Экономика /Банки и банковская система/
Капанова Шолпан Аманжоловна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
Айтмахан Айдос Маратұлы
Фин-17-5 оқу тобының студенті
АҚША - НЕСИЕЛІК РЕТТЕУ
ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
1970
жылдардан бастап көптеген дамыған елдерде экономикалық
ғылымның неоклассикалық
(жаңа классикалық) мектебінің монетаристік бағыты экономиканы
ақша-несиелік реттеудің мемлекеттік бағдарламаларының
теориялық негізіне айналды. Монетаристік теория айналыстағы
ақшалардың қажеттi көлемiн сақтау арқылы белгілі бір қаржы құралдарының көмегiмен экономикалық жағдайды реттеу
жолдарын ұсынады.
Монетаристік
теория ақшаның сандық теориясының негiзiнде пайда болған.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар француз ойшылдары
Жан Боден және Ш.Монтескье (1530-1596, 1689-1755), ағылшын философ
Дж Лок (1632-1704), Д.Риккардо (1772-1823), Д.Юм (14711-1776) болды. Олар негізінен
айналыстағы
ақшалардың саны мен
бағаның
өзгерістері арасындағы
тәуелділікті
және олардың өзгерісіне ықпал ететін өзге
де факторларды зерттеді.
Кейін
ақшаның сандық теориясы 2 бағытта өрбіді.
1-бағытты (трансакциялық) ұстаушылар Американ экономисі
И.Фишер (1867-1947), 2-бағытты
(трансакциялық) ұстаушылар А.Маршалл (1842-1924), Дж. М. Кейнс (1936) болды.
М.Фишер айналыстағы ақшалардың
саны мен
айналыс жылдамдығы және
баға мен тауар
өндiрiсi
өзгерiсi
арасындағы
тәуелділікті зерттеді.
Кейін 2 бағытты ұстаушылардың арасында да ақшаның
экономикадағы ролi мен ықпалы жөнiнде бiр-бiрiмен
қарама-қарсы көптеген пікірлер пайда болды. Соның
iшiнде кейнсиандық және
монетаристiк теория ерекше орын
алды. Бұл теориялардың екеуi
де ақшаның маңызы мен оның шаруашылық процесiне
ықпалын айқындап,
айналысқа қажеттi ақшалардың қолайлы санын
ұстап тұру арқылы экономикалық
жағдайға ықпал етуге
болады деп санағанмен, ақша массасының көлемiн
тұрақты күйде ұстау тәсiлдерiн
ұсынған кезде пiкiрлерi
үйлеспедi. Сондықтан олар кейнсиандық және монетаристiк
болып бөлiндi.
1920-30
жылдары ақшаның сандық теориясының
тұрақсыздығы белгілі болады, сөйтіп олардың
өкілдерінің ойынша ақшаның айналыс
жылдамдығының өзгеріссіз болады деген пікірлері орындалмай,
керісінше ақшаның айналыс жылдамдығы күрт өзгере
бастайды. Сонымен қатар, 1929—1933 жылдарғы дағдарыс
олардың ақшаның сандық теориясы туралы негізін емес
керісінше әртүрлі көзқараста қалыптасқан
варианттарын теріске шығарды.
Бірақ 1960-1980 жылдары ақшаның сандық теориясы саяси экономиядағы
неоклассикалық ағымдардың бірі — монетаризм түрінде
қайта пайда болды. Оның
негiзiн американ экономисi М. Фридман қалады. Оның ақша
айналысын зерттеудегi құнды еңбегi «1867-1960 жылдарғы
АҚШ-тағы ақша айналысының тарихы» деп аталды.
Мұнда ол осы жылдар
аралығындағы айналыстағы ақшалардың
көлемiнiң өзгерiсi мен оның шаруашылыққа яғни,
жалпы экономикалық жағдайға ықпалын зерттедi.
Зерттеудiң нәтижелеріне сүйене отырып
М. Фридман айналыстағы
ақшалардың қажеттi көлемiн сақтау арқылы белгілі бір
қаржы
құралдарының
көмегiмен
экономикалық жағдайды реттеуге болатынын дәлелдедi.
1970 жылдары монетаризм терриясын үкіметтік ұйымдар стагфляциямен
күресте пайдаланып нәтижесі оң болғандықтан ол
кеңінен тарай бастайды. М.
Фридменнің мынадай тұжырымдары кеңінен таралды:
- ақшаның сандық теориясы
айналыстағы ақшалардың саны мен тауар бағаларының
деңгейі арасындағы себепті байланысты негіздейді;
- өнеркәсіптік айналымдардың
монетарлық теориясы бойынша шаруашылық конънктурадағы
ауытқулар ақша массасында алдыңғы болған
өзгерістермен анықталады;
- өндірістің нақты факторларына
ақшаның айырықша ықпалы болатынын көрсеткен;
- ақша көрсеткіштері мен
өндірістің нақты факторларының өзгерістері
арасындағы шығындардың өзгерістерінің болуымен
байланысты экономикалық реттеудегі мемлекеттік шаралардың
тиімсіздігі туралы пікірлері;
- «монетарлық ережесіне» (немесе k —пайыздар
ережесіне) сәйкес шаруашылық жағдайына, өнеркәсіп
айналымдарының фазасына тәуелсіз айналыстағы ақша
массасының жылына бірнеше пайызға дейін автоматты түрде
өсетіні;
- сыртқы экономикалық тендікті «өзін-өзі реттеуге»
арналған өзгермелі валюталық бағамдар жүйесі [4].
Сөйтіп
ол экономиканы ақша-несиелік
реттеудің мемлекеттік бағдарламаларының теориялық
негізіне айналады. Ұлыбритания, АҚШ, Германия және өзге
мемлекеттердің үкіметтерінің монетаристік идеяларды
тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің
тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы дағдарыстық
құбылыстардың дамуына жол беріп, осы елдерде
жұмыссыздықтың өсуін ынталандыра түсті.
Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар
пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Қазақстан
экономиканы ақша-несиелік реттеуде монетарлық теория
құралдарын
басшылыққа алады
және ҚР Ұлттық
Банкі түрлі ақша-несиелік реттеу құралдарының көмегімен ақша-несие
жүйесінің қызметін
қадағалап отырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Банковское
дело. У.М. Искаков. Учебник . – Алматы: Экономика, 2011
2. Устойчивость
банковской системы и развитие банковской политики : монография / коллектив
авторов ; под ред. О.И. Лаврушина. — М. : КНОРУС,
2016 — 280 с.
3. Усоскин В.
Современный коммерческие банк. Управление и операции. ЛЕНАНД.2014
4. kk.wikipedia.org