Музыка и жизнь/1.Музыка: изучение и преподавание

 

Абдуллина Э.С.

Домбыра сыныбының ұстазы

Қазақстан, Қарағанды қаласы, №3 Балалар музыка мектебі

 

Іс шаралар өткізу арқылы дарынды балаларды іздеу қолдау және сүйемелдеу.

            «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,

  қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»

                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

 Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Ертедегі Қытайда  дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі  бала деп атаған. Расында дарынды балаларды  киелі бала деп  атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап,  оларға дұрыс жол сілтеу қажет.  Жалпы педагогика-психология  ғылымында  «дарындылық» мәселесіне  қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде.  Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы  бар,  шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық  мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.

Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі т.б.қажет.  Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.

А.Савенков педагог, ғалымның дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынамыз:

1.     Кешенді бағалау принципі. 

Баланы зерттеу жан-жақты және кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды. Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.

2.     Ұзақ мерзімдік принцип.

Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.

3.     Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.

Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.

     Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.

 4.     Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.

Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.

5.     Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.

Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.

6.     Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.

Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.

7.     Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.

Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:

Осы принциптер арқылы дарынды балаларды іздеу оларды сүйемелдеу іс шараларды өткізу мекемелер, ұйымдар қажет. Мекемелер арқылы дарынды балаларды іздеу мақсатында  түрлі олимпиадалық жарыстар, фестиваль – конкурстар, байқаулар өткізу мақсатында қолдау демеушілік қажет.

 

Қолданылған сайттар:  https://infourok.ru