Мәтінмен жұмыс оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың негізгі тәсілі

(мектептегі эксперименттік-тәжірбие алаңының жұмыс нәтижесінен)

                                                                                              Жунусбекова С.И.

                                                                                         география пәні мұғалімі,                                                                            

                           Тореева Ф.Т.

математика пәні мұғалімі.

                                                                                                          №30 ЖББОМ

                                                          

       Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған бағдарламаның басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

      Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, себебі адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғарғы кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет еттетін жағдайларда заман  талабына сай деңгейін анықтау үшін Қазақстанда PISA халықаралық зерттеуіне қатысады.

     Бүгінгі күнінің білім саласындағы өзекті болып отырған-функционалдық сауаттылықты арттыру, оның ішінде, әсіресе, мәтінмен жұмыс, яғни мәтінді оқу мәселесін қолға алған жөн. Біздің мектебімізде «ОТҮ кейс технологиясын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» эксперимент алаңы бойынша математика және география пәндерінің кіріктірілген сабағында мәтінмен жұмыс жасау оқушылардың оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдарының бірі.

    Оқушының функционалдық сауаттылық дағдысын дұрыс қалыптастырсақ, оқушы мәтіннен ақпарат алуда жазу мен оқу дағдысын жеңіл қолданады, оны түсінеді, өзгертеді. Бұндай оқушы түрлі оқу әдістерімен таныс болады (танымдық, түртіп алу, түйіндеу). Мәтінді оқып,түсіну барысында бір әдістен екінші әдіске тез және оңай көше алады.

     Функционалдық сауаттылығы бойынша құрастырылған тапсырмаларға тоқталатын болсам, мұнда «тұтас» және «тұтас емес» мәтіндерге бөлінеді.

     « Тұтас мәтіндер»-өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды.

     Мысалы: Математика мен физикалық географиядан 6 сыныптың  «Масштаб» тақырыбы бойынша мәтінді түсініп оқып,

 1-тапсырма сұрақтарға жауап беру

 1 Жер бетіндегі қашықтықты қандай тәсілдермен өлшейді?

2 Қадамның орта мөлшерін қалай табуға болады?

3 Масштаб түрлерін ата:

 

2-тапсырма Есептеу: мысалы картаның масштабы 1:100 000. Бұл масштаб бойынша 1-см-ге 1 км сәйкес келеді. Картадан өлшенген кесіндінің ұзындығы 5,5 см дейік.

Сонда 1 км*5,5 см=5 км 500м

3-тапсырма Сызықтық масштабты пайдаланып мектепке бару және келу кайту жолдарынды қадамдап тексеріп көру. Әр оқушы мектеп пен өз үйінің арақашықтығын есептейді.

4-тапсырма Есепті шығару.1:50 000 масштабтағы топографиялық карта бойынша өлшенген кесіндінің ұзындығы 5,45 см. Осы кесіндіге жер бетінде сәйкес келетін қашықтықты есептеп шығарыңдар.

    Бірінші тапсырманы орындау барысынды (табу және алу) оқушы, ең алдымен, мәтін ақпаратының жеке үзінділеріне көңіл бөледі. Екінші тапсырмасын орындау барысында (өзінше түсіндіру және кіріктіру) оқушы осы үзінділерді жүйелейді. Үшінші мен төртінші тапсырмада оқушы мәтіндегі ақпаратты мәтіннен тыс ақпаратпен арақатынасын белгілеу арқылы мәнін түсіну шеберлігін көрсете алады.

   Оқушылардың оқу сауаттылығын тексеру арқылы олардың жазбаша мәтіндерді түсінуін, қолдануын, анализ жасауын және мақсатқа жету үшін қызығушылық танытып, білімін тереңдетуін ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдық өмірде белсенділік таныта білуін анықтайды.

   Оқу сауаттылығын бағалау үшін оқушыларға мәтіндегі ұсынылған ақпаратты салыстыру, автордың ойын табу, жауап дайындау барысында әлем туралы жеке түсінігіне сүйіне отырып, өз көзқарасын қорғап алу үшін дәлелдер табу сияқты тапсырмалар беріледі.

      Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан –жақты  ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етеді.

   Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт бағдар беріледі, өмірде өз кәсіби бағытын таңдай алады зияткерлік тұлғаны айқындауға жол ашылады деп білеміз.

 Әдебиеттер:

1.     Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР |Үкіметінің №832 қауласы. 2012 жылға 25 маусым, Астана, Үкімет Үйі.

2.     2. РІSA как средство учета функциональной грамотности  http:// www.privivkam.net

3.     http://idea-iab.kz/2014/05/26/pisa/