Магистрант Асай Жайнагүл

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

Мұнай химиясын оқытуда кейс методикасын қолдану

 

Қазіргі кезде химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысмызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі – күнделікті өмірде қолданылып жүрген мұнай химиясы.

Мұнай өңдеу, мұнай химиясы, машина жасау өндірісінің қалдықтарының толық тазартылмай төгілуі салдарынан, гидросфераның ластануының 75% мұнай қалдықтары құрайды. Соңғы жылдары қалдықтарының құрамында мұнай мөлшері аздау өнеркәсіп орындарының артуына қарамастан, біздің еліміздегі барлық аудандарда: көлікке жағар май құю станциялары мен кешендерінің көбеюі, мұнай базалары және көліктарнспорттық кәсіпорындардың саны артуда. Осыған байланысты мәселе одан ары кең етек жая ушығуда [1].

Заманауи көлік бекеттеріндегі жанар жағар майдың төгілу мүмкіндігі аздығына қарамастан жағар май құю, тарту колонкасы аумағында төгілу қауіпі жоғары болып қала беруде (1 т жағар отынға 100 г). Орта есеппен АЗС маңындағы жол жиектеріндегі ағын суларда немесе жаңбырдың ағынды суларында мұнай өнімдерінің өлшенген мөлшері 3000 мг/л-да 400 мг/л дейін жетеді. Нормативтік мөлшері 3 және 0,05 мг/л дейін тазартылған болу керек. Эффективті тазалау құралдарының, жүйелерінің болмауына байланысты талаптар орындалмайды. АЗС ағын суларының құрамын қарапайым, дәстүрлі тазалау әдістері механикалық қалдықтардан 70-80 пайыз, ал мұнай өнімдері қалдығынан 50-62 пайызға дейін ғана тазартуды қамтамасыз етеді. Мұнай өнімдерінің біршама бөлігі эмульгирленген және еріген күйге ауысуына байланысты мұнай қақпандарында ұсталмайды [2].

Қазіргі таңда көршілес Ресей мемлекетінде мұнай сорбенттерін қолдану, импортты қоса есептегенде жылына 6 – 7,5 мың тоннаны құрайды. Төгілген мұнайдың 150-200 мың тоннасы ғана сорбциялық жолмен тазартылады, яғни жалпы төгілген мөлшердің 1,5 – 1,8% көлемі ғана. Бұл көбінесе мұнай сорбенттерінің құнының қымбат болуына байланысты. Сондықтан да арзандау сорбенттер алу мүмкіндігінің техникалық жағын шешу – өзектілігі жоғары, шешімін табуды талап ететін ғылыми-қолданбалы мәселелердің бірі болып отыр [3].

Осы орайда, мұнай химиясын оқытуда студенттермен кейс әдісі арқылы жұмыс істеген өте тиімді нәтижелер көрсетеді. Мұнай химиясын оқытуда кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді. CASE-терді құрудың негізгі сатыларын былайша бөліп көрсетуге болады: алдымен мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерийлерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE-тегі алғашқы материалдарды дайындау, оларға сараптама жасау, қолдану бойынша қажетті әдістемелік материалдар дайындау. Мұнай химиясын оқыту процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы сатыларын былайша бөлеміз: кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну); негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс жасау; жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың презентациялары және тәжірибе нәтижелері.

Мұнай химиясын оқытуда CASE STUDY әдісі оқушылар бойында келесі дағдыларды дамытады:

Аналитикалық дағдылар, яғни деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды. Мұнда кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. Коммуникативті дағдылар, яғни дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау. Талқылау барысында CASE-те адамдардың өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, өзін өзі ұстау секілді нақты әлеуметтік дағдылары қалыптасады:

Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.

Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады. Проблемалық анализ. Мұнай химиясындағы проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы; Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау; Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау; Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.

Жүйелі анализ. Мұнай химиясының құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру; Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады; Конструктивті анализ - берілген функциялар негізінде құрылым құрылады. Праксеологиялық анализ. Мұнай химиясын оқытуды қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру; Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау; Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу. Прогностикалық анализ. Мұнай химиясын оқыту жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру; Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау; Трендттік модельдер құру арқылы болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті прогностикалық талдау; Мұнай химиясын оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі: Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады. Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс-әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

Ғылым – бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады. Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес кейс: жағдайлардан (кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға), жағдайдың контексті-хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктерінен, автор ұсынған жағдайға түсініктеме беруден, кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалардан, қосымшалардан тұрады.

Қорыта келгенде, мұнай химиясын оқытуда кейс методикасын қолдану кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

Әдебиеттер:

1.  Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Владос, 1999. -384 с.

2.  Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. - Ростов н/Д.: Феникс, 2002. - 544 с.

3.  Бектенов Ә., Шалабаева Ж.Б., Шадин Н.А. Композициялық мұнай сорбенттері және олардың қолданылуы. Хабаршы. №1. - Алматы, 2012.

Резюме

В данной статье рассматриваются вопросы использования технологии кейса в обучении нефтевой химии.  

Summary

This article deals with the use of case study technology in teaching chemistry neftevoy.