Нурбаева Кансулу Дуйсеновна,
Алматы Менеджмент Университеті,
«Білім саласындағы менеджмент»,2-курс
Ғылыми жетекші: АйдарбековЗейнабил Смайлханович,
д.ф.н, профессор
Білім беру саласындағы заманауи инновациялық
технологиялар
Қазіргі уақытта «инновация»
ұғымы төңірегінде әр алуан пікірлер
қалыптасқан. Бірі инновация мен жаңалық – екеуі де бір
ұғым десе, кейбіреулері инновациялық қызмет пен
өндіріс, жаңалық әкелу – дәл сондай бір
ұғым деп қарастырады, онда бұл тепе-теңдік пен
ойлап табу теориясы болып есептелу керек. Үшінші пікір тілдік
натурализммен байланысты, себебі инновация – етістіктен жасалған зат есім
ретінде бір нысанды көздеуі керек деп есептейді. Ал шын мәнінде
«инновация» сөзі (ин-нове) латын тілінде ХVII ғасырдың
ортасында пайда болған, кейбір салаға жаңа идеяның енуі
және сол салаға бірқатар өзгерістер әкелуі
дегенді білдіреді. Яғни, инновация - бір жағынан, жаңару,
жүзеге асыру, енгізу үрдісі болса, екінші жағынан, белгілі
бір әлеуметтік практикаға жаңалық енгізі қызметі,
ешқандай да нысан емес.
Инновациялық қызмет дегеніміз
- бір-бірімен өзара байланысты жұмыс түрлерінің
жиынтығы, шын мәніндегі инновацияның пайда болуын
қамтамасыз ететін жүйені білдіреді. Атап айтқанда:
·
«бір нәрсе
болуы мүмкін» (жаңалық) және «бір нәрсе
жасауға болады» (ойлап табу) деген мақсат пен жаңа білімге
бағытталған ғылыми-зерттеу
қызметі;
·
ғылыми білім
негізінде мүмкін нәрсені болдыру үшін (инновациялық
жоба) берілген шарттар бойынша әрекет ету туралы ерекше
құрамды-технологиялық білімге бағытталған жобалық қызмет;
·
инновациялық
жоба іске асуы (жүзеге асыру) үшін нені қалай істеу керегі
туралы әрқайсысында жеке білім (тәжірибе)
қалыптастыруға, жекелеген нысандарды кәсіби дамытуға
бағытталған білім беру қызметі.
Ал бүгінгі «инновациялық білім» деген не? - Өзінің барлық
қатысушыларын
толыққанды дамыту үшін жағдай туғызып,
өзін-өзі дамытуға жәрдемдесетін білім, осыдан негізгі
мәні шығады, инновациялық білім – дамытатын және дамушы
білім.
«Инновациялық білім технологиясы»
деген не? – Бұл өзара бір-бірімен байланысты үш
құрамнан тұратын кешен:
1.
Қазіргі
оқушыларға берілетін білім мазмұны пәндік білімді
меңгертуді емес, заманауи бизнес ісінде бейімделген құзіреттілікті дамытуды көздейді. Бұл
мазмұн жақсы құрылып, заманауи коммуникативтік
құралдар арқылы берілетін мультимедиялық оқу
материалы түрінде ұсынылуы қажет.
2.
Заманауи оқыту әдістері – тек материалды ғана қабылдау емес,
оқушыларды оқу үдерісіне тартып, өзара әрекет
етуге негізделген құзіреттілікті қалыптастырудың
белсенді әдістері.
3.
Қашықтан оқыту түрін тиімді пайдалануға мүмкіндік
беретін ақпараттық, технологиялық,
ұйымдастырушылық, коммуникативті құрамдағы оқытудың заманауи
инфрақұрылымы.
Қазіргі кезде мектептегі білім беру
жүйесінде әр түрлі педагогикалық инновациялар
қолданылады. Дегенмен кейбір маңызды инновациялық
технологияларды бөліп қарастыруға болады.
1.Пәнді оқытудағы
ақпараттық-коммуникативті технологиялар.
Білім беру үдерісінің
мазмұнына АКТ-ны енгізу әр түрлі пәндерді
информатикамен сабақтастырады, бұл оқушылардың санасын
ақпараттандырып, қазіргі қоғамдағы
ақпараттанған үрдісті түсінуіне септігін тигізеді.
Мектептің ақпараттану үдерісінің
қалыптасқан тұжырымын түсінудің ерекше мәні
бар: мектеп оқушыларының информатика туралы бастапқы
мәліметтерді меңгеруінен бастап, жалпы білім беретін пәндерді
оқып үйрену кезінде компьютерлік бағдарламалық
құралдарды пайдалана білуге дейін, одан кейін
ақпараттық технологияларды қолданып, оқу-тәрбие
үдерісін түбімен қайта құруды, білім беру
мазмұны мен құрылымын информатика элементтерімен толықтыруды
жүзеге асыра алады. Нәтижесінде мектептің әдістемелік
жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар пайда болады,
ал мектеп түлектері болашақта еңбек ету кезінде жаңа
ақпараттық технологияларды меңгеруге дайын болады. Бұл
бағыт оқу жоспарына
информатика мен АКТ-ны үйренуге бағытталған жаңа
пәндерді қосу арқылы жүзеге асырылады.
АКТ-ны қолдану
тәжірибесі мынаны көрсетті:
а) қашықтан білім
берудің бірнеше түрлерін енгізген мектептегі ақпараттық
орта, әсіресе, жобалық әдісті қолдану оқушылардың пәндерді оқып
үйренуіне қызығушылығын айтарлықтай арттырады;
ә) оқытуды
ақпараттандыру оқушы үшін оның психологиялық күйзелісін жоюымен
де тартымды, «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасынан
«оқушы-компьютер-мұғалім»
қарым-қатынасына ауысады, оқушы еңбегінің
тиімділігі артады, шығармашылық жұмыс мөлшері
көбейеді, мектеп қабырғасында пән бойынша қосымша
білім алуға мүмкіндік кеңейеді, ал болашақта
жоғарғы оқу орнын саналы таңдауына, жақсы
жұмысқа орналасуына жол ашады;
б) оқытуды
ақпараттандыру мұғалім үшін де қызықты,
еңбек өнімділігі артады, мұғалімнің жалпы
ақпараттық мәдениеті көтеріледі.
Қазіргі кезде жобалаудың
бірнеше түрі бар деп анық айтуға болады.
Ең алдымен, психологиялық-педагогикалық жобалау - өз өмірі мен қызметі
тұрғысынан адам ретінде қалыптасуына жағдай
туғызатын белгілі бір жас ерекшелігі аясында білім беру үдерісін
дамыту; жеке алғанда, оқу – жалпы қызмет тәсілдерін
меңгеру; қалыптасу – мәдениет түрлерін меңгеру; тәрбие
– әр түрлі адамдардың жалпы өмір сүру
ережелерін игеру.
Әрі қарай, әлеуметтік-педагогтік жобалау –
білім беру үдерісінің белгілі бір түрлеріне сай білім беру
институттарын құру және білім беру орталарын дамыту; бастысы,
Қазақстан аймақтарының нақты дамуы мен
дәстүрлеріне сай құру.
Соңғысы, педагогикалық жобалау – білім беру практикасын, білім беру
бағдарламалары мен технологияларын, педагогикалық
қызметтің тәсілдері мен құралдарын дамытатын
құрылым. Жобалаудың
бұл түрінің ерекше міндеті дәстүрлі білім беру
жүйесінен (дәстүрлі мектеп, дәстүрлі
басқару жүйесі, дәстүрлі оқыту мен тәрбие)
адам дамуының негізгі қағидаларын жүзеге асыратын
инновациялық білім беруге көшуді қамтамасыз ету бойынша
жобалық зерттеу қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Даму психологиясына жас ерекшелігі
нормативтері бойынша арнайы жобалау мен онтогенездің әр
кезеңіне даму критерийлері қажет.
Даму педагогикасы – жас ерекшелігі
нормаларына сай білім беру технологияларының тіліне аударылған,
яғни НЕ? және ҚАЛАЙ? жүзеге асырылатыны туралы білім
беру бағдарламаларын жобалау.
Білім беру практикасында жалпы балалар
мен ересектердің мәдени-шығармашылық танымдары, дамуы
жүзеге асатын білім беру кеңістігін жобалау жатады.
Бір сөзбен айтқанда,
дамытатын және дамушы білім беру жүйесін жобалау жеке
тұлғаның дамуының жас ерекшелігі нормативті моделін
психологиялық тұрғыдан зерттеу, бұл модельдерді
жүзеге асырудың білім беру технологиялары мен бағдарламаларын
педагогикалық тұрғыдан құру, білім беру
үрдісіне қатысушылардың барлығын ұйымдастыру,
білім берудің жаңа мақсаттарына жету шарттарын және
даму міндеттерін шешудің құралдарын жобалау бір мезгілде
жүзеге асырылғанда ғана тиімді болады. Қазіргі
отандық білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жобалау
жұмыстарын жүздеп келтіруге болады. Сондай жұмыстардың
бірнеше түрін ғана мысалға келтірейік:
·
жеке педагог
деңгейінде – оқу, тәрбие, педагогикалық бағдарламаларды
біріктіретін білім беру бағдарламаларын жобалау;
·
білім беру
құрылымының басшысы деңгейінде – білім беру
бағдарламаларының нақты жүйесімен қамтамасыз
етілген білім беру типін жобалау;
·
білім беру
басқармасы деңгейінде – балалардың, оқушылардың,
студенттердің жеке деңгейіне сай әр түрлі типтегі білім
беру құрылымдарын дамыту бағдарламаларын жобалау;
·
білім беру саясаты
деңгейінде – тұтас ел немесе белгілі бір аймақтың
әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы ретіндегі білім беру
жүйесін жобалау.
2.Пәнді оқытудағы жеке тұлғаға
бағытталған технологиялар.
Жеке тұлғаға
бағытталған технологиялар мектептегі барлық білім беру
жүйесінің ортасына баланы қояды, оның дамуына, өз
қабілетін шыңдауына қажетті қауіпсіз жағдаймен
қамтамасыз етеді. Баланың жеке тұлғасы бұл
технологияда жай субъект емес, маңызды субъект болып табылады; ол білім
беру жүйесінің мақсатқа жеткізер құралы
емес, ол (баланың жеке тұлғасы) – білім беру
жүйесіндегі негізгі мақсат. Оқушылардың жеке білім беру
бағдарламаларын меңгеруі олардың мүмкіндіктері мен
сұраныстарына сәйкес анықталады.
3.Білім беру сапасын басқару мен оқу
үдерісін ақпараттық-саралаумен қамтамасыз ету.
Білім беру сапасын басқару мен
оқу үдерісін ақпараттық-саралаумен қамтамасыз ету
сияқты инновациялық технологияны қолдану әр
баланың жеке дамуын, сыныптардың, параллельдердің,
мектептің дамуын нақты қадағалауға
мүмкіндік береді. Кейбір түрлендірулер жалпы сыныптық бақылауды жүргізу
кезінде, оқу жоспарындағы кез келген пәннің берілу
жағдайын зерделеуде, жеке педагогтің жұмыс жүйесін
зерделеуде таптырмас құрал болып табылады.
4.Зияткерлік даму мониторингі.
Әр оқушының білім
сапасын тестілеу мен үлгерімінің мониторингін құру
арқылы талдап, саралау.
5.Заманауи оқушы қалыптастырудың
жетекші механизмі ретіндегі тәрбиелеу технологиялары.
Заманауи оқушы
қалыптастырудың жетекші механизмі ретіндегі тәрбиелеу
технологиялары заманауи жағдайдағы оқытудың ажырамас
бір бөлігі болып саналады. Ол оқушыларды жеке тұлғаны
дамытудың қосымша түрлеліне тарту арқылы жүзеге
асырылады: ұлттық дәстүрлер бойынша жалпы
іс-шараларға қатысу, театр, балалар шығармашылығы
орталықтары т.б.
6.Оқу үдерісін дамытудың шарты
ретіндегі дидактикалық технологиялар.
Мұнда бұрынғы таныс
тәсілдермен бірге жаңа тәсілдер де жүзеге асырылады.
Бұл – оқу кітабының көмегімен жүргізілетін
өзіндік жұмыс, ойын, жобалар құру және
қорғау, аудио-бейне техникалар арқылы оқу,
«кеңесші» жүйесі, оқытудың топтық, жекелеген
түрлері, «шағын топ» жүйесі т..б. Әдетте, практикада
бұл тәсілдердің түрлері біріктіріліп қолданылады.
7.Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне
инновациялық технологиялар енгізудің
психологиялық-педагогикалық тәсілдері.
Кез келген инновацияны қолданудың
ғылыми-педагогикалық негізі болады. Ол әдістемелік
кеңестерде, семинарларда, осы саладағы жетекші мамандармен
кеңесте талданады.
Сонымен қазақстандық
заманауи мектептердің іс-тәжірибесі оқыту үдерісінде
педагогикалық инновацияларды қолданудың кеңіне
тарағанын көрсетеді. Оларды қолданудың тиімділігі жалпы
білім беру мекемелерінде қалыптасқан дәстүрлерге,
педагогикалық ұжымның инновацияны қабылдау қабілетіне,
мекеменің материалды-техникалық базасына байланысты екені
сөзсіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Иванченко, В. Н. И23 Инновации в
образовании: общее и дополнительное образование детей: учебно-методическое
пособие / В. Н. Иванченко. — Ростов н / Д: Феникс,
2011. — 341 с. — (Сердце отдаю детям).
2. Лазарев, В. С. Понятие педагогической и инновационной
системы школы / В. С. Лазарев// Сельская школа. — 2003. — № 1. — с. 4.