Право

Арыстанбекова Жанерке Лесбекқызы
Қайнар университетінің 4 курс студенті, Алматы, Қазақстан

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Адамның өмір сүру құқығы, бостандығы – қоғам дамуының

басты баспалдағы.
Н.Ә. Назарбаев

Білім мен тәрбие егіз. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы – деп ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл Фараби айтып кеткен даналық сөз. Олай болса – Құқықтық тәрбие де адам баласына берілетін тәрбиенің ең биік тұғыры десе де болғандай.

Себебі, өз құқығын білмеген адам – өзіне тиісті мүмкіндіктердің бәрінен құр қалады.

Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай – әр адамның, немесе әр жеке тұлғаның өз құқығын білмеуін – қалың орманға жол білмейтін жолаушыны тастап кеткендей құбылыс.

Қазақ елі Тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан өткен, өзінің алдына  Жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды мақсат етіп қойған - Құқықтық мемлекет!

Бұл деген сөз Заңы жоқ өз күшіне енген, мемлекет билігі заңға сүйене отырып, азаматтар мен биліктің бірлігімен бірлікпен тірлік ететін мемлекетте туылғаныма өзімді бақытты сезінемін. Заманауи ғалымдардың айтуынша: Академик М. Баймаханов: Құқықтық мемлекет құрылымы өте ұзақ үдеріс – мемлекеттің барлық құрамдастарына, құқықтық жүйеге әсер ететін алуан түрлі үлгілер мен әдістердің қоғаммен, бөлек социуммен, топпен, жеке адаммен байланысты қамтитын көпқырлы үдеріс – деп жазған.

Осы талаптардың бәріне жауап беретін Тәуелсіз, Құқықтық мемлекеттің азаматы болғаныммен мақтанамын!

Бала жастан армандаған ғылымым құқықтану  болатын. Бес-ақ әріптен тұратын Құқық – деген ұғымда қанша мән бар.

Құқық әр адамның сыртқы қорғанышы, әр адамды барша адамдармен теңестіретін ұлы көштің көшбасшысы «Құқығың» екеніндігін ұғынған жастардың бірімін. Мектеп бітіріп түлек болып арман жетегінде – мен ойланбай осы пәнді таңдадым. Себебі азаматтық құқы бар адам – деген сөз ол «бақытты» адам деп түсінемін.

Адам баласына бір- ақ рет берілетін өмірді бағалай білуге жетелейтін өзен – бұл сенің құқығың. Құқығың болмаса кім болар едім?!

Осы ғылымды терең меңгеру мақсатында: Алматы қаласындағы Қайнар университетінің 4 курсында білім алып жатырмын.

Бұл менің жастық жүрегімнің дүрсілі менен таңдаған таңдауым болатын. Арманым адамқұқықтары бұзылмаса, жазықсыз жазаланбаса, кінәсіз – жыламаса, біреудің біреу құқығын таптамаса, әлсізге - медет болсам, қорыққанға қорған болсам – адамзатқа аузымен су тасыған қарлығаштай,- адамдарға жақсылық жасасам – ең сәтті мамандық иесі боламын, - деп армандаймын.

- Мен өзгелер үшін алаңдаймын: адамзаттардың құқығы бұзылып жатса араша түспей қалатындардан;

- Өз құқығын білмейтін, өзін өзгелерден төмен  ұстап, алақан жайып тиын сұрап тұратын қайыршылардан;

- Өз құқығын өзі талап етеғ алмай өзін өзгелердің аяғына тастаған жігерсіз жандардан.

Адам құқығы – адам өмірге келген күннен басталады, өмірге көзін жаңа ғана ашқан сәбиге медициналық көмек беріле бастауы – денсаулығына қамқор болу – адамзаттың құқықтың басталуы болып есептеледі.

Менің мамандығымның өзі адам құқығын сақталуына, қорғалуына жұмыстану, қорған болу:

Әрине өз жұмысымды Әділ заңға сүйене отырып жасайтынымды өзіме - өзім серт беріп, әділетті заңгер болатыныма сенемін.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Ата заңға сүйене отырып: Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру – бағдарламалық мақаласын да Ата заңға сүйене отырып жазғандығын білемін.

Ата заңымыздың: 38 бабында: Тарихи және мәдени мұралардың сақталуын қамтамасыз етуін және мәдени ескерткіштерді сақтау міндеті – жазылған, бекіген. Елбасымыздың Рухани жаңғыруында – Туған жердің тарихи мұралардың, тарихи тұлғаларын сақтау және жаңғыртуды – талап еткен.

Ата занның 27 бабында: Ата-аналардың балаларына қамқорлық жасауы міндеті және кәмелет жасына толған, еңбекке жарамды балалардың ата-аналарына қамқорлық жасауы міндетті екендігі айтылған.

Осы бапқа көз жүгіртсек көз алдымда қазіргі кезеңде қоғамымызда жастар арасында кездесіп жатқан келеңсіз оқиғаларды тыңдағанда жүрегіміз сыздайды.

Екінші менің жүрегімді толғандыратын жәйт: Білімді де білікті оқыған азаматтардың қартайған дәрменсіз ата-аналарын Қарттар үйіне апарып астауы. Бұндай мейірімсіз перзенттер жайлы 37 бапта ата-анасын қартайған шағында бағуға міндетті – деп заңмен бекітілген. Олай болса Заңды орындамағаны үшін қылмысқа тартылса, жұмыс орнына қатынас қағаз жіберілсе, оны көрген екінші біреу ата-анасын, кішкентай сәбін аялар еді, ардақтар еді – мен дәл осы екі салада қызмет етер едім:

Жетімханадағы балалардың әке-шешесіне оралуына, қарттар үйіндегі қарттарды үйіне қайтартып үй төрінде отыруын талап етілер еді. Бұл өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбие болар еді.

Әзірге студентпін, Құқық негіздерін тереңдете оқып, ғылым кенін игерудемін: «Адам жанын тәрбиелеуден артық бақыт та, мамандық та жоқ» - деген Елена Рерихтің сөзін іспен жауап беріп білімнің қия шыңына шығуға еңбектенудемін. Мақсатым айқын, бағытым белгілі – еңселі 30 елге, олардың да алдындағы өркениетті елдерге жетуге үлес қосу , мәңгі елдің болашағы қазақ жастарын және қазақ азаматтарының тағдыры үшін еңбек етемін.