УДК 502.131.005

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

 

Исаева А.Т. - э.ғ.к., Жузбаева А.Т.- э.ғ.к., магистрант: Аманкосов А.Ж.

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарда біздің еліміздің іс-қимылдарының және дауының ауқымды және нақты жоспары баяндалған. Жолддау ерекше мағыналығымен,жаңалығымен және нақтылығымен айрықшаланады, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасуындағы ең маңызды сәттер қамтылып көрсетілген, сонымен қатар экономиканың тиімділігіне, табиғатты тиімді және ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға үлкен рөл жүктеледі.

Экологиялық менеджемент  – экономикалық иерархияның əртүрлі деңгейінде пайда болатын – кəсіпорын мен муниципалитеттен бастап, ұлтаралық жəне əлемдік экономикаға дейін, көптеген табиғи ресурстың жəне экологиялық проблемалардың шешімін басқаратын əдістер жиынтығы мен қатынастар жүйесін айтады. Өндіру жəне тұтыну үрдісінің экологиялық қауіпсіздігі, ресурсқорғау жəне экологиялық қауіптерді минимализациялау деңгейлерін көтеру əдістерін негіздей отырып, экологиялық менджемнт: компаниялар үшін – шегерімдерді үнемдеу аумағындағы мүмкіншілікті қалыптастыруды, жаңа экологиялық нарықты үйренуді, осы негізде бəсекелестікті көтеруді; мемлекеттер мен региондар үшін – қазіргі жəне болашақ ұрпақтар көзқарастарын есепке ала отырып, қоршаған табиғи ортаның сапасын көтеруді; табиғаттың өзіне – биотүрлілікті жəне табиғи ресурстардың байлығын қолдануды қарастырады.

Корпоративті экологиялық менеджмент жүйесінің түсінігі. Фирманың экологиялық стратегиясының өңдеуі барысында анықталған мақсатты құрылғыларға қол жеткізу жəне іске қосу үшін кəсіпорын корпоративті экологиялық менеджмент жүйесіне сəйкес болуы керек. Корпоративті экологиялық менеджмент (берілген анализ деңгейінде) – қоршаған ортаны қорғау кəсіпорны басқармасының жүйесі, ресурсжинақтаушы, экологиялық мақсат пен тапсырма орнату қатысымен өңделген өнімнің тұтыну жəне өндірілу, ресурстарды орналастыру, міндеттерді, тағайындау жауапкершілігін, міндеттерді (ішкі бөлімшілер мен фирма персоналы арасында), сондай-ақ тиісті əдістерді, процедураларды, үрдістерді үнемі бағалаудың экологиялық қауіпсіздігі ретінде анықталады.

Кəсіпорындағы экологиялық басқарудың мақсаты – қоршаған ортаның жағдайына өндірістер мен шығарылған өнімнің зиянды əсерін шектейтін нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыздандыру жəне табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, оларды қайта қалпына келтіру мен жаңғырту.

Өндірістік кəсіпорында экологиялық басқару проблемалары Көптеген кəсіпорында болатын өнеркəсіптегі қазіргі экологиялық басқару жүйесін талдай отырып, келесі ішкі проблемалары анықталады:

1. Кəсіпорын басшылары экологиялық пробелмаларды төменгі деңгейлі мəселелерге жатқызады, экологиялық қызмет қаржыны көп талап ететін қызметтер түріне жатқызады.

2. Жеке іспен айналысатын өнеркəсіптерде экологиялық қызмет жұмыс атқармайды. Эколог маманының орнында басқа мамандар жұмыс істейді.

3. Профессионалдық кадрлармен қамтамасыздандыру деңгейі төмен, кадрларды дайындау жəне оқыту процедуралары да, оқыту бағдарламалары да жоқ.

4. Экологиялық мəселелерді шешу барысында аз шығынды жəне шығынсыз əдістерін пайдалану үшін жүйелік жолдары жоқ.

5. Неғұрлым таза өндірістерде, технологияларда жəне экологиялық басқарулардағы жаңа əдістер туралы ақпараттарға қол жеткізудің қиындығы.

6. Кəсіпорынның табиғатты қорғау қызметін жаңарту мен бірінші орындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы.

Өндірістік кəсіпорындарында бұл жоғарыды аталған проблемалар неғұрлым тез шешілсе, берілген территорияда экологиялық мəселелерді шешу деңгейі соғұрлым жоғарылай түседі.

Кəсіпорынның экологиялық қызметі. Кəсіпорынның экологиялық қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылайтын жəне реттейтін орган болып саналады. Оның жұмысы «Кəсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы типтік ережелерге» сəйкес ұйымдастырылады. Кəсіпорынның экологиялық қызметінің екі негізгі функцияларын бөлуге болады:

1. Сыртқы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы реттеу, с.с. қоршаған ортаны қорғауды қалалық территориялдық басқарудың облыстық басқарулармен, əртүрлі ведомствалық экологиялық қызметтердің басқа кəсіпорындармен өзара қарым-қатынастары.

2. Ішкі – кəсіпорын ішіндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы жұмыстарды реттеу.

Кәсіпорындағы эколог-менеджер. Қоршаған ортаны қорғау және тиісті нормативтік талаптарды орындау бойынша тұрақты жұмыстарды ұйымдастыру үшін ірі кәсіпорындарда экологиялық қызметтер немесе бөлімдер құрылады. Орта және шағын кәсіпорындарда тиісті жұмыс экологқа жүктелді. Немесе оны қоршаған ортаны қорғау инженері деп атауға да болады. Отандық кәсіпорындардың барлығында бірдей экологиялық қызметтің, яғни экологтың бола бермейтінін атап өткен жөн, осының салдарынан қоршаған ортаны қорғау мәселері жөніндегі құжаттаманың әртүрлі қызметтер бойынша бытырып орналасуы табиғатты қорғау заңының сақталуына өндірістік бақылау жасауды айтарлықтай қиындатады. Іс жүзінде экологиялық басқару мен менеджмент жүйесі құрылымының төрт негізгі үлгісі кездеседі, олар кәсіпорынның ондағы экологиялық қызметінің немесе уәкілетті маманның жағдайы бойынша ажыратылады:

1)  экологиялық менеджмент саласында экологиялық қызметі немесе экология маманы жоқ құрылым

2)  экологиялық қызметі менеджер лауазымдық міндеті кәсіпорынның қандай да бір басқа бөлімшесімен басқа лауазымдық қызметтерімен біріктірілген құрылым

3)  экологиялық қызметі менеджер жеке бөлімше  ретінде бөлініп шығарылған құрылым

4)  экологиялық қызметі дәрежерсі ойынша кәсіпорын директорының орынбасарына теңестірілген басшысы бар жеке бөлімше ретінде бөлініп шығарылған құрылым.

Кəсіпорында экологиялық қызметте жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны бірден 3-4 адамға дейін болады, өйткені, қызмет түріне жəне кəсіпорынның қуаттылығына байланысты. Олардың ішінде су мен ауа орталарын бақылау бойынша инженерлер, инженер-технологтар, сонымен қатар, өндірістік қалдықтарды басқару бойынша инженерлер жұмыс істейді.[1]

ISO стандарттар жүйесі. Республикада соңғы жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін енгізу,соның ішінде экологиялық менеджмент жүйесі бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Үздік халықаралық компаниялардың тәжірибелері мен білімдеріне негізделген заманауи менеджмент жүйелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіктеріне әсер ететін нарықты реттеу тетігінің мәселелерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның келеңсіздік ықпалдарынан қоршаған ортаны нысаналы қорғау және бірізділікпен қорғау үшін жағдайлар ISO 14000 стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін құрады. Стандартты кез келген ұйымдар пайдалана алады.

14000 сериялы ИСО стандарттары шетелде кеңінен енгізілген және экологиялық сертификаттаудың нормативтік базасы ретінде қызмет етеді. Батыс Еуропа елдері арасында экологиялық менеджменті саласында Германия көш бастауда, онда мыңдаған компаниялар 14000 сериялы ИСО стандарттарын енгізеді және жүйені сертификаттайды. Әлемдік масштабта осы стандарттарды енгізген фирмалар саны бойынша бірінші орында Жапония тұр (1000 компаниядан астам). Елімізде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ұсынған мәліметтері бойынша 2015 жылғы 1 шілдесі жағдайына Қазақстан Республикасының 8527 кәсіпорны халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестікке менеджмент жүйесін енгізді және сертификаттады. Оның ішінде 7281 – ИСО 9001 , 13269 – ИСО 14001, 1221 – ОНSАS 18001, 111 – ИСО 22000, 16 – SА 8000. Менеджмент жүйесін енгізген Қазақстан Республикасындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны - 319. Енгізу дәрежесінде 85 кәсіпорын бар. Халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификатталған 8527 кәсіпорындардың/ұйымдардың ішінен менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың/ұйымдардың неғұрлым көбі республиканың мынадай ірі облыстары мен қалаларында шоғырланған: Алматы – 2349 (менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттағандардың жалпы санына 27 %), Қарағанды облысы – 1317 (15 %), Ақтөбе облысы – 906 (10,6 %), Оңтүстік Қазақстан облысы – 882 (10,3 %), Жамбыл облысы – 837 (9,8 %), Алматы облысы – 794 (9,3 %). Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың неғұрлым азы мынадай облыстарда бар: Солтүстік Қазақстан – 145 кәсіпорын (менеджмент жүйесін енгізген жалпы санынан 1,7 %), Қостанай – 250 (2,9 %), Ақмола – 283 (3,3 %). Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың жалпы саны 2015 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 766-ға өсті (2014 жылдың қорытындысымен салыстырғанда). Экологиялық стандарттаудың маңызды аспектілерінің бірі — өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру және тұтыну. Өнеркәсібі дамыған елдерде қалдықтарды жіктеу (әсіресе қауіпті категория) бойынша қатаң талаптарды сақтайтын ұлттық стандарттар деректемесіне негізделген мемлекеттік бағдарламалар (тікелей әрекет жасайтын заңдар); қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму және қайта өңдеудің нақты шамалары бойынша стандарттар болады. Заңнама ережелері қалдықтарды өндірушілердің олармен болатын жұмыстағы қауіпсіздік үшін заңды жауапкер-шілікті белгілейді.[2] Қазақстандағы өндіріс жəне өңдеу салаларының ел экономикасы үшін маңыздылығын есепке ала отырып, осы салада жыл сайын жиналып, мөлшері жағынан өсіп келе жатқан қатты қалдықтардың қаншалықты үлкен мəселеге айналғанын түсінуге болады. Жасалған есептеулер бойынша, 2016-шы жылға дейін жиналған түрлі қатты қалдықтардың жалпы мөлшері шамамен 31 миллиард тоннаны құрады. Жəне де бұл көрсеткіш жыл сайын 1 миллиард тоннаға дейін ұлғайып барады. Қалдықтардың басым бөлігі Қарағанды облысында (29,4%), Шығыс Қазақстан облысында (25.7%) жəне Қостанай облысында (17.0%) шоғырланған. Осы қалдықтардың түрін қайта өңдеу ісі Қазақстанда жолға қойылмаған. Сондықтан қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорындар салу қажет.  «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.

Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы. 2012 жылы өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

·                ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

·                қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

·                қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

·              ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

·              бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;

·              екінші кезең  - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

·              үшінші кезең  - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.[3]

Қорыта айтатын болсақ табиғат ресурстарын тиімді және қалдықсыз пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды жоғарғы деңгейге қөтеру үшін мындай шараларды жүзеге асыруымыз қажет деп ойлаймын:

-                өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмыс жүргізу тәсілдері мен құрал-жабдықтарды жаңалау,мейлінше жаппай инновация енгізіп жаңа технологияларды қолдану,

-                жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру және одан әрі дамыту,

-                қоршаған ортаны қорғауда заңды күшейту, егер инвестор жердің күтіміне дұрыс қарамаса,айыппұлмен шектелмей оны мемлекет кері қайтарып алатын механизм болу тиіс,

-                қоғам санасына экологиялық терең тәрбие мен білімді қалыптастыру,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылған әдебиеттер:

1.       Әлинов М.Ш. Экология менеджменті.- Алматы: «Бастау» баспасы, 2014.-272 б.

2.       Мендебаев Т.М. Асқарова Е.С Ермекбаев Ә.Ө. Жаханова И.Ж. Стандарттау,   
      метрология және сертификаттау. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-368 б.

3.      Дандыбаев Б., Қасенов Қ.М. Дандыбаева Л.Б.,- Экология және табиғи русурстарды,өнеркәсіпті басқару.- Алматы: «Экономика» баспасы 2013.- 260 б.