Экономика /Менеджмент и маркетинг

Капанова Шолпан Аманжоловна

 «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

Бекешева Дана Айтбаевна

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

ЖОБАНЫ БАСҚАРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ ТИІМДІЛІГІ

 

Жобаны басқару шеңберіндегі менеджмент тиімділігі – басқару нысанындағы мақсатқа жетуде пайда болған тиімділікті, пайдаланған ресурстар мен шығындарды салыстыру арқылы анықталған әлеуметтік-экономикалық нәтижені қамтамасыз етуі. Басқару шеңберіндегі менеджмент тиімділігінің экономикалық мәні – басқаруға керекті қолда бар ресурстар (шығындар) арқылы басқару нысанында ең үлкен экономикалық нәтижені қамтамасыз ету.

Компаниядағы экономикалық нәтиже таза табыс пен пайданың шамасы арқылы айқындалады. Сондықтан, менеджменттің экономикалық нәтижесін анықтағанда оның шамасын анықтаумен қатар оның бөлінуі мен тұтыну тиімділігі ескеріледі, яғни акционерлік қоғамды дамытуға және болашақта жаңғыртудағы әлеуетін қалыптастыруға бағыттау, қажетті пайданың мөлшерін анықтау қажет. Әлеуметтік-экономикалық жүйе тұрғысынан әлеуметтік нәтиже жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мен сапасы арқылы байқалады.

Жобаны басқару шеңберіндегі менеджмент тиімділігі нәтижені өндіріс шығындарымен, пайдаланған ресурстармен салыстыру арқылы есептеледі. Сонымен қатар, мақсатқа жету үдерісінде менеджерлермен көбірек қолданатын маңызды әсер ету құралдары болуы шартты. Мұндай құралдардың ішінде стратегиялық жобаны басқару шеңберіндегі менеджментті бағалауды, қызметкерлерды ынталандыру әдісін, бақылау жүйесін атап өту керек. Жобаға әсер ететін құралдарын бағалауда, таңдаудың дұрыстығына талдау жасау, яғни жүргізілген жұмыстардың жеке элементтері бойынша жағдайын, сапасының, іске асырудың нәтижесі мен тиімділігінің сәйкес келуі. Жобаға әсер ететін құралдарын мен әрекеттестікті басқару тиісті мүмкіншілігімен немесе басқару әлеуетімен (ақпараттық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық) сипатталады. Сондықтан да жобаны басқару шеңберіндегі менеджменттің тиімділігін бағалауда басқарушылық әлеуетін пайдалану деңгейі анықталады.

Нарықтық және мемлекеттік реттеуге сыртқы байланыстың тиімді іске асырылуы, сонымен қатар олардың әрекеттестігіне әсер етеді. Осы облыстардағы жобаны басқару шеңберіндегі менеджмент тиімділігі әсері мен әрекеттесу қүралдарын таңдау әсер етуші факторлардың кешендігі және оның әр уақытта өзгеріп отыратына байланысты ол өте күрделі мәселе болып саналады. Сондықтан да менеджерлер үшін осы немесе сыртқы ортаның көрсеткіштерінің басқа жағдайлардағы өзгеруін байқауы маңызды болады.

Аталып өтетін жағдайлар, нақты сыртқы ортада компанияның өнімі сатылады, оның іс-әрекетінің негізгі нәтижесі мен оның жекеленген түрлері анықталады. Бұдан шығатын қорытынды, сыртқы мемлекеттік органдарымен, нарықтық инфрақұрылымдармен және кәсіпкерлік секторларымен жұмыс менеджментінің қызметін іске асыруда басымдылық және ерекше саласы болып саналады, ол жұмыс едәуір дәрежеде оның тиімділігін анықтайды.

Жобаны басқару шеңберіндегі менеджмент тиімділігі келесі бағыттар бойынша бағаланады:

- нақты жобаны бағалау мақсатын негіздеу және орнықтыру;

- жобаны бағалау көрсеткіштерін іріктеу критерийлерін таңдап алу;

- осы өнімге деген қажеттілік пен акционерлік қоғамның мақсатының табыстылығын анықтау;

- жобаның мақсаты мен  қажеттілігін сәйкестендіру;

- жобалардың негізгі нәтижесі мен қажеттіліктерін сәйкестендіру;

- жобаны басқару шеңберіндегі менеджмент нәтижелілігін анықтауы;

- жобаның мақсаттық ресурспен қамтамасыз етілуі негізінде;

- жоба бойынша негізгі нәтиженің ресурстармен ара қатынасы бойынша;

- экономикалық нәтиженің пайдаланған ресурстардың әрбір түрінің, басқаруға жұмсалған шығындардың шамасына қатынасы;

- әрбір пайдаланылатын  ресурстардың тиісті әлеуеттік шамасына қатынасы;

- стратегиялық, еңбек ынталандыруға, басқаруды ұйымдастыру нысаны сияқты әсер ету тетіктерін жасау және іске асыруға байланысты басқару менеджменті үдерісінің тиімділігін анықтау;

- ақпараттық, ғылыми-технологиялық, экологиялық, кадрлық  ресурстық, ұйымдастырушылық сияқты факторлардың түрлерін пайдалану мөлшері бойынша анықтауы;

- экологиялық, әлеуметтік ғылыми - инновациялық, ұйымдастырушылық нәтижелерін анықтауы;

- әлеуметік-экономикалық жүйенің әрбір әлеуеттік түрлерін пайдалану тиімділігін анықтау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Ахметов Қ.Ғ. Менеджмент негіздері. Жоғары оқу орындырының студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы  2003 ж. 252 бет.

2 Фунтов В. Н. Основы управления проектами в компании : учебное пособие по дисциплине, специализации, специальности "Менеджмент организации". – М. – СПб. [и др.] : Питер, 2011. – 394 с.