Утегенова Гульзат Амандыковна
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ,
заңтану магистрі
Қазіргі кездегі су
құқығы нормаларын жүзеге асырудағы
мемлекеттің рөлі
Су қатынастары
саласындағы басқаруды ұйымдастыру мәселелері
Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде
өзекті болып табылады. Су қатынастары саласындағы мемлекеттік
басқару өзінің маңызы бойынша мемлекеттің негізгі
функциясына жатады. Ол су қатынастарының қажетті
дәрежеде реттелуіне, су ресурстарының мақсатты әрі
шығынсыз пайдаланылуына, елдің әлеуметтік-экологиялық,
экономикалық дамуының тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі таңда су пайдалану және
өзге де табиғи ресурстар жүйесіндегі шаруашылық
басқару мәселесі экономикалық мәселеден адам мен
табиғаттың өзара іс-қимылының жаңа
құбылыстарын есепке алатын әлеуметтік-экономикалық
мәселеге айналады. Су қатынастары мәнінің дамуы мен
өзгеруіне қарай, су қатынастарын мемлекеттік реттеудің
мазмұны, әдістері мен құралдары өзгеріп отырады.
Қазіргі экономикалық өзгерістерге сәйкес су
қатынастарындағы өзгеріс осы саладағы мемлекеттік
реттеуді одан әрі күшейтуді талап етіп отыр.
Экология
саласындағы, оның ішінде су ресурстары саласындағы
мемлекеттік басқару мәселесі төңірегінде көптеген
заңгер-ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Табиғат қорғау және ұтымды табиғат
пайдалану мәселелері, сондай-ақ экологиялық
құқықтың ресурстық салалары туралы
мәселелер зерттелген [1 с. 33-40].
Табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруға
төмендегілер жатады:
1) табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік жоспарлау;
2) табиғи
ресурстарды қорғауға, пайдалануға және
қайта қалпына келтіруге мемлекеттік бақылау жасау;
3) табиғи
ресурстарды қалпына келтіруді, ресурс үнемдеуші технологияларды
ендіруді ұйымдастыру;
4) табиғи
ресурстардың мониторингі мен кадастрын жүргізу;
5) табиғи
ресурстарды пайдаланғаны үшін лимиттер бекіту және квоталар;
6) табиғи
ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіруді жүзеге асыратын мемлекеттік
заңды тұлғаларды басқару және табиғи
ресурстарды қорғау.
Бірнеше белгілері бойынша
мемлекеттік «басқару» және «реттеу» түсініктері өзара
байланысты болып келеді. Егер мемлекеттік басқару
ұйымдастырушылық қызметті білдіретін болса, су
қатынастарын мемлекеттік реттеу сол қызметтің мазмұнын
құрайды, ал су қатынастарының тәртіпке келтірілуі
мемлекеттік реттеудің қажетті нәтижесін көрсетеді.
Сондықтан бұл түсініктерді бір-бірінен ажыратудың
қажеті жоқ. Мемлекеттік басқаруды су қатаныстарына
бұқаралық ықпал ету әдісі ретінде
түсіндіруге болады, себебі ол империативті әдістер және
су-құқықтық реттеу әдістер арқылы
жүзеге асады.
Су қатынастарын мемлекеттік реттеудің
мазмұнына: суларды тиімді пайдалану және қорғау
үшін ұйымдастырушылық, экономикалық,
құқықтық жағдайлар жасау және оны
қамтамасыз ету; су қатынастары саласындағы мемлекеттің,
заңды тұлғалар мен азаматтардың
мүдделерінің үйлесуін қамтамасыз ету; су
құқықтық қатынастары субъектілерінің
құқықтары мен мүдделеріне кепілдік беру
және қорғау; су
құқықбұзушылықтарын жасағаны
үшін кінәлілерді заңды жауапкершілікке тарту.
Суларды пайдалану және
қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің
құқықтық негізі су
құқығының маңызды институттарының
бірі болып табылады. Су құқығы нормаларымен су
қатынастарын реттеудің мазмұны, функциялары, нысандары мен
әдістері анықталады. Мемлекеттік реттеу
су-құқықтық талаптар мен нұсқауларды
жүзеге асырудың барлық негізгі әдістері мен нысандарын
қамтиды. Су саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асру
процесінде пайда болатын құқықтық
қатынастар су құқықтық
қатынастарының біртұтас жүйесіне кіреді.
Су ресурстарын
ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етуге
және сол арқылы
құқықтық тәртіпке қол жеткізуге
(бекітуге) бағытталған тиісті мемлекеттік органдардың
ұйымдастырушылық, атқарушы-реттеуші қызметі
арқылы мемлекеттік реттеу қызметі жүзеге асады.
Суларды қорғау және
пайдалану саласындағы басқарудың мақсаты -
өндіріс процесінің және қоршаған ортаға
шығарылатын өнімнің зиянды әсерін шектейтін нормалар
мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалануды, қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны
қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды
пайдаланудың мемлекеттік бағдарламаларында қоршаған
ортаны қорғау мен тиімді табиғат пайдалану саласындағы
негізгі міндеттер және табиғат қорғау
қызметінің негізгі бағыттары айқындалады. Оларда қоршаған ортаны
сақтау және көбейту, қоршаған орта жағдайын
жақсарту бойынша міндеттер көрсетілген. Жер шарындағы
экологиялық қауіпсіздік үшін күрес барлық
адамдардың ең жауапты міндеттерінің бірі ретінде
қарастырылуы тиіс. Табиғат пайдалану және
суларды қорғау –
басқарудың ең күрделі объектілерінің бірі болып
саналады. Сондықтан табиғат пайдаланудың барлық
деңгейінде басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеу
маңызды болып саналады.
Су
пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы уәкiлеттi органға және жер қойнауын
пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға
мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң
бәрiн ұсынуға мiндеттi [2].
Су қорын
пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
мемлекеттiк су кадастрында қамтылған ақпаратқа
мүдделi жеке және заңды тұлғалардың
қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Калиниченко Т.Г. Формирование и развитие
международного водного права // Экологическое право. - 2005. - №6. - С.33-40
2
Мемлекеттік су кадастрын жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003,
31 желтоқсан.