ӘОЖ 004.2:004.3(075.8)

 

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ.

магистр Т.М.Маннапова,

к.п.н. А.Х. Касымова,

магистрант А.Елешова

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті (Орал қаласы, Қазақстан Республикасы)

 

Қазіргі заманда білім берушілерге электронды оқулық материалдарын дайындауға арналған бағдарламалау тілдерін білмеседе болады. Ол үшін көрнекі немесе әдістемелік материалдарды сапалы дайындауға бағдарламалық құралдардың шек қойылған санын жеткілікті игеруі қажет. Бір қатар жағдайда бұл оқу курсындағы пәндерге осы режим сүйеніш болады.

Сапалы мультимедиалық оқу құралын(ММҚ) дайындауға бір адамның күші жетпейді. Бұл жерде оқу құралдарын дайындаушы ұйым бірігіп еңбек етуі қажет.

Мысалы, бұл ұйым құрамы:

·                   электронды оқулық дайындау жұмысына жалпы басшы;

·                   берілген пән оқулығының сценариінің авторы, кеңесші;

·                   жобалаушы дизайнер, ол компьютер дизайнері болуы мүмкін;

·                   видео, аудио және графиктік материалдардың компьютерлік монтажының маманы;

·                   бағдарламалар және аппараттық құралдарды игерген (соның ішінде эргономика талаптарына сәйкестікте) видео, аудио және графиктік материалдарды дайындаушы мамандар;

·                   редакторлар және корректорлар.

Бұл мультимедиалық оқу құралдарын дайындаушы топ құрамында болуға тиісті мамандардың толық тізімі емес. Көбіне, бір қатар жағдайларда ұйым мүшелері аз болуы мүмкін, сонда әрбір адам бірнеше функциямен жұмыс жасайды. Оқулық немесе оқу-әдістемелік құралдарын дайындаушы техникалық пәндердің білім берушілері аспаптық құралдарда, бағдарламалық кешенде ең үлкен жетістікке жетуге болатын ерекшеліктерді айқындауы керек. Көбіне, білім беруші әріптес компьютерлік технология-мамандарының көмегіне жүгінбей өзі қарапайым материалдар дайындай алады [1].

Мультимедиалық оқу құралын дайындаудың әдістемелік негіздері оқу материалын ұсыну әдістемелері. Оқу-әдістемелік құралдарды дайындаушылар және білім берушілер нақтылы оқытылатын білімді үлкен дәреже деңгейіне, оқу орталарын автоматты күйге келтіруге ұмытылады. Сайып келгенде, негізгі әдістемелерді екі топқа бөлуға болады: дәстүрлі және бейімдеуші.

Дәстүрлі:

·                   Оқу материалын қысқаша түрде ұсыну;

·                   Оқу материалын толық түрде ұсыну;

·                   Білімді және дағдыны өзіндік бақылау;

·                   Білімді және дағдыны бақылау.

Бейімдеуші:

·                   Оқу материалын қысқаша түрде ұсыну;

·                   Білімнің және дағдының деңгейін анықтау;

·                   Оқытылу деңгейіне сәйкес материалды ұсыну;

·                   Білімді және дағдыны өзіндік бақылау;

·                   Білімді және дағдыны бақылау.

Дәстүрлі оқу жүйесіндегі оқу процесінде оқытылатын білім базасының (ББ) оқу пәнінде және оқу әдістемесінің әрбір адымында өзгерту циклі ұсынылады. Оқу материалын дайындаушы ұйым тақырыптарды иерархиялық бөлшектейді. Бұл оқытылатын ақпараттарды «ұсақ тақырыптармен» беруді қамсыздандырады. Курсты құруда материалды жақсы меңгерулері үшін оқу болжамалары толық және қысқартылған түрде қолданылады. Баяндалатын материалды толық түрде ұсынуда гипермәтін қолданылады, оған статистикалық бейнелеулермен (көркемдеулермен), бейне және аудиосюжеттер, анимация элементтері және т.б. енгізіледі. Қазіргі уақытта, қосымша «жандандыру үшін», қолайлы және түсінікті автоматтандырылған оқыту жүйесінде пайдалануға берілетін материал дайындауда презентацияларды қолданудың қажеттілігі жоқ. Соңғы кезде көп қолданылатын  материалдарға қызықты жасалатын және жадыда жеңіл сақталатын мультипликация эффектілерінің жүйелері алынады.

Қысқартылған түр құрамына негізгі ұғымдар, тақырыптық формулалар, немесе әрбір бөлімдерге видеосюжеттері әртүрлі мультимедиалық элементтермен берілген гипермәтіндік материал ұсынылады. Толық түрден қысқартылған түрдің айырмашылығы, ол оқу материалында негізгі оқылатын тақырып немесе ұсынылып отырған оқылымның қысқаша баяндалуы беріледі.Тестілеу - оқытылатын бөлімнен алынған білімді бақылау түріне қызмет етеді. Білімді бақылаудың міндетті және өзіндік бақылау түрі болады. Мұндай оқу түрі дәстүрлі және компьютерлік оқу жүйелерінде қолданылады.Тестілеу материалын таратудың дәстүрлі әдістемелерін қолдануға шек қойылады. Берілген жағдайлар шешімін табу кезінде жұмыстың шартты қабілеттіне және оқытылатын білімнің деңгейіне назар аударылады, осыдан жаңа оқу әдістемені бейімдеу, үйлесімді дайындау қажеттілігі туындайды. Сайып келгенде, оқытылатын материалды дайындаудың ең төмен және ең жоғары дәрежесінде оқудың әмбебаб жүйесі ұйымдасуы тиіс.

Бейімдеуші оқу жүйелері оқу материалын дайындаушы ұйымның деңгейін және ағымдағы білімдер деңгейін анықтауды және тестілеу жолының дағдыларын іске асырады. Оқытылатын материалды қысқартылған түрде мақсатқа лайықты ұсыну қажет, одан кейін білім деңгейін анықтау керек және онан әрі оқытылатын материалдың  пайдалануға берілетін көлеміне, лайықты білімдер деңгейіне  және дағдыларына кепілдемелер беріледі.

Білім алатын технологиялардағы Мультимедиа (multi – көп және media – орта)  үшке бөлінеді:

1.     ақпараттарды біріктіру арқылы ұсыну.

2.     бірнеше сюжетті құралдар мазмұнының сюжеті.

3.     көркемді түрде әрлендіру интерфейсі және навигация құралдары.

Мультимедиа құралдары дара компьютерлік оқу процесінде ақпараттық технологиялардың психологиялық-эргономикалық қамтамасыз етуін ұйымдастырады. Кез келген ақпаратты беру тәсілі, адамның талдаушы «кіріс» мінездеріне, немесе адамның миымен ақпаратты дайындаушы ішкі нейропсихологиялық заңдылықтармен барабар болуы тиіс. «Кіріс» мінездерінің параметрлері: қабілеттілік, әртүрлі символдардың өзара сыйысушылығы немесе маскалануы, түс сандарының өсуі, қарама-қарсылық және т.б.

Ішкі психофизиологиялық заңдылық есебі білімдерді мақсаттық бөліс тәсілдері элементтерін аддитивті және аддитивті емес шуыл фонында қолдануын ұсынады. Ішкі психофизиологиялық заңдылық есебі акустикалық интерфейсті дайындау кезінде фонемамен ерекшеленген мүмкіндікті қолдануды ұсынады: жаршыдан тәуелсіз компьютерге ақпарат енгізу, сөйлеу сигналын формантада талдау, бірге сөйлеу мүмкіндіктерін қабылдау [2] .

Мультимедиа көп арналармен ақпаратты беруді ғана қамсыздандырмайды, сонымен қатар бір-бірін толықтыратын әртүрлі ортаның шарттарын жасайды. Білім алушылардың алдында өз тілімен жазылған әрбір жеке ортаның құралын қолданудың үлкен мүмкіншіліктерін ашылады.

Мультимедиалық оқу құралдары білім алушылардың алған білімдерін тәжірибеде қалай қолдануды тереңірек түсінуге себебін тигізеді.

Оқу материалдарын Интернет желісінен іздеу және іріктеп алу.Глобальды компьютерлік желі. Интернетті кең енгізу бірегей ақпараттық және транспорттық ортада алға қойған білім алу жобаларының технологиясын анықтамайды.

Интернет желісі оқу процесінде желілі электронды кітапханалардың оқу ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерінің дамуын белсенді ынталандырады, оқулық дайындауға  әртүрлі мультимедиа – материалдарын іздеуге және іріктеп алуға көмектеседі.

Зерттеулердің көпшілігінде оқу-әдістемелік құралдарының бөліну жағдайлары әртүрлі талаптардың және тұтынушылар топтары сауалдарының есебінде негізі қаланған, оларға педагогиканың, психологияның, физиологияның және басқа ғылымдардың, сонымен қатар техника және өндірістің өзара қатынастарының дәрежелері жатады.

Топтастыру белгілерімен зерттеушілер мыналарды ерекшелейді:

·                   оқу ақпараттарының ерекшеліктері,

·                   оқу процесінің мақсаттары және тапсырмалары.

Мультимедиалық оқу құралдарын (ММҚ) көзбен шолу құралы ретінде дайындауға болады: нақты видео– және фотоматериалдар, компьютерлік анимация құралдары көмегімен жасалған материалдар, 2D,3D және 5D – үлгілеуі және т.б. Әртүрлі графиктік құралдар көмегімен берілетін ақпараттың жақсы қабылдануына графиктер, диаграммалар, сұлбалар және т.б. ұсынылуы қажет. Оқу видеоматериалы ерекшеліктерінің сипатталуы:

·                   ақпараттық көптіктер;

·                   тыңдаушыға қызу әсер ету;

·                   экраннан ақпараттың берілу екпіні;

·                   қабылдау процесімен басқару;

·                   материалдың бүтіндігі және аяқталу.

Барлық оқу материалының түрлері бейімделу функциясының көрсету екпінінің өзгеруін, әрбір нақтылы оқытылатын және т.б. түрлі-түсті күйге келтірудің дербес өзгеру мүмкіншілігін қолданады. Видеоорталардың лайықты мақсатқа қолданылуын таныстыру жолдары:

·                   объектілерде, жағдайларда және құбылыстарда, рұқсат етілмейтін ортадағы бақылаулар;

·                   жағдай және құбылыс, қозғалыс және даму сипаттамаларының ерекшелігі;

·                   өте баяу немесе өте жылдам жағдайлар және құбылыстар;

·                   микро және макро объектілермен.

Көзбен шолу құралдарын қолданудың негізгі талаптары:

·                   құралдарды қолданбай тұрып айқын және ойластырылған ақпаратты мөлшерлеу:

·                   көптақырыпты болмау қажет;

·                   күрделі мәселелер туғызу;

·                   кадрды қарапайым айқын түрде құру; жаршының қолданатын мәтіні  қолайлы, ықшамды, мәнерлі болуға тиіс;

·                   көрермендер қабылдауына кедергі жасамау үшін жаршының мәтіні үзілістермен болу керек;

·                   жаршы мәтінінің орнына субтитрларды қолдану мүмкіншілігі қамсыздандырылуы тиіс;

·                   көрермен материалы әр түрлі анимация құралдарының және компьютерлік үлгілеуді қолдану жолымен қамсыздандырып, қызықтылықты жасауға тиісті;

Оқу материалын ұсынуда дыбысты құралдар жиі қолданылады. Кез-келген мультимедианың құрамында аудиоадаптер болады, ол дыбысты үзінділерді тыңдаушыға пайдалануға беретін стереофоникалық дыбыстауды қамсыздандырады. Дыбысты үзінділерді және жаршы мәтінін баспа мәтінімен қайталау қажет (егер мүмкін болса). Қазіргі заман педагогикасында дыбысты құралдар оқу және әдеби жазбалар болып бөлінеді. Оқу жазбалар әртүрлі тапсырмалардың, жаттығулардың және жазылған материалдың бөлек бөлімдерімен тапсырманың орындалуына арналған үзілістерді орындау үшін қолданылады. Білім жүйелерінде мәтіндік материалмен бірге осындай жазбалар қолданылады. Әдеби жазбалар қандай болмасын дидактикалық қоспаларсыз дыбысты үзінділерді мақсатты түрде ұдайы шығарады. Әдеби жазбаларға келесі құралдар қолданылады:

·                   деректі дыбыс жазбасы;

·                   музыкалық туындылардың жазбалары;

·                   қарапайым және табиғи дыбыстардың жазбалары және т.б .

Музыкалық белгілерді оқу кезінде дыбыстың үлгілеу жүйелері қолданылады. Сонымен қатар оқуда дыбысты тренажерлерді қолдануға болады (егер тыңдаушы компьютері дыбысты картамен және микрофонмен жабдықталған болса), ол студенттің дауысын жазып алады, жазбаны үлгілермен салыстырады және қателерін табады.

Оқу материалының ауызша (вербалды) түрін ұсыну.Ауызша оқу құралдарына шартты түрде пәндерді таныстырушы суреттеулер және объективті ақиқат құбылыстар жатады.«Вербал» – психологияда қолданылатын тыныс материалын белгілеуге а рналған термин, сонымен қатар мына материалдарда қолданылады:

1.                 мағыналы ауызша материал – зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің, сан есімдердің қатары;

2.                 мағынасыз ауызша материал – үш топтың дәрежелері сәйкестер, буындар, мәнсіз сөздің нақты тілге жуық әр түрлі.

Ауызша материалға қарама-қарсылар:

1.                 мағыналы ауызша емес материал – геометриялық фигуралар, суреттер, фотографиялар, заттар және т.б.;

2.                 мағынасыз ауызша емес материал – мағынасыз геометриялық фигуралар.

Қолданылатын материалдың түрлері: ауызша (сөздер) және – ауызша емес (мысалы, ымдық); ауызша (ауызша тапсырмалардың шешімі негізінде анықталатын) және ауызша емес интеллект (ауызша тапсырмалардың бейнелі шешіммен, конструктивті және басқалармен сипаттанылуы); ауызша (сөздер) және ауызша емес ақпараттар (мысалы, бейнелі).

Оқу материалын ауызша ұсынуларға мыналар жатады:

·                   сөздер;

·                   белгілер;

·                   графиктер және диаграммалар;

·                   мәтіндік кесте;

·                   сұлбалар, жоспарлар, карталар;

·                   гипермәтін және т.

Электронды құрал – электронды оқулық немесе мультимедиалық оқулықтарға қарағанда кең ұғым береді, себебі олар курс мазмұнын беруде нәтижелі және сәтті болады.

Электронды оқулық –мемлекеттік білім алатын стандартқа лайықты мамандық пен курстарға арналған құрастырушы режимдері толық, стандарттың және бағдарламаның негізгі дидактикалық бірліктерімен анықталатын, биік ғылыми әдістемелік деңгейде жасалған электронды құрал жұмыстары.

Электронды құралдар білім стандартына үйлесуі тиіс. Электронды құралдар әртүрлі электронды көрсеткіштерде орындалуы мүмкін, ол сонымен қатар жергілікті және (немесе) глобальды компьютерлік желілерде орналасуы мүмкін [3] .

Білім беруші оқулықты дайындауда, жиі мультимедиалық оқу құралдарды пайдалану кезінде, ММҚ-дың қандай дәрежесі осы оқу процесінде оған көмектесе алатынын анықтауға тура келеді (өзінің педагогикалық мақсаттарымен сәйкестікте).

ММҚ-мен бірінші танысу кезінде білім беруші, қаншалықты ММҚ-дың оқу бағдарлама талабына сай екенін анықтайды.Бір қатар жағдайда нәтиже үшін осындай салыстырулар – ММҚ қолдану немесе қолданбау қажеттігін шешеді. Осы уақытта білім беруші сенімді түрде толық талдап, оған курстың негізгі сұрақтарын шешуде ММҚ-дың қажеттігіне көз жеткізеді. ММҚ талдау барысында білім беруші келесілерді анықтайды:

·                   ММҚ-ды пайдаланудағы мүмкіншіліктер

·                   ММҚ-ды қолданудағы  жетістіктер

·                   ММҚ-дың жетіспеушіліктерін белгілеу

·                   ММҚ толықтыру, қажетті материалдар қосу.

·                   ММҚ-ды қолданудағы тәуекелдер

ММҚ-ды пайдаланудағы мүмкіншіліктер білім берушінің оқу процесінде алға қойған мақсаттарына жетуі үшін қарастырылады. Оқытылатын оқу курсында қандай ММҚ қарастырылған? Білім беруші өзі оқитын дәрістік курстың баяндама мазмұны қаншалықты олармен байланысты?

Білім беруші ММҚ материалдарын қарастыра отырып, ММҚ-дың қандай бөліктерін дәріске қолданатынын немесе тәжірбиелік жұмысқа қосуға болатынын, немесе білім алушылардың өзіндік жұмысына ұсынуға болатынын өзіне белгілеп қояды. ММҚ-ды пайдаланудағы маңызды элемент, бұл білім алушының әдістемелік қабылдауын білім берушінің бағалауы. Материалды қолдану нәтижелігінің жоғарылауы үшін, ММҚ-да оқылған материалды бақылау жүйесі және өзіндік бақылауда қайсысын меңгеруге, қолдануға болатынан, нені болмайтынын біләм беруші анықтайды.

ММҚ-дың жетістігінде бірінші орынды оқу материалдарын ақпараттық түрде ұсыну алады. Білім беруші өзіне ММҚ авторларының ең нәтижелі материалын ұсынуда қандай құралдарды қолданатынын белгілейді. Мысалы, оқу процесі кезінде білім алушыға ММҚ өндірісте түсірілген видеоролик үзінділерін қарау арқылы ұсынылады. Осы процес негізін құрастыратын өндіріс фотографиялары көрсетіледі. Бұл өндіріске техникалық сипаттама береді. Біліс алушыға анимациялық құралдармен көрсетілген процес сұлбасын қарау ұсынылады. Сайып келгенде, білім беруші ММҚ мүмкіншіліктерін талдай отырып, материал бөлімдерін ұсынуда ММҚ жетістіктерін бекітеді.

Өзіндік бақылауға сәтті теріліп алынған сұрақтар, тестілеуге арналған тапсырмалар және т.б. жетістіктерге әкеледі. Осылайша, білім беруші мультимедиалық мүмкіншіліктерді дайындаушылар қандай нақтылы сұрақ дәрежесін іске асырды, және бұл қаншалықты өзі қарастыратын сұрақтарға үндес сұрақтардың ММҚ-да қалай берілгенін өзі үшін анықтайды.

ММҚ-дың жетіспеушіліктерін белгілеу, ММҚ-да қарастырылған немесе қарастырылмаған – толық емес сұрақтардың жетіспеуші санын білім беруші анықтай алады, мысалы, білім беруші толық оқытуда маңызды, талап етілетін сұрақтарды есептейді. ММҚ-дың жетіспеушілігін түзетіп, анықтауға болады, мысалы салыстыру кезінде ММҚ авторларының материалды түсіндіру жүйеліктері білім берушінің материалды түсіндіру жүйелігінен басқа түрде құрылуы. ММҚ-лар мемлекеттік білім алатын мамандықтың стандарттар талабына сай болмауы мүмкін.

ММҚ-ды пайдалану арқылы оның жетіспеушіліктерін және техникалық ақауларын білім беруші белгілеп қоя алады. Дәл осылайша ММҚ мүмкіншіліктерін толық орындауда қолданушылардың компьютерінде қосымша арнайы бағдарламалар қойылады. Жетіспеушілік түзіледі, мысалы, кейбір әріптік белгілеулер ММҚ-да және білім беруші қабылдаған бағытқа сәйкес болмаса. Кей жағдайларда графиктік материал білім алушылардың мамандық талаптарына толық сай болмауы мүмкін.

ММҚ толықтыру, қажетті материалдар қосу. Білім беруші  ММҚ қолдану мүмкіншілігін өте жиі анықтап қарай отырып, мынадай нәтиже шығарады, қолдануда көбірек нәтижелі болуы үшін ММҚ-ға қосымша материалды қажетінше қосу. Егер ММҚ-да сұрақ толық қарастырылмаса, білім беруші ММҚ материалына қажетті ақпараттар немесе сұрақтар бойынша әдебиеттерге сілтеме береді. ММҚ материалына қосымша қажеттіліктерді білім беруші талдай отырып, ММҚ-ға тиісті ұсынуды, және сәйкесті қосымша ақпараттарды кірістіру түрін қолдануды ескеруі қажет. Мысалы, кей жағдайларда ММҚ-ға білім беруші жаңа түрлер еңгізе алады (немесе басқа қосымша материал), егер бұл авторлармен және ММҚ дайындаушылармен алдын-ала ескерілсе, және егер білім берушінің компьютермен жеткілікті жұмыс жасайтын тәжірибесі болса.

Тек қана білім берушілер оқу мақсаттарын анықтамайды, әрбір елде оқу мақсаттарында инженер кадрларды дайындау тізімі мемлекеттік стандартта болады. Көптеген елдердің тәжірибесінен бұл стандарттарды іздеуде ұлттық білім министірліктерінің қатысуын көруге болады:

·                   халық шаруашылығы кәсіпкерлерінің лайықты өкілдері;

·                   елдің стратегиялық экономикалық және әлеуметтік дамуы облысында шешім қабылдаушы саясатшылар, мысалы: өнімдердің дүние жүзілік базарларда бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, жоғарғы технологиялардың дамуы, экологиға зиян алып келген технологиялардың санының қысқаруы;

·         ЖОО-дардың жетекші білім берушілері қай курста қандай пәнді,  қай пәннен кейін өтілуі жақсырақ болатынын; қандай материал көлемін қай уақытта студенттердің меңгеруі мүмкін екенін; оқу курстарының үйлесімді құрылымын (дәріс, семинар, зертханалыќ жұмыстарға қанша уақыт бөлу керектігі, курстық жұмыстың қажеттілігін, өндірістік практиканың өтілуін) біледі [4] .

Егер білім беруші түрлі сабақ (дәріс, семинар жұмыстары, зертханалық жұмыстар, кеңестер) немесе барлық оқу курстары мақсаттарын тұжырымдаса, ол өзіне міндеттер ұсынады:

·                   Ол жоспарланған мақсатқа қолы жеткенін немесе жетпегенін қалай тексереді;

·                   Білім алушыларға өз білімдері және іскерліктерін көрсету їшін не істеуге тиісті;

·                   Қандай баға, не үшін қойылады?.

Бұл оқу мақсаттарын қалыптастыру және бақылау олардың бірыңғай жетістік–процесі болып табылады.Оқу мақсаттары және олардың жетістіктеріне бақылаулар бір мағыналы мақсатта болуы їшін, мақсаттарды қалыптастырулар білім алушыларға, әріптестерге, эксперттерге нақты бүтін, бірдей мағыналы, түсінікті болуы қажетті. Тапсырманы орындау немесе оны шешуде, сонымен қатар қолданылатын бақылау жабдықтарын қолдануда уақыт көрсетілуге тиісті.Тапсырманы орындау кезінде мәлімет алуға әдебиеттерді қолдану мүмкіншілігі жабдықталуға тиісті, есеп берудің үлгісі алдын-ала ескеріледі: ауызша, жазбаша толтыру, түсіндіру немесе мақсатты шешудің қойылған формалық жолдары.

Басқа жағдайларда ММҚ-ды нақты жоғарғы оқу орындарының құралдарды дайындау ұйымдары тағайындайды. Білім берушілер дайындаған ММҚ-дар стандарттық талаптарға сай жауап береді және оларды басқа жоғарғы оқу орындарының білім берушілері пайдалана алар еді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.    Босова Л.Л. и др. Дидактические и дизайн-эргономические требования к электронному учебнику / Л.Л. Босова, Д.И. Мамонтов, А.Г. Козленко, В.В. Теренин // Образовательная политика. 2011. № 6. С. 112–119.

2.    Елистратова, Н.Н. Методика создания мультимедийного учебника [Текст] // Пути повышения профессионального и методического мастерства руководящего и преподавательского состава в условиях реформирования военного образования : материалы Междунар, науч.-практ. конф. [Текст] / РВВДКУ, – Рязань, 2009. – Ч. 2. – С. 222-227.

3.    Босова Л.Л. и др. Типовая модель электронного учебника / Л.Л. Босова, Д.И. Мамонтов, А.Г. Козленко, В.В. Теренин  [Текст] // Открытое и дистанционное образование. Томск. 2012. № 2 (46). С. 58–65.

4.    Елистратова Н.Н. Электронный учебник как дидактическое средство в педагогике высшей школы // Современные научные исследования и инновации. 2012. № 1 [Электронный ресурс]. - Режим доступа : http://web.snauka.ru/issues/2012/01/6523