Информатика және
математика сабағында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру.
Қарағанды қаласы
№30 ЖББОМ КММ
Математика пәні мұғалімі
Тореева Феруза Токтабаевна,
Информатика пәні мұғалімі
Жуманбаева Айгерим Орынбасаровна
Қазіргі
қоғамға постиндустриялық кеңістікте болып
жатқан өзгерістерге тез бейімделе алатын адамдар қажет.
Тұлғаның білімділік деңгейіне талаптардың
көтерілуі – қазіргі кезде объектівті тарихи заңдылық
болып табылады.
Елбасы
Н.Ә. Назарбаев Қазахстан халқына арналған Жолдауында «Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан.
Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен
және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай – ақ
балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлінуі
қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы
үшін бұл аса маңызды».
Қазақстанда
2012 жылғы 25 маусымда мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған
ұлттық іс – қимыл жоспары құрылған.
Ұлттық жоспар мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту процесін мазмұндық, оқу –әдістемелік,
материалдық – техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс –
шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан
Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары
ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауатталығын
дамыту іс – қимылдарының мақсаттылығын,
біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге
арналған.
Ұлттық
жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық
практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың
тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды
қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен
бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу – әдістемелік
қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушылары білім сапасын бағалу
және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру
жүйесі ұйымдарының материалдық – техникалық
базасын нығайту.
Функционалды сауатталықтың компонеттері:
Ø Өмірдің түрлі саласында кездесетін
стандартты жағдайларды шешудің танымдық негізін
қалайтын жалпы түсініктер мен дағдылар; ережелер,
қағидалар мен ақпарттар алу;
Ø Өзгеріп жатқан өмірге бейімделе білу;
жағдаяттарды шешу, ақпаратпен жұмыс жасау; ресми іс –
қағаздарды жүргізе білу; жеке қауіпсіздік ережелерді
өмірде пайдалану;
Ø Заманауи кеңістіктің
құндылықтары мен қағидаларына үйрену
дайындылығы; өзінің өмірлік қажеттерін
қанағаттандыру үшін өмірдегі ерекшеліктерді
қабылдау; саналы таңдау негізіндегі білім деңгейін көтеру.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы
алғаш рет өткен ғасырдың 60 – шы жылдары ЮНЕСКО
құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің
қолдауына енді. Шамамен 70 – ші жылдардың ортасына дейін
зерттеудің тұжырымдамасы мен стратегиясы адамдардың
кәсіби қызметімен байланыстырылған екен: осы саладағы
жеткіліксіз білім мен дағдылардың өтемі ретінде. Мұнан
былай бұл тәсілдеме бір жақты болып саналады
Функционалдық сауаттылықтың бірнеше
анықтамаларын қарастырайық.
Функционалдық сауаттылық –
тұлғаның дамуын, жаңа білім алу және
мәдениет жетістіктерін игеруді, жаңа жабдықтарды
меңгеруді, кәсіби міндеттерді дұрыс атқаруды,
отбасылық өмірді ұйымдастыруды, сонымен қатар балаларды
тәрбиелеуді, әртүрлі өмірдегі жағдайларды шешуді
қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз ететін білім
нәтежиесі.
Функционалдық сауаттылықты
құрайтын:
· логикалық сауаттылықтың элементтері;
· адамның өзіне ғана қатысты әртүрлі
мемлекеттік актілерді түсіну дағдылары және оларды
қолдану;
· тұлғаның жеке өмірлік
қағидалары мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;
· ол қатысқан технологиялық
процестердің талаптары;
· ақпарттық және компьютерлік
сауттылық.
Информатика және
математика сабақтарында оқушылардың функционалды
сауаттылығын белсенді жұмыс түрлері арқылы
қалыптастыруға болады:
ü Жоба әдісі – оқушының өзіндік
шығармашылығын жүзеге асыруға, оның
интеллектуалды жәнедене даму мүмкіндігіне, жаңа өнім
шығару процесіндегі тәжірбиелік маңызы бар және
объективті немесе субъективті жаңашылдығына ие болатын ерік
қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерге
бағытталған оқупроцесін ұйымдастыру түрі;
ü Миға шабуыл –әр қатысушының
шығармашылық ой өрісін ынталандыратын, жаңа идеяларды
туындатуға бағытталған, арнайы топтық әдіс;
ü Топтық талқылау – біркелкі шағын
оқушылар тобындағы нақты сұрақ бойынша
топтық пікірталастар (6 адамнан 15 адамға дейін).
Функционалдық сауаттылық – қоғам
өмірінің аман – саулығының, құт –
берекесінің тікелей көресткіші. Функционалды
сауаттылықтың жоғары деңгейі қоғам
өміріндегі жоғары әлеуметтік – мәдени
жетістіктерінің белгісі болса, төмен деңгейі –
әлеуметтік дағдарыстың мүмкін болуытуралы хабарлайды.
Сондықтан Қазақстан үшін оқушылардың
функционалды сауаттылығының деңгейін зерттеу ерекше
маңызды, себебі осы функционалды дағдылардың бәрі
мектепте қалыптасады.
Цифрлық технологиялар дәуірінде
функционалдық сауаттылық компьютерлік сауатталықпен қатар
дамуда, яғни, негізгіжетістіктер
мен пәндік құзіреттіліктің информатика
сабағындағы оқушылардың функционалды
сауаттылығына табысты қол жеткізу үшін келесі талаптарды
сақтау керек:
· Информатика және математика сабағындағы
оқыту іскерлік түрдеберілуге тиіс;
· Оқыту процесі оқытушының АКТ негізіде
өз бетімен жеткен нәтежиелеріне деген жауапкершілігі мен
дербестілігінің дамуына бағытталған;
· Жетістікке дағдылануға мүмкіндік
береді;
· Аттестаттау ережелері барлық оқыту процесінде
қатысушыларға түсінікті және ерекше
айқындалған;
· Топтық жұмыстың тиімді тәсілдері
қолданылады;
· Сынып жұмысын жаппай оқыту түрлерінен
әр оқушының жеке оқыту траекториясына ауысуын
қамтамасыз ету, сонымен қатар сандық
инфрақұрылым, жобаны зерттеу, интерактивті инновациялық
технологияларды пайдалану.
Демек, әрекеттенуді оқушы тек сол іс –
әрекет процесінде ғана үйренеді, ал сабақ
барысындағы күнделікті мұғалімнің жұмысы,ол
таңдаған оқыту технологиялар оқушының
жасерекшелігіне сай функционалдық сауаттылығын
қалыптастырады. Сондықтан теория мен практиканың байланыста
болуын қамтамасыз ету үшін пән бойынша берілетін
білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда
теориялық қағидалардың, заңылықтар мен
ережелердің, яғни ұғымдық – ақпарттық
материалдардың бала өміріндегі кездесетін түрлі
проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіней, бала оны қолдана
алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Ол үшін
қажетті:
· Оқытуда инновациялық тәсілдері,
ақпарттық коммуникативтік және заманауи оқыту
технологияларды пайдалану, яғни қашықтықтан оқыту
технологияны пайдалану, үздік ұстаздардың онлайн
сабақтарын қолдану;
· Оқыту құралдары және тиімді
әдіс – тәсілдерді таңдауда психологиялық жәрдем
беру;
· Кәсіби қызметтің нәтежиесі
процесін бірлесіп талқылау.
Қорыта келгенде, ерекше көңіл аудара
кетейік: оқушылардың дер кезінде сапалы функционалды
сауттылығын қалыптастыру -
бұл олардың бақытты болашағының кепілі,
яғни біздің мемлекетіміздің бақытты келешегі. Осы бағытта
біз өз ісімізді жүйелі түрде құруымыз керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерде
білім берудің сапасын дамыту жолдары, Әдістемелік оқу
құралы;
2. Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс оқыту ретінде,
С.Мирсеитова;
3. Әркеттегі RWCT философиясы мен әдістері.