіндіктерді қамтамасыз ету керек.

MGCP

Пакеттік желіге қолжетімділік шлюзымен басқару

Берілген хаттаманы пайдаланатын желілер бар болса да, оның ары қарай дамуы жөніндегі хаттаманың ерекшеліктерінің арқасында жұмыстар проблемалы.

BICC

Басқарудың бөлінген деңгейлері мен ақпаратты тасымалдау желілерінде қоңырауларды басқару

Тасымалдау пайдаланған түріне (IP, ATM) байланысты емес жалғануды орнату хаттамасы. ТфОП/ЦСИО желісінің толық қызметтер жинағын іске асырады. Тек қана сигналдық процедураларды ғана емес, сонымен қатар желілік архитектураны да сипаттайтын стандарттар жинағынан тұрады. 3GPP ұйымымен 3-буынның ұялы байланыс желілері үшін қабылданған.

SIGTRAN

IP желі бойынша басқару және сигнализация хаттамаларының таратылуы

IP желісі бойынша сигнализацияны сенімді таратуды қамтамасыз ету үшін IETF ұйымымен ұсынылатын стандарттардың жинағы.

 

Осылайша, жабдықпен қандай да бір хаттамаларды қолдау талап етілетін желілік функционалдылықты қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.         Фокин В.Г. Аппаратура систем синхронной цифровой иерархии, Новосибирск, 2001.

2.          Бакланов И.Г. Технологии измерений первичной сети, часть1,2. М.: Эко-Трендз, 2000.

3.          Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы. Технологи, протоколы.– СПБ.: Питер, 2004. – 864с.

4.         СклярБ. Цифровая связь. Теоретические основы и практическое применение. Изд. 2-е, испр.: Пер. с англ. – М.: Издательский дом "Вильямс", 2003. – 1104 с.

Лидовский В.И. Теория информации. – М.: Высшая школа, 2002. – 120с.