Педагогические науки/
5.Современные методы
преподавания
Педагогика ғылымдарының магистрі Қамза
Г.Б.
Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университеті,Қазақстан
Музыкалық білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сапалы білім беру
ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаев 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
атты халыққа Жолдауында:
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық
өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және
өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау
қажет [1] деп атап өтті. Әрбір
мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге
қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз
берген білім.
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой
- өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде
қалыптасуын талап етуде. Жеке тұлға қалыптастыруда
әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап,
жол сілтеп оның дәрежесін көтеріп, жаңашыл
жұмысқа бет бұру үшін ұлттық
мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы және
халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, иманды, ізгілікті,
жат іс - әрекеттерге сын көзбен қарайтын, әр
жағдайға өз бағасын бере білетін, рухани байлықты
қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін
азамат тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта оқу
орындарының әр күні көптеген ғылыми
жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге
толы. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту
маңыздырақ болып отыр. Ал,
оқытушы осы заман талабына сай білім беруде жаңалыққа
жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп,
оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгергенде ғана білімі жоғары, жетекші
тұлға ретінде дамитыны сөзсіз.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығын бітіріп шығатын әр
студент рухани байлықты бойына жинаған, заман ағысына сай біліммен
қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты
дамыған, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың
озық әдіс-тәсілдерін меңгерген
сауатты маман болуы қажет.
В. А. Сухомлинский: «Мұғалімдік
мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және
қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне
үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық
өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып
табылады»[2] деп өз еңбегінде атап өткен.
Мен тиімді оқу мен оқыту курсынан үйренген әдіс-тәсілдерді,
алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде қолдана отырып, студенттерге
қазіргі заман талабына сай терең білім берудің жоғары
сапасын қамтамасыз етуді алдыма мақсат етіп қойдым. Бағдарламаның
негізгі идеясын түсініп, меңгергеннен кейін, сабақ жоспарын құру үдерісіне де өз көзқарасымды
өзгерттім. Бағдарламаның
басым бөлігі сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
теориясының негіздерін қамтитындығымен ерекшеленді.
Аталған теория білім алушылардың ойлануын дамытуда олардың
бұрынғы алған білімдері мен жаңа түрлі дерек
көздерінен, әдебиеттерден алған білімдерімен өзара
әрекеттесу жағдайында жүзеге асатындығын тәжірибеде
байқадым.
«Музыка өнері теориясы мен әдістемесі»
пәнінде оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері жеті
модульді қолданып, өткізу
арқылы мен студенттердің білімді өз бетімен
оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін
өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары
оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына
көзім жетті. Aлғaшқы сaбaқтaрдa
сaбaққa көп aрaлaсa қоймaғaн студенттер кейінгі
сaбaқтaрдa тaпсырмaлaрды орындaу кезінде өздерінің
қызығушылығын тaнытқанын бaйқадым. Пән бойынша
сабақтарымда дарынды және талантты балаларды анықтау
үшін миға шабылу сұрақтарын қою арқылы
студенттердің қандай деңгейде жауап бергенін,
сабаққа қатысуын бақыладым. Сонымен
қатар, сабақтарымның сапасы
жаңа бір деңгейге көтерілгенін байқадым.
Қорытындылай келе, тиімді оқу мен
оқыту бағдарламасының жеті модулін
басшылыққа ала отырып,
үйренген әдіс-тәсілдерімізді одан әрі
жетілдіріп, сабақтарымды
қызықты да шығармашылыққа толы, болашақ
бастауыш сынып мамандарының
қызығушылығын, ынтасын арттыратындай, еліне адал
қызмет ететін шәкірт тәрбиелеп шығарамын деген
сенімдемін.
Жаңашылдық - білім беру саласының алдында
тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі
шарттарының бірі болып саналады.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал
етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде
ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның
ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту
бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне
бағыт алуда.
Әдебиет
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы, 2017 жылғы 31
қаңтар
2.
Сухомлинский В. А. Избранные педагогические
сочинения