Желилова К. А.
Азаматтық авиация
академиясы, аға оқытушы
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫС
ОРНЫН АВТОМАТТАНДЫРУДА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық технологиялар қазіргі
заманда қарқынды және жылдам дамып келе жатыр. Бірақ
дегенмен де ақпараттану әлі ғылым деп есептелмейді. Біз
білгендей, әр ғылым дамығанда, адамзатқа небір пайда
немесе жақсылық әкелуге бағытталады.
Ақпараттық технологиялар адамзатқа деген көмегі – адамзат
қозғалысындағы біріңғай процестерді
автоматтандыру. Жылдан жылға халық саны өсіп келеді, сонымен
бірге олардың сұраныстары өсіп келе жатыр. Адамзат
21-ғасырға ақпараттық технологиялармен бірге аттанады.
Күнделікті өмірде жан жағыңа қарасаң,
ақпараттық технологиялар элементтерін әрбір жерден
көруге болады. Көшеде тұрған банкоматтар, сатушылар
қолданатын компьютерлер, бұлар алғаш пайда болған
ақпараттық технологиялар көріністері. Келе-келе бұндай
ақпараттық технологиялар адамзат шаруашылығының
әр саласына ене бастады. Алдымен интернет, көбімен бізге почта,
кітапханаға баруды алмастырды, жазу редакторлары баспа машиналарын
алмастырды, сызуды жобалау бағдарламалары үлкен парақтар мен
сызғыштарды алмастырды. Ал ең дегенде үлкен жетістік ол -
деректер қоры. Деректер қорылары үлкен-үлкен, талай
шаршы метр алатын мұражайларды алмастырды. Бірақ бұл шешімдер
тек жергілікті, локалды түрде ғана жауап бере алды. Үлкен
жүйелерді автоматтандыратын қажеттілік пайда болды. Яғни
кішкене ғана процесті бейнелейтін емес, сол процестерді жиып, бір-бірімен
байланыстырып, орталықтан басқарылатын жүйелер жасау керек
болды. Мысалға ондай жүйелердің ең жарқын
көріністері: теміржол қозғалысын автоматтау, банктік жүйелер[4].
Қазіргі
барлық жұмыс орындары автоматтандырылған жүйеге көшкен
сонымен қатар қазақстандық зерттеушілер де
жүргізуде. Бұл зерттеулердің барлығы да
ақпараттық технологиялар көмегімен ақпараттарды
қабылдау ерекшеліктерін үйрену, ара қашықтықтан
оқыту арқылы білім беру жүйесін жетілдіру және білім
сапасын арттыру мен бағалауда
тиімділігін көрсетулерімен
байланысты.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің
сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш
машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш
машиналарының желілерін құруға байланысты болып
табылады. Осыған байланысты қоғам
ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік
деңгейде шешуі қажет.
Жалпы деректерді өңдеу
жүйесінің әкімшілігі дами отырып, автоматтандырылған
жұмыс орнын (АЖО) басқаруға көшеді.
Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) – ЭЕМ
мен адамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз
ететін, программалық-аппараттық құралдар
жиынтығы. Ол келесі функцияларды іске асырады:
-
ЭЕМ-ге ақпараттарды енгізу
мүмкіншілігі;
-
ЭЕМ-нен ақпаратты
мониторға, принтерге және т.б. шығару.
Енгізу құралдары мәтіндік,
координаттық, факсималдық сияқты енгізілетін
ақпараттардың кең түрдегі жиынтықтармен
қамтамасыз ету керек. Сондықтанда АЖО әмбебап немесе арнайы
пернетақта, координатты ақпаратты енгізу құралы
(тышқан), әр түрдегі сканерлер секілді
құралдармен жабдықталған[1].
АЖО ЭЕМ-не шығарылатын ақпараттарды
таныстыру Формаларының жиынтығын жоғарлату мақсатында,
түсті мониторлар, дыбыс сигналдары және сөйлеу сигналдарын
жасау мен басқару амалдарымен қамтамасыз етілген.
Автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерді құру үшін деректер қоры
қолданылады. Деректер қорымен жұмыс жасауда программа желілік
тұрғыда болу керек. Осыған орай әртүрлі
пайдаланушыларға рұқсат
құқықтарының бөлінуі, қажетті
қамсыздандыру, шек қоюлар және басқа ережелердің
іске асырылуы деректер қорының
сервер құралдары арқылы іске асады. Деректер
қоры білім қорын жүйелендіру функциясын атқарады.
Осы жүйелендіру негізінде жаңа білімдер пайда болады. Солай немесе
керісінше болсын қандай да бір деректер қоры адамға
өткен шақта болып өткен құбылыстарды
сипаттауға және осы құбылытарға
байланысты ақпараттар, білімдер негізінде келешекке белгілі шешім
қабылдауға қызмет етеді[2].
Деректер
қоры дегеніміз - бұл, бәрінен де бұрын, белгілері
бойынша ізделетін мүмкіндіктерімен сипатталатын деректер обьектілерін
сақтаушы, деректер қорымен сипатталатын пайда болушы
құбылыстар немесе түсініктемелер.
Деректер қорын басқару жүйесі
(ДҚБЖ) – дегеніміз, деректер қорын құру, толтыру,
жаңадан құру және өшірілуі үшін
бағдарламалы құралдар.
Деректер қорын басқару жүйесі
үш түрге анықтауға болады:
-
дербес;
-
мамандық;
-
нақты тапсырыспен арнайы
жасалатын.
Дербес деректер қорын басқару жүйесі
қолданыстың тура белгіленген жағына ие емес, «өмірдегі
бар жағдайға ептелген» және қолданушыдан арнайы білімді
талап етеді. Маманды деректер қорын басқару жүйесі
сияқты, универсалды өндірісті әріректей арзан, жеткілікті
сенімді және жұмысқа жылдам дайын.
Маманды деректер қорын басқару
жүйесі бухгалтерлік, банктық және тағы басқа
жұмыстардағы деректерді басқару үшін құрылады[3].
Тапсырыспен жасалатын деректер қорын
басқару жүйесі тапсырыс берушінің максималды дәрежеде
жұмыс спецификасын есепке ала отырып жасалынады. Бұл жүйе аз
емес мәнге ие шығындарды талап етеді және жұмысқа
дайындалуы, жетілдіру жұмыстары да аз емес уақыт кезеңін
алады, яғни бірнеше айдан бірнеше жалға дейін. Қолданушыдан
маманды білімді талап етпейді.
Жалпы осы берілген жүйе
құндылығы, оның сақтау және өзгертуі
мүмкіншіліктерімен анықталады, сонымен қатар уақыт
өте келе жаңа ақпараттарды енгізуге болады.
Автоматтандырылған
ақпараттық технологиялар келесі процедуралардан
құралады:
-
бастапқы деректерді тіркеу және
жинақтау;
-
ақпараттаық массивтерді әзірлеу;
-
мәліметтерді өңдеу, жинақтау
және ұзақ мерзімде сақтау;
Нәтижелік
ақпараттарды қалыптастыру, деректер көзінен оны
өңдейтін орындарға жеткізу (1-суретте мәліметтерді
беру) және нәтижелерді (түрлі анықтамалар,
техникалық паспорттар, алынған құжаттар, т.с.с.)
тұтынушыларға беру әдістерін зерттеу .
![]()


1 сурет - Автоматтандырылған жүйенің құрылымы
Автоматтандырылған
жұмыс орнының мамандандырылған бағыты бағдарламалық жасақтың функциональдық бөлігімен анықталады.
Мұнда бағыт белгілі
маманға ғана арналады, анықталған
пәндік аймақта есептің шешілуін қамтамасыз етеді.
Функциональдық бағдарламалық жасақты
құрған кезде «адам-машина» байланысын ұйымдастыратын сұраққа көп
көңіл
бөлінеді. Егер қолданушы пайдалы, керек іспен
айналысып жатса, онда оған
ЭЕМ –де жұмыс істеу қызықты болады. Кері
жағдайда оны келеңсіз
жағдайларға ұшыратуы мүмкін, барлық
бағдарламалық жасақтарға немесе ЭЕМ- де жұмыс
істеушілерге жаман әсерде қалуы мүмкін.
Ақпараттық процесстер – адамдар арасында, тірі организмдерде,
техникалық
құрылғыларда
және қоғамдық өмірде информацияны
тасымалдау, жинақтау мен
түрлендіру процесі. Мәліметтер қоры –
қоғамның
қандай да бір
саласындағы немесе оның бөліміндегі нақты
объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен
құруға болады:
1. Программалаудың алгоритмдік тілдері – Бейсик, Паскаль
2. Программалау ортасы
көмегімен Visual Basic,Delphi.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп
аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен-Access,FoxPro[5].
Қорытындылайтын
болсақ, автоматтандырылған
жүйе – бұл жас білім саласы.
Ол 30-40 жыл шамасында тез дамып келе жатыр. Сол себептен біз оған ілесіп үлгеруіміз керек.
Шынымен де, қазіргі заманда ақпараттық
технологиялары мәліметтер
қорынсыз елестету қиын.
Көптеген жүйелер
қайсысы бір буыны
ақпаратты ұзақ уақыт сақтау және өңдеу функциясымен
байланысты.
Ақпараттық
ағын кеңейіп, мәліметті өңдеу
жылдамдығын арттыру қажеттілігі туындады. Енді көптеген операциялар
қолмен орындала алмайды.
Олар аса перспективті компьютерлік
технологияларды қолдануды талап
етті. Кез келген
әкімшілікті
есептеуді орындау ағымдағы жағдайды өзгеру мүмкіндігі перспективасын нақты
және орнықты бағалау. Егер бұрында жағдайды бағалау кезінде қолмен есептеле алынатын бірнеше
оншақты фактор қатысса, енді мұндай фактор жүздеген және жүз мыңдаған.
Сол себепті жағдай жыл ішінде емес, бірнеше минут ішінде өзгереді. Әрине,
мәліметтер қорында сақталған өндіріс ақпараттық
моделінсіз елестету қиын.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Э.В. Фуфаев., Д.Э.Фуфаев База данных
Москва, Изд. «Академия» - 2009-12-17
2.
Карпова Т.С. База данных: модели,
разработки, реализация.-СПб.:Питер, 2001
3.
Золотова С.И. Практикум по Access.
Финансы и статистика, Москва,2000.
4.
Халықова Г.З. Мәліметтер
қорын басқару жүйесі. Алматы, 2004
5.
Гончаров А.Ю. ACCESS 2003
Самоучитель с примерами Москва 2004
Түйін
Мақалада
- кәсіпорынның жұмыс орнын автоматтандыруда деректер
қорын құрудың жан-жақты бағыттары мен
әдістері қарастырылып, талданған.
Аннотация
В статье рассмотрены всесторонние направления и
методы создания базы данных автоматизировонного рабочего места предприятия.
Annotation
The article deals with comprehensive directions
and methods to create a data base the
automated work place enterprise.