Түсті және қара металлургия
өндірісінің
қалдықтарын құрылыста пайдалану.
Материалдық өндірістің жоғары
қарқындап дамуы, ғылыми-техникалық прогресстің
жылдамдауы табиғи ресурстарды, әсіресе пайдалы қазбаларды
қарқынды пайдалануын қажет етеді. Халық
шаруашылығын минералды шикізатпен қаматамасыз ету
мәселесінің маңыздылығы біріншіден, халық
шарушылығы өндіріс дамуының негізі болып саналады, оның
әсерлілігі ресурстармен қамтамасыздануына байланысты; екіншіден,
еліміздің экономикасы пайдалы қазбалар қорының
шектеулілігінде жұмыс істейді.
Қоғамның табиғатпен өзара
әректеттесуінің тұрақты өсуінің салдарынан
бізді қоршаған орта көбіне синтетикалық болып жатыр
және оның табиғи структурасы өндіргіш
күштермен,
қоғамдық тұтыныумен
қақтығысқа ұшырайды. Қоршаған
ортаның сапасын қадағалау қажеттілігі туындайды.
Минералды шикізатты тиімді пайдалану мәселесі, әсіресе,
қалдықсыз технологияға өтуді экономикалық
өсу (өндіріске ресурстардың ұлғайта
қатыстырылуы) және қоршаған ортаның
«өндірістік мүмкіндігі» (минералды ресурстар қорының
азаюы, сапасының төмендеуі, экологиялық
тепе-теңдіктің бұзылуы) арасындағы үйлеспеушілігі
жағынан қарастыру қажет. Осы үйлеспеушіліктерді шешу
өндірілетін ресурстарын, өндіріс қалдықтарын рационалды
әрі кешенді пайдалану кезінде мүмкін.
Өндіріс қалдықтары көлемін
азайтуының басты бағыты – халық шаруашылығының
әр түрлі салаларында кәдеге жарату, әсіресе
құрылыс индустриясында пайдалану.
Кен қорларының сарқылуы, оларды
өндіру құрылымы, құрылыс материалдары
қажеттілігінің өсуі және қалдықтардың
жиналу мәселесінің өршуі салдарынан өндіріс
қалдықтарын кәдеге жарату қажеттілігі және
маңыздылығы жыл сайын артуда.
Минералды-шикізаттық қалдықтар
құрылыс материалдарын өндіруде кең қолдануын таба
алады, мысалы, қара металлургия қалдықтары. Оның ішінде
домна қожы кең қолданылады, отандық металлургия
зауыттарында 1 т. шойын өндірілгенде 500-600 кг. қож шығады.
Домна қожын өңдегенде цемент өндіргенде
қолданылатын, қазынды кеңістікті толтыруға болатын,
жергілікті және қожсілтілі тұтқыр, кеуектас бетон
толтырғышы, минералды қожды мақта шикізаты,
қиыршықтас және құм ретінде қолдануға
болатын түйіршіктелген қож алынады.
Осы материалдарды құрылыста пайдалану
бастапқы минералды ресурстарды (құм, әк, балшық,
қиыршықтас), клинкерлі цементті және отынды үнемдеуге
жол ашады. Мысалы, түйіршіктелген қожды бетон толтырғышы
ретінде пайдалану айтарлықтай үнем береді. Қожды
қиыршықтас пен құмды құрылыс
мақсатында пайдалану табиғи материалды үнемді жұмсап
қана қоймай, олардың пайдалануын шектеуге жол береді.
Домна қожын тиімді пайдаланудың бірден-бір
түрі қождық құю болып табылады. Бүгінгі
таңда екіқабатты металқожды
құбырлар, қож
тақталарын бұру және басқа бұйымдар технологиясы
жетілдірілген. Мұндай құбырлар түрпілі материалдарды
(қиыршықтас, құм, кен, бетон және т.б.)
пневмо-гидротасымалдау мақсатында қолданылады. Болат
құбырларды металқожды құбырлармен алмастыру
желінің әрбір шақырымы сайын 150 т. металл үнемдеуге
жол ашты.
Ферроқортпа қожы жергілікті және
қожсілтілі тұтқыр бетон толтырғышы ретінде
қолданылады. Бұл ретте табиғи толтырғыштарды
қолдануының төмендеуі көрінеді. Көміртекті
феррохром қорыту кезінде алынатын қож автоклавты материалдар
өндіру кезінде үлкен құндылығын көрсетеді.
Феррохром қожы суыған кезде силикатты ыдырауға ұшырап
дисперстік ұнтаққа айналады. Қожды силикатті
қоспаға араластыру (3-4%) оның қалыптану
қасиетін, қамның беріктігін жақсартады және
әк шығынын төмендетеді.
Ферроқорытпа өндірісінің қожы отқа
төзімді бетонның әсерлі толтырғышы бола алады.
Ферроқорытпа қожы негізінде жасалған отқа төзімді
бетондық композициялар әр түрлі жылу қондырғыларында
қолданыла алады. Мұндай бетон жоғарғы
термотұрақтылығымен сипатталып, кезеңдік қыздыру
және суыту тәртібінде жұмыс істейтін
жоғарытемпературалық қаптама ретінде қолданыла алады.
Қождың негізгі тұтынушысы – оның
75%-ға дейінгі көлемін портландцемент,
қожпортландцемент,
жоғарғы топтағы қожсілтілі цемент
өндірісіне қажетті гидравликалық қоспа жасауына
қолданатын цемент өндірісі.
Түсті металлургия өндірісі
қалдықтарын да кең қолдануға болады.
Минералды-шикізатты қалдықтардан қож және
қоқыр аздаған қолданыс тапқан.
Тау-кен металлургиялық комбинаттарында түсті
металл кенін өңдеу салдарынан пайда болатын қождың
физика-химиялық, физика-механикалық және технологиялық
қасиеттерінің зерттеулері құрылыс материалдарын
өндіруіне мысты никельдің кенін өңдеу кезінде пайда болатын
қождың домна қожынан беріктігі, жылу физикалық
қасиеті, қышқылтөзімділігі әлдеқайда
жоғары екендігін көрсетті.
Мұндай өндірістің түіршіктелген
қожы автоклавты қасаңдану тұтқыр затының
жақсы шикізаты болып табылады. Осы тұтқыр заттың
негізінде ірі толтырғышты ауыр, тығыз ұсақ
түйірлі, борқылдақ толтырғышты жеңіл,
қуысты бетондар жасалады.
Түсті металдар қожын құм
және қиыршықтасқа өңдеу
қалдықтарды кәдеге жаратудың ерекше үмітті
әрі экономикалық тиімді жолы.
Алайда бүгінгі таңда түсті металлургия
өнеркәсіптерінде қожды қайта өңдеу
үлесі төменгі деңгейде қалуда. Оның едәуір
бөлігін төгіп, үйінділерге тастауда. Заттай түрінде
бұл түйіршіктелген қож
бетонның ұсақ толтырғышы ретінде
қолдануға тұрарлық материал. Елімізде жүздеген
миллион тонна болып жиналып жатқан металлургия қожының мәселесі
минералдық шикізатты кешенді пайдалану жағынан,
қоршаған ортаны ластау жағынан, өнімдердің
өзіндік құнын төмендету жағынан карағанда ашық
қалуда.
Осылайша, қара және түсті металлургия
өндірісінің қалдықтарын құрылыс
материалдары өнімдерінде қолдану өндірістік кешеннің
үмітті бағдары екенін
қорытындылаймыз.
Қолданылған әдебиет:
1.
Бобович Б.Б. «Переработка отходов производства и
потребления» 2000ж.
2.
Маннанова Г.В. «Техника и технология утитлизации твердых
отходов» 2007ж.
3.
Болдырев А.С. «Использование отходов в промышленности
строительных материалов» 1984ж.