ЖОҒАРҒЫ БУЫН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ

Уашева Жанагуль Сериковна, Тулеева Айгуль Закариановна

№ 30 ЖББОМ КММ Қарағанды қаласы

 

Қазақстанда 12-жылдық білім беруге көшуде мазмұнды жұмыс жүргізілуде, бұл әлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысымен бекітілген 2012-2016 жылдарда мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-әрекет жоспары ең маңызды құжаттардың бірі болып саналады.

Жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасында мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Аталған фактордың деңгейі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қамқорлығымен өткізілген (ЭЫДҰ) 15 жастағы оқушылардың (PISA) оқу жетістіктерін бағалаудың Халықаралық бағдарламасы арқылы анықталады.

Тестілеу барысында PISA шеңберінде функционалды сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану ғылыми сауаттылық. Зерттеу кезең бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әр кезеңде функционалды сауаттылық түрлерінің біріне ерекше назар аударылады.

Қазақстанның PISA қатысу нәтижелері, республикадағы жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін педагогтардың күшті пәндік білім беретінін, алайда оны оқушыларға шынайы, өмірлік жағдайларда қалай қолдану керектігін  үйретпейтіндігін көрсетті.

Мектепте PISA зерттеу нәтижелерін талдай келе, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу қажет.

2013-2014 оқу жылында мектеп «Мектеп- функционалды сауаттылықтың жасыл аралы» атты халықаралық жобаға қатысты, ол 2014 жылғы 1 қаңтар-1 маусым аралығында енгізілді.

Осы жобаға қатысуға Канаданың професоры, педагогикалық ғылымдар докторы Рудик Георгий Алексеевичтің басшылығымен 2013 жылдың 15-16 қазан аралығында өткен екі күндік семинар-тренинг болды.

Осы жобаны «Шексіз оқыту» Заманауи педагогика Орталығы (Монреаль, Канада) мен кәсіби өсу және дамыту Орталығымен (Алматы, Қазақстан) бірлесіп өткізді.

Жобаның мақсаты - мектепте функционалды сауаттылық бойынша туындаған  мәселелерді жою.

Жобаның ұзақтығы - 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап-2014 жылдың 1 маусымына дейін.

Жоба барысында мұғалімдер мен оқушылардың диагностикалық кезеңі, мектеп әкімшілігінің қашықтықтан оқытылуы, формативтік кезең және мұғалімдердің қашықтықтан оқытылуы, мұғалімдер мен оқушылардың сертификаттан өту кезеңдері өткізілді.

Жоба жетекшілері: Канада тарапынан профессор, педагогикалық ғылымдар докторы, Рудик Георгий Алексеевич (байланыс – pedagogiemoderne@mail.ru) және Қазақстан тарапынан профессор, педагогикалық ғылымдар докторы– Жайтапова Алтынай Алибековна (a.zhaitapova@mail.ru) болды. Шарт Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академияда жасалды, онда «Мектеп-функционалды сауаттылықтың жасыл аралы» атты екі Дөңгелек үстел өткізілді.

Ақырғы тестілеу нәтижелері келесіні көрсетті:

оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда:

- математикалық сауаттылық- 70%;

- оқу жылдамдығы -43 мин/сөз;        

- жаратылыстану бойынша сауаттылық-38 %.                            

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда функционалды сауаттылықтың орташа нәтижелері мынаны құрайды:

- математикалық сауаттылық – 72%;

- оқу жылдамдығы –79 мин/сөз;

- жаратылыстану бойынша сауаттылық –  52 %.

Жоба соңында, мұғалімдер мен оқушылар «Функционалды сауаттылық» қашықтықтан оқыту курсынан өту туралы Халықаралық үлгідегі Сертификаттарды  иеленді.

Нәтижелер, оқушылардың оқу жылдамдығының төмен екендігін, сондықтан да оқушылардың саналы түрде түсініп оқу дағдысын дамыту бойынша  жұмыстарды  жақсарту  және жетілдіру қажет.

  Оқу техникасын дәстүрлі түрде бақылау бәріне мәлім, осылайша мұғалім уақытты белгілейді, бір минутта баланың қанша сөз оқитынын бақылайды. PISA зерттеулері осы тәсілдің бүгінгі күні маңызды емес екендігін көрсетті. PISA нәтижелері оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқу керектігін және осы зерттеу кезінде мәтінде Блум таксонманиясымен байланысты сұрақтар мен тапсырмалар қолданылатынын көрсетті.

  Жоба арқылы педагогтар есептеу формуласын және түсініп оқу дағдысын жақсарту құралын меңгерген. Формула төменде берілген, ал түсініп оқу дағдысын  жақсарту  құралы  әртүрлі техникалар болып саналады:

ü  сандық пирамида қолданылған тренинг, Шульте кестесі;

ü  тренинг «Полиэтиленді қабықша»;

ü  тренинг «жасыл нүкте»;

ü  тренинг «Өрт»;

ü  тренинг «Музыка» және т.б.

Секундты минутқа ауыстыру кестесі

Қарапайым формула бойынша оқу жылдамдығын анықта:

V=N/T (мин/сөз)

онда:

V оқу жылдамдығы мин/сөз

N- мәтіндегі сөз саны

T-  1 минуттағы уақыт

 

Секунды

6

12

18

24

30

36

42

48

54

Минуты

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

 

Мәтіндегі сөз саны          дұрыс жауаптар саны

___________________  *   ___________________________

Уақыты                                              10 минут

  Жобаға қатысу нәтижесі мектепте Қарағанды қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Кейс –технологиясын қолдану арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту» ашық эксперименттік алаң ашу болып саналады.

  Аталған технологияны қолдана отырып, оқушылардың оқу сапасы мен оқу жылдамдығын арттыруға бола ма, айту өте қиын. Эксперимент тәртібінде жүргізілген жұмыс белгілі бір қорытынды жасауға  және мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстарды жақсартуға көмектеседі деп ойлаймыз.

 

  Әдебиеттер: 

  Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы», Астана қ., 2012 ж.- 19 б.

  2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Астана қ., 2010 ж.- 16 б.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №832 Қаулысы: 2012-2016 жылдарға арналған мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-әрекет жоспары - 2012 ж.- 3 б.

  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы: Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері- Астана қ., 2010 ж.