Педагогика

Омарханова Г.Н., Ильясова Н.М.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан

 

Болашақ кәсіптік оқыту педагогының кәсіпқойлығын дамыту

 

Бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесіне қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлана алатын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті деңгейде болатындай, педагогика және психологияны жетік  меңгерген, ізденімпаз педагогтар  қажет.

Еліміздің болашағы жастардың еншісінде. Заманауи кәсіптік оқыту педагогының кәсіби дайындығына қойылатын талаптардың жоғарлауына байланысты, жоғарғы оқу орнындағы оқу үдерісінде болашақ педагогтың кәсіпқойлығының дамуы   және қалыптасуы ерекше мәнге ие. Болашақ педагог – бүгінгі студент - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Сондықтанда, жан-жақты, білімі терең, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен іздене алатындай маманды қалыптастыру басты мәселе болып тұр. Бұл мәселенің өзектілігі келесілермен негізделеді: кәсіпқойлық, физикалық және ақыл-ой күштерін аздап шығындай отырып жұмыс тапсырмаларын орындаудың әдістерін тиімді  пайдаланудың негізінде субъектің сандық және сапалық маңызды нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді; қоғамдық өзгерістің және мәдениеттің жоғарлаған талаптарын қанағаттандырады.

Кәсіпқойлық, күрделі тұлғалық пайда болу ретінде, тұлғаның тиімді кәсіби  іс-әрекетіне дайындық дәрежесін көрсетеді және кәсіби бағыттылық, кәсіби құзыреттілік, кәсіби маңызды сапалар сияқты компоненттерді өзіне енгізеді. Кәсіби бағыттылық кәсіби-педагогикалық дамудың маңызды субъективті факторларының бірі болып табылады. Кәсіби педагогикалық бағыттылық дегеніміз педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықты (білім алушыларға және жалпы педагогикалық іс-әрекетке және оның нақты түрлеріне эмоционалды жағымды көзқарасы, педагогикалық білімдерді және іскерліктерді меңгеруге ұмтылысы) және педагогикалық іс-әрекетке қабілеттілікті сезінуде көрсетілетін педагогикалық бейімділік.

Кәсіби құзыреттілік педагогикалық үдерістің философиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін, олардың қағидаларын және заңдылықтарын білуді; беретін пәннің тарихын, теориясын және даму болашағын; әр-түрлі концепцияларды, теорияларды және әдістерді құрастыруды; педагогикалық шеберлікті жетілдіруге үнемі жұмыс істеуге; басқа педагогтардың тәжірибелерді оқып-үйренуді өзіне еңгізеді.

Педагогикалық іс-әрекетке дайындық педагогтың кәсіпқойлығының негізін құрастырушы болғандықтан, оның құрылымын талқылаған кезде тек кәсіби білімдерді, біліктерді және іскерліктерді қарастырыпқана қоймай, оның жеке сипаттамаларына (кәсіби-педагогикалық және жеке құндылықтарын, кәсіби позицияларын, кәсіби маңызды сапаларын  көрсету керек)[1].

«Кәсіпқойлық», «кәсіпқойлық құзыреттілік», «кәсіби дайындық» деген түсініктемелердің сараптамасы кәсіпқойлықты тектік түсінік деп көрсетуге мүмкіндік береді, ал кәсіби құзыреттілікті және кәсіби дайындықты көріністі түсінік ретінде көрсетуге мүмкіндік береді, ол олардың органикалық байланысын негіздейді. Философиялық категория ретінде қалыптасу кандай да болса бір материалдық немесе мінсіз объектінің қалыптасу үдерісі деп көрсетіледі және даму үдерісінде мүмкіндіктің нақтылыққа өтуін болжамдайды.

Мүмкіндіктің нақтыға өтуі құбылыстың жоғары деңгейде дамуына жол ашады. Кәсіпқойлықтың дамуы – өте күрделі және ұзақ үдеріс, оны жүзеге асыру кезінде болашақ педагог өзін кәсіпқой ретінде сезінеді, өзіне өзі өздігінен жеке және кәсіби маңызды мақсаттарды анықтайды, оның негізінде дүниетанымы, сенімі, құндылық мақсаттары  қалыптасады. Осы үдерістің  мәні болашақ педагогтың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті тиімді қамтамасыз ету үшін қажетті білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды тереңдету, негізінде кәсіби рөлдерді меңгерумен сипатталады. Болашақ педагогтардың кәсіпқойлығының дамуы әртүрлі факторлардың әсерімен жүзеге асырылады (басқа адамдармен, қоршаған ортамен  әрекеттесудің негізінде, тұлғаның жеке тәжірибесінің және тұлғаның іс-әрекетінің негізінде т.б.).

Кәсіпқойлықтың пайда қалыптасуы мен даму үдерісінде екі бір-бірімен байланысқан аспект байқалады: ол жеке және мәртебелік (статустык). Жеке аспект іс-әрекеттің барлық жүйесін, олардың функциялық және иерарахиялық құрылымдарының өзгеруін болжамдайды; тұлға субъектісінің сыртқы келбетінде (моторикада, сөз сөйленуде, эмоционалдылықта, қарым-қатынас түрлерінде) өзгеруі қалай көрсетілсе, солай кәсіби өзіндік сананың элементтерінің қалыптасуында көрсетіледі; когнитивті сала – объект туралы ақпараттандыру деңгейінде, оның маңыздылығына сүйену дәрежесінде көрсетілетін субъекттің іс-әрекет объектісіне қатысты мақсатына сәйкес компоненттерінің өзгеруінде; эмоционалды салада – объектке деген қызығушылықта, онымен әрекеттесуге бейімделгендігінде және осы іс-әрекетке ешбір қиындыққа қарамастан сүйсіну; практикалық салада – объектіге әсер етуге өзінің нақты мүмкіндіктерін сезіну.

Кәсіби қалыптасудың мәртебелік (статустық) объектісіне маман өзінің кәсіби даму кезінде өтетін кезеңдерін, мезгілдерін және сатыларын сипаттайды. Мезгіл, қандай да бір үдерістің немесе құбылыстың даму ұзақтылығын сипаттайды, ал сатылар - үдерісте немесе құбылыста өзгерістердің пайда болуын сипаттайды, өйткені, келесі сатыға өтуге мүмкіндік береді. Бұл мезгілде бірнеше сатылардың болуы мүмкін. Осыны есепке ала отырып маманның кәсіби өсу сатыларын сипаттайтын болашақ педагогтың кәсіпқойлығының қалыптасуының және дамуының үш мезгілі көрсетіледі: жоғарғы оқу орнына келгенге дейін, жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейін, кәсіби адаптация сатысы, жекелендіру сатысы, кәсіпқойлық сатысы.

Болашақ педагогтың кәсіпқойлығының қалыптасуындағы үдерістің мақсаты ретінде студенттің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындық деңгейін жоғарлату болып табылады. Біріктіруші іс-әрекеттік тәсілге сүйену осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беруді болжамдайды, егер негізгі құрал болып студенттің, әртүрлі іс-әрекет түрлері, формалары және мазмұны белсенділік берсе. Бұл жерде маңызды шарт болып болашақ педагогтың жоғарғы оқу орнында кәсіби-педагогикалық дайындық кезінде оқу-танымдық, оқу-практикалық және өзіндік практикалық әрекеттерінің байланысын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұсынылып отырған мақсат келесі міндеттерді көрсетеді: адамгершілік-психологиялық дайындықты қалыптастыру (студенттің педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын; кәсіби дайындық үдерісінде студенттің жағымды түрткілерін қалыптастыру және дамыту); болашақ педагогикалық кәсіби іс-әрекетке праксикологиялық дайындығын қалыптастыру.

а) теориялық дайындықты қалыптастыру (студенттерді әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық білімдермен қамтамасыз ету);

б) практикалық дайындықты қалыптастыру педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін студенттерді практикалық іскерліктермен және дағдылармен  қалыптастыру [2].

Болашақ педагогтың кәсіпқойлығының қалыптасуы осы үдерістің негізгі заңдылықтарын көрсететін қағидаларды есепке алу арқылы жүзеге асырылады: ғылымилық, практика мен теорияның байланысы, жүйелілік және бірізділік, біртұтастылық,  шиыршықтылық, алгоритмдық. Маңызды қағидалардың бірі болып дискреттілік және үздіксіздіктің бірлігі болып келеді, өйткені үздіксіздікпен үздіктіліктің бірлігі әртүрлі жүйелердің және құбылыстардың даму үдерісін сипаттайды. Жүйенің дамуындағы үздіксіздік оның салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді, ал үзділік жүйенің жаңа сапаға өтуін көрсетеді. Біртұтас жүйе ретінде болашақ педагогтың кәсіби дайындығын қарастыру әрқайсысы өзінің жұмысын атқаратын  элементтердің білестіктердің қамтамасыз етуді болжамдайды. Мазмұндық аспектісінде студенттерді білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қамтамасыз ету бірлігінде көрсетіледі, педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру және олардың осы іс-әрекетке деген қызығушылықтарын қалыптастыру үшін қажетті.

Процессуалды аспектісінде осы қағида студенттерді  педагогикалық іс-әрекетке дайындығын және қалыптастыру мақсатына жету үшін педагогикалық әсер ету үшін жүзеге асырылады. Болашақ педагогтың кәсіпқойлығының пайда болу үдерісінің тиімді жүзеге асырылуы педагогикалық іс-әрекетке дайындықтың адамгершілік-психологиялық және праксикологиялық аспектісін қалыптастыруына әсер ететін педагогикалық шарттарды жүзеге асырумен қамтамасыз етеді. Олар: оқу үдерісінде белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке жетелейтін әртүрлі ынталындырушылардың үйлестірілуін;  әртүрлі сабақтарды өткізуді; сабақ беруде психологиялық-педагогикалық пәндерді дайындықтың басқа пәндердің блоктарымен байланыстыруын қамтамасыз етуді; педагогикалық техника бойынша арнайы сабақтарды ұйымдастыруды; әртүрлі қоғамдық институттардың және сапа менеджмент жүйесінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды: дайындық үдерісінде білім алушылардың  әртүрлі іс-әрекеттерін үйлестіруді дайындықтың барлық кезеңдерінде және деңгейлерінде  жалғастырушылықты  қамтамасыз етуді көрсетеді.

Көрсетілген ережелерді жоғарғы оқу орнында жүзеге асыру студенттердің кәсіби педагогикалық іс-әрекетке дайындықтарын қамтамасыз етеді және болашақ педагогтардың кәсіпқойлықтарын қалыптастыру үдерісін ұйымдастыруға максималды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. // Білім әлемі, Алматы,. 2011.

2. Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары «Педагогтың кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты. Баяндамалар жинағы, Алматы, 2013ж. 1 бөлім, 482 бет