ҚР ЕТ ӨНЕРКӘСІБІ

Жумагельдина Айзада

Алматы Технологиялық Университеті, 3 курс, Алматы, Қазақстан

 

         Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Әлемде көптеген өнім түрлері бойынша ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі болуға еліміздің әлеуеті мол. Қазіргі таңда біз астық пен ұн өнімдерінің ірі экспорттердің бірі болып табыламыз. Елімізде жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылықты әртараптандыру нәтижесінде 2021 жылға қарай азық-түлік тауар экспортын 40%-ға дейін көбейту көзделіп тұр.

         Экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылық өнімдерінің қатарында қазақстандық ет өнімдері де бар. Ет — ет комбинатында сорғыған, салқындатылған, мұздатылған қалыпта сақталады. Сиыр етінің ұшасы үш сұрыпқа бөлінеді:

-     бірінші сұрыпқа — сан еті, жамбас, белдеме, арқа, жауырын, төс;

-     екінші сұрыпқа — мойын мен төстік;

-     үшінші сұрыпқа — ауыз омыртқа мен кәрі жілік және асықты жіліктің басы жатады.

Етті бағыттағы сиыр түрлері:  қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік. Қырдың қызыл сиыры ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақстанда бірінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі келісті, конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді.

Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың химиялық  құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 — 70% аралығында.

         Еліміз жыл сайын 60 мың тонна көлемінде етті экспорттауды жоспарлайды. Сарапшылардың көз қарастары бойынша, белгіленген көлемде етті экспортқа шығару мақсатына қол жеткізу үшін үкімет ең алдымен, ішкі нарықты жұмыспен толық көлемде қамтамасыз етуді бастауы тиіс.

Тек осы бірінші кезектегі шара өз ішімізде етті пайдаланудың қажеттілігін жаба алар еді, ал содан кейін ғана сыртқы нарықты иегере бастауымыз қажет. Бүгінде қазақстандықтар жылына 400 мың тонна ет тұтынады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сүйенсек, қолданылып отырған еттің 95 пайызы - отандық өндірістен шығады. Қалған 5 пайызы- Австралиядан, Бразилиядан және Аргентинадан әкелінеді. Ет өнімдерін шығару кезінде, мысалы, консервілер және т.б. көбірек пайдаланылады. Бұл кезекте ауыл шарашылығы министрлігі ішкі нарықты етпен қамтудағы өз жұмысының қорытындысы деп мыналарды атап өтеді: аналық мал басы көбейген, ангус пен герефорд тұқымдас малдар әкелінген, қолда бар малдың есебі жүргізілген. Осылайша, бүгін елімізде 5 миллион 900 мың ірі қара мал басы бар деп саналып отыр. Бұдан бұрын жергілікті атқарушы орган ұсынған деректерде бұрмалаушылықтар болған және ол бойынша 8 миллионға таяу ірі қара мал басы бар екендігі куәландырылған. Бүгінгі күні ауыл шарушылығы министрлігінің нақты деректері және мал шаруашылығы саласының нақты бейнесі бар. Бір мезгілде 105 мың малды ұстауға мүмкіндік беретін мал бордақылау алаңдары салынған. Экспортты 60 мың тоннаға жеткізу үшін 120 мың мал сиятын мал бордақылау алаңдарын ашу қажет. Және тағы маңызды қол жеткізудің бірі - жеке шаруашылықтағы мал басы санының 80 %-дан 67% -ға дейін қысқаруы. Бұл дегеніміз, ірі қара мал ақырындап жеке қолдан ұйымдастырылған шаруашылықтарға өтіп жатыр деген сөз, бұл өз кезегінде, осы саланың дамуына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді.

         Әлемде ірі қара етінің экспорты 7322 мың тоннаны құраса, ет импортының көлемі 6696 мың тонна болған екен. Халық саны өсіп, тұрмысының жақсаруы етті көптеп тұтынуға әкеледі. Бұл ретте етті негізгі өндіруші елдер шарықтау шегінде тұр, сондықтан сұранысты одан әрі қанағаттандыру үшін жаңа өнім жеткізушілер қажет. Осы орайда Қазақстанның бірнеше артықшылығы бар.

Біріншіден, ет өнімінің өзіндік құнын азайтып, шығынды азайтуға мүмкіндік беретін жайылымдық жерлер жеткілікті.

Екіншіден, мал бордақылау технологиясы экологиялық жағынан таза. Үшіншіден, Ресей жақын болғандықтан, тасымал шығыны төмен.

Төртіншіден, Кедендік одақтың тиімділігі қазірдің өзінде көрініп отыр. Бесіншіден, мал шаруашылығы Қазақстан үшін ата кәсіп екендігі белгілі. Қазақстан етін Ресейдің Мәскеу, Орынбор, Екатеринбург, Челябі, Омбы, Новосібір, Барнаул қалаларына жеткізген әлдеқайда тиімді

. «Қазагроөнім» АҚ-ның 2017 жылғы қаңтардағы есебі бойынша орамдағы салқындатылған еттің әр келісінің бағасы Қазақстандағы орташа бағасы 1550 теңге болса, Мәскеуде - 1700, Санкт-Петерборда - 1770, Алтай өлкесінде 1800 теңге. Сонда көлік шығынын есептегенде, қазақ етін Мәскеуге - 2000, Санкт-Петерборға - 1990, Алтай өлкесіне 2000 теңгеге жеткізуге болады.Яғни, баға жөнінен Қазақстандық ет Мәскеу, Барнаул, Омбы, Новосібір, Алтай өлкесінде бәсекеге қабілетті. Сапалы етті сыртқа шығару үшін республика облыстарының қолайлы жерлерінде мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын орналастыруға болады. Айталық, «Қазагро» холдингі жалпы қуаты жылына 8,2 мың тонна ет өндіретін 10 бордақылау алаңын және жылына 14,9 мың тонна өнім беретін 4 ет комбинатын қаржыландырып отыр. Шетелдік технологияға негізделген осындай өндіріс орындары толық қуатында жұмыс жасайтын болса, экспортқа бағытталған ет өнімі көлемін де арттыруға болады.

ҚР-да ет экспортын көбейту үшін келесі шараларды жүргізу қажет:       

1 Ауылшаруашылыққа маманданған жоғары оқу орындарында  мал дәрігері мамандығына грант санын көбейту, кәсіби мамандар даярлап шығару.

2 Ірі қара малды екі ай сайын мал дәрігеріне көрсету (керекті екпе

уақытында егу, ірі қараның имунитетін көтеру, витаминдер беру  және т.б)

3 Сапалы мал азығын дайындау

 

Пайдалынған әдебиеттер:

Обработала

1.     начало статьи взила вот отсюда  http://www.inform.kz

2.     дальше в гугле и в википедии

3.     Бахытгуль Толегеновна Не знаю что суда написать

 

        

 

Айзада, мақаланың көлемі 3 толық бет болуы тиісті. Сандық мәліметтер мен жылдарды жаңарту қажет (2010 жыл мәліметі қазіргі кезде өзекті емес, 7 жыл өтті). Әдебиеттердің атауын толық жаз (мемлекеттік бағдарлама мен қай мақаладан мәліметті алдын).

         Тек қарамен белгіленген мәтіндерді өзгерт, басқасын мен дұрыстадым.

         Жөңдегеннен кейін менім поштама тағы да жібер, тексеріске.

         Бәрі жақсы болса, мақаланы басылымға жібереміз.