ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ
Абиева
С.Н., к.э.н. -Казахский Национальный Педагогический
Университет имени Абая,
Темирова Ж.- ЮКГУ им. М. Ауезова
Бүгінде Қазақстан - Достастық
елдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойыншакөшбасшы. Осы
көрсеткіш бойынша
әлемдік ауқымда,
біздің еліміз отыз
елдің тобында болып табылады. Соңғы 10
жылда шетелдік кәсіпкерлер Қазақстан
экономикасына 200 млрд астам АҚШ долларын салды. Олардың ішінде атап
айтсақ, ірі инвестор-елдер: Нидерландия, АҚШ, Швейцария, Франция,
Ұлыбритания, Қытай және Ресей.
Тәуелсіздік
жылдарында Қазақстан экономикасына 170 млрд АҚШ долларынан
астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Ал 2015 жылы
Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың көлемі
триллион теңгеден асып түсті. Бүгінде 2016 жылы екінші
бес жылдығы басталды. Ол жерде экономиканың 6 басым секторы белгіленген. Атап айтсақ,
металлургия, химия, мұнай-химия себебі, бізде Қазақстанның
оған қолайлы жағдайы бар.
Алайда, Қазақстанда осы күнге дейін мұнайлы
өлкелер инвестицияны көбірек тартты. Қазіргі таңда
инвестицияны, өнімділікті арттыру үшін жаңа
технологияға салу керек.
Өйткені өнім бар өнімділік аз, ол жаңа технологияның
жоқтығының әсері. Шетелдік инвестицияларды тартуда мемлекеттік механизм
іске асырылуда, атап айтсақ әлеуетті инвесторлармен және
Қазақстандық кәсіпорындармен 400-ден астам елдермен
меморандумға кол қойылған. 2011 жылдан бастап шетелдік инвестицияларды тарту іс-шаралар өткізілді, 40-тан астамбизнес форумдаршетелменөткізілген.
Қазіргі
танда шетелдік инвесторлар
үшін, миграциялық және
визалық режимді онтайландыру өте күрделі мәселе болғандықтан,
19 елмен екі жақты келісім-шарт жасақтап, 19 елдің азаматтары, яғни инвесторлар
Қазақстанға визасыз
кіретін болып жатыр. Жалпы сол
елдердің саны бүгінгі таңда
2016 жылы 36 болатын болса,
келесі жылдан бастап 55 ке дейін артады. Одан басқа 10 басым
шетелдер анықталған, олармен бірлесіп шетелдік инвестицияны тарту
мәселелерін қарастыру қолға алынуда. 2017 жылғы 31 қаңтарда
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» Жолдауында:
2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша
1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы
экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200
мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік
берді. Қазақстанда үшінші жаңғыртуды іске
асыруды қамтамасыз ету үшін
жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру қажет, екендігін баса назарға алды [1].
Осының аясында
қазіргі кезде мемлекеттің ең негізгі
алғышарттарының бірі инвестициялық белсенділікті
қамтамасыз ету.Ол үшін
мемлекеттікорталықтандырылған экономиканы инвестициялау
жүйесін ойлап табу қажет. Сақтандыру мен зейнетақы
қорлары, корлар, халықтық инвестиция компаниялары мен
шағын меншік иелері ақша ресурстарымен тиімді пайдаланып,
шоғырлай алатын инвестициялық институттардың дамуын мен
қалыптасуын ынталандыру қажет.Одан басқа тағы бір
мәселе Қазақстанның аймақтарындағы инвестициялық
климат. Ондағы өнеркәсіптің өсуі, оның
құрылымдылық қайта құрылуы, жаңа
технологияларды меңгеру инвестициясыз мүмкін емес.
Аймақтық саясаттың нәтижелілік
шарасына аймақтағы инвестициялық деңгейдің
құрылуының белсенділігі, оның инвестициялық әлеуеті
сыртқы инвесторларға салыстырмалы инвестициялық
тартымдылығы ықпал тигізеді. Әрине,жаhандану шарттарында
шетелдік инвестицияны тартуинвестициялық қамтамасыздандыру
мемлекеттің инвестициялық саясатының жалпы бағытына
байланысты. Бірақ сол кезде аймақтардың рөлін елемеуге
болмайды, өйткені соларда инвестициялық ресурстар
қалыптасады, инвестициялық жобаларға қол жеткізеді. Қазақстанның
инвестициялық белсенділігінің шарттары болып, инвестициялық
анықтамасының артықшылығының негізінде
инвестициялық
жобалардың пакетін іріктеу,жергілікті бюджеттің
инвестициялық бағытын күшейту, инвестициялық
қызметтің уйлесімділігі, инвестициялық кіріс көздерін
жұмылдыру, жергілікті қаржы нарығын дамыту. Осы ретте шетелдік инвестицияны тарту
стратегиясы мен реттеу механизмі рөліне аса көп мән
берілуі тиіс. Одан басқа Елбасымыздың 2014
жылғы қараша айындағы
Қазақстан халқына
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында таяудағы жылдардың
жаһандық сынақтардың уақыты болатыны
жөнінде ой толғап, әлемде экономикалық өсім
баяулап келе жатқанын ескертуі ел экономикасының барлық
салаларында туындауы мүмкін жайсыз әсерлерге қарсы
құралдар мен тиісті шараларды қолданатын алдын ала дайындықты
бастаудың қажеттілігін көрсетеді[2].
Қазақстан
Еуропада болсын әлемде болсын шетелдік инвестициялар тарту ахуалын
құруындағы ең
көсбасшы мемлекеттердің үлгісі ретінде ретінде
қабылданып отыр. Қазақстан
«Doing business» бизнес сараптамасы
бойынша 2016-2017 жылға
әлемде бизнеске қолайлы жағдай туғызу бойынша
соңғы мәліметтерге қарағанда 35 орынды алды [3]. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
аясында «Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік - 2020»,
«Экспорт - 2020» жобалары еліміздегі кәсіпкерік саласын мемлекеттің
барынша қолдап, оларға қаржыландыру мәселесінде
жаһандық шарттарында шетелдік инвестицияны тарутуда маңызды
жұмыс атқарып келеді. Нәтижесінде бүгінде
Қазақстан Республикасында 2015 жылдың қорытындысы
бойынша негізгі капиталға
салынған инвестициялар көлемі
бойынша 7024,7 млрд. теңгені құрап, яғни өткен 2014 жылмен салыстырғанда 3,7
пайызға өскен. Ал негізгі капиталға салынған
инвестициялардың технология бойынша құрылымында 56,3 пайызын-
үй –ғимараттарды салуға, сонымен қатар күрделі
жөндеу жасау қызметі жұмыстары, 27,2 пайызы – машиналар
мен жабдықтар, 16,5 пайызын - басқада шығындар алып отыр.
Аталған негізгі капиталға салынған инвестициялардың
негізгі қаржыландыру көзі кәсіпорынның меншікті
құралдары 57,6% болып табылады. Тартылған қаржы
құралдарының 6,3% банктер несиелері, 18,5%
бюджеттің қаржы
құралдары, 17,6% өзге де
қарыз қаржы құралдары құрайды [4].
Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалып
отырған қолдаудың дұрыс бағытта жүріп
жатқаны әлемдік деңгейдегі көрсеткіштерде кейбір
көрші мемлекеттерден алда
екенімізді байқауға болады. Осының аясында шетелдік инвестицияны тарту қызметі саласындағы
Қазақстанның заңдары Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарымен
сәйкестеледі.Бұл ретте интеграция процестерi ұсынатын
артықшылықтарды ең жоғары деңгейде пайдалануда,
сонымен қатар шетелдік инвестицияны тарту инвестициялық саясат
мақсаттарының бiрi болып табылады.
Қазақстанның инвестициялық
саясаты Қазақстанның Кедендік Одаққа
қатысуын және алдағы уақытта Дүниежүзiлiк
сауда ұйымына енуді есептеумен жүзеге асырылады. Мадақтау
және өзара инвестицияларды қорғау туралы, сонымен бiрге
қосарланған салық салуды болдырмау жөнінде шет
мемлекеттермен келiсiм жасасу бойынша жұмыс жалғасын табуда. «Doing
business» рейтингінде Қазақстанның позицияларын жоспарлы
жоғарылату бойынша және Дүниежүзілік экономикалық
форумның жаhандық бәсекеге қабiлеттiлiк индекс көрсеткiштерiн жақсарту бойынша
шаралар қабылданды.Осыған байланысты
Қазақстанда шетелдік инвестицияны тарту стратегиясы мен реттеу механизмін іске асыра отырып, 2015 жылдың төртінші
тоқсанында негізгі капиталға инвестициялар Қазақстан
экономикасының дамуына
жағымды әсер етуін жалғастырған. 2015 жылы өткен
2014 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялар 6,5%
есе артып 7024,7 млрд теңгені құраған.
Сәйкесінше,
Қазақстанның экономикалық өсуінің
сапалы нәтижесін көрсететін
жалпы ішкі өнімінің көлемі
2014 жылы 39675,8 млрд тенгені
құраса, ал 2015 жылы
40884,1 млрд тенгені құрап, оның
17,1 %-дық үлесін негізгі
капиталға салынған
инвестициялар алып отыр. Инвестиция деңгейі
қоғамның ұлттық табысының көлеміне
айтарлықтай әсер етеді, егерде неғұрлым инвестицияны
көп салсаң, соғұрлым ұлттық байлықтың көлемінің
өсуіне тікелей әсер етеді
деп есептейміз.
Кесте 1- Аймақтардағы
негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты
көлемінің индекстері ,
өткен жылға %-бен
Қазақстанда шетелдік
инвестицияны тарту механизмін
іске асыра отырып, негізгі капиталға салынған
инвестициялардың нақты көлемінің индекстерін
өткен жылға пайызбен Қазақстан
Республикасының 14 облысы мен екі маңызы бар үлкен қалалар бойынша
1-кесте арқылы көреміз. Мұнда негізгі
капиталға салынған
инвестициялардың нақты көлемінің индекстері
Қазақстан бойынша
соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріссіз 2014 жылы 104,2
пайыз болса, 2015 жылы 103,7 пайызды
құрап немесе 0,5 пайызға төмендегендігін
байқаймыз. Облыстардың арасында
2015 жылы Атырау 26,7 %,
Батыс Қазақстан 32,1 %, Павлодар 23,8 %, Солтүстік қазақстан 29,2
%, Шығыс Қазақстан
15,9 % өткен жылдағы
пайыздық салыстырмада
өскен. Керісінше, Жамбыл облысы
2013 жылы алдынғы жылға қарағанда 55,9%-ға артық инвестиция салса, ол 2015 жылы
9,2 %-ға кеміген.
Осылайша, Қазақстан өңірлерінде шетелдік
инвестицияларды тарту, негізгі капиталға салынған
инвестициялардың нақты
көлемінің индекстері
бойынша соңғы 5 жылда
салынған инвестицияның пайыздық көрсеткіштері жағымды
оң нәтижелі деп
есептейміз.
Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар
экономиканың өндірістік негізі – халықаралық
өндіріс жүйесін дамыту болып отыр. Халықаралық
инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы
маңыздылығы оның капиталдардың жинақталған
елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге ағылуы
болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік
қоғамның тұрақты әрі біркелкі дамуы
қамтамасыз етіледі .
Қазіргі кезде және
перспективада тікелей шетел инвестицияларын тартудың негізгі нысаны - шағын, орта және ірі бизнесті біріктіруші
бірлескен кәсіпорындар. Бірлескен кәсіпорындарды
ұйымдастыруда кәсіпорынның негізгі қорлар
құрамына кіретін жаңа материалдық және
қаржылық ресурстары тартылады. Сонымен қатар, серіктестер
қызығушылықтарының бірігуі өндірісті жетілдіру
мен өнімді өткізу нарығын жаулап алуды көздейді.
Алайда,
қазіргі уақытта шағын және орта бизнес
субъектілерінің ЖІӨ-дегі үлесінің 20% аз мөлшерде
болуы, кәсіпкерлеріміздің және жалпы халықтың
белсенділігінің төмендігін байқатады. Қазақстан
үкіметі отандық кәсіпорындардың төмен
инвестициялық белсенділігіне байланысты экономиканың
құрылымдық жетілдіруін қаржыландыру үшін шетелдік
инвестицияларын тартуды басым бағыт
ретінде қарастырады. Шетелдік инвестициялары Қазақстан
экономикасын қайта құру мен дамытуда, сонымен қатар
жалпы ішкі өнімнің өсуіне де ықпалын тигізіп,
маңызды рөлге ие болып отыр деп айтсақта артық болмас
еді. Біздің ойымызша шетелдік немесе отандық болсын инвестицияның
көмегімен өндіріс өсімін ынталандыруға, жаңа
технологияларды дайындауға, еліміздің артта қалып
отырған аймақтарын дамытуға болады деп есептейміз.
Сондай-ақ республиканың табиғи ресурстарын шетел
инвесторларының пайдалана алуына қолайлы жағдай жасау керек.
Кеңестік кезеңінде Қазақстанда инвестициялар шикізат
салаларына бағытталып отырған. Республиканың минералды
шикізат ресурстары шетел инвесторлары үшін тартымды және инвестициялық саясаттың негізгі мәселесі
жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру болып табылады [5].
Жалпы, Қазақстанда шетелдік
инвестицияны тарту экономикалық өсу мен
ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатуды
анықтайтын ең маңызды фактор. Соңғы
кезде кейбір сарапшылардың пікірінше, инвестициялар пайда алу мақсатында, ұлттық экономиканың
өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы сияқты
салаларға бағытталатын ұзақ мерзімді салымдары, деп нақты
берілген. Тартылатын шетелдік инвестициялар кез-келген мемлекеттің экономикасында
шикізаттық емес секторы үшін де қажет болып табылады.
Осылайша, аймаққа инвестиция тарту негізінде
мынандай ұсыныстар жасауға болады:
-
Капиталдың
қаржы секторынан нақты секторға ауысуын қамтамасыз ету
тетігінқұру;
-
Аймақтағыиндустриалды-инновациялық
даму стратегиясын іске асыруын қадағалау;
- Аймақтағы
кәсіпкерлердің, оның ішінде артта қалған аудандарда
инвестициялық сұранымын
белсендіру;
-Аймақта
инвестицияларды тарту мен үлестіру үдерісінде зерттеулер
рөлінкүшейту.
Қорыта айтқанда, осындай аймақтың
инвестициялық ахуалын
инвестициялық қатерлердің алдын алуға себеп
болады. Біздің ойымызша, аймақтағы салалар мен
өндірістердің кластерлік дамуымен
инвестициялық сұраным
көлемі артуда. Аймақтық инвестициялық стратегияны
қалыптастыру кезінде кластерлік тәсілді есепке алу инвестиция
тиімділігін арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы, 2017 жылғы 31 қаңтар
2.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа
бастар жол» 2014 ж.
3.Распоряжение
Премьер-Министра Республики Казахстан от 23 июля 2014 г. № 105-р «Об
утверждении Плана мер по вхождению в первую 30-ку стран рейтинга
«DoingBusiness» Всемирного банка к 2016 году».
4.Официальный сайт Комитета по
статистике Министерства национальной экономики [Элек-трон. ресурс]. – URL:
www.stat.gov.kz 2016г.
5Инвестиции и
инновации: нелинейный синтез /У.Б. Баймуратов; КазГЭУим.Т.Рыскулова. - Алматы:
Экономика, 2005. - 320 с.