ЖАС ӨСПІРІМДЕРДІ ВИРТУАЛЬДЫ ӘЛЕМНЕН ШЫНАЙЫ
ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Айтжанова Р.М., Байтілеу Ж.М.
ХХІ ғасырда барлық нәрсе дамып жатыр. Жаңа заман,
заманауй заттармен жабдықталған. Соның ішінде мектептерде
барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда
техниканың нағыз дамыған кезі. ХХІ ғасыр виртуальды
әлем ғасыры. Яғни, компьютерлік техниканың,
ғаламтордың, түрлі желілік
құрылғылардың дамыған кезі. Дүниенің
жаҺандануы ақпараттың шексіз таралуы жас өспірімдерге
кері әсерін беруде.
Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар
арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік
желі екені белгілі. «Уақыттың бос өткені -
өмірдің бос кеткені» деп келген қазақ қазірде
экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес. Ғаламтордағы
әлеуметті желінің бірінші баламасын 1995 жылы Рэнди Конрадс іске
қосқан. Ол «Classmates» деп аталады, яғни «Сыныптастар».
Сайттың мақсаты - сыныптағы және бір мектепте
оқыған достарды табуға мүмкіндік жасау. Бүгінде
ол сайт жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша бұл сайтты
50 млн. адам қолданады екен. Кейінірек, 1997-1999 жылдары "AsianAvenue»,
«MiGente», «BlackPlanet», «Livejournal» сынды желілер пайда болды. Ал 2004 жылы
Марк Цукерберг «The Facebook» әлеуметтік желісінің негізін
қалады. 2008 жылы бұл әлеуметтік желі әлемдегі ең
танымал желіге айналды және де бүгінгі күнге дейін
көштің басында. 2006 жылы Джек Дорси «Twitter» жобасын іске
қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге
айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана
тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото
көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда
«Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың
10-на кіреді. Instagram желісі 2010 жылдың қазан айында іске
қосылған. Оның басқа желілерден артықшылығы
- қолданушы түрлі суреттерімен осы желі арқылы бөлісе
алады. Алғашында Инстаграмм iPhone мен iPad-тарда ғана жұмыс
жасаған, кейін 2012 жылдың сәуір айынан бастап Android
арқылы да қосылатын мүмкіндік пайда болды [1].
Біздің пікіріміз ше, ғаламторда отыратын өскелең
ұрпақтың санасы өте жылдам өзгеруде. Әрине,
виртауальды әлемде «табысты» болуға мүмкіндік барда
шынайы өмірде күн кешіп қиналудың қажеті
не. Достармен, туыстармен жиі хат алмасу, ұл бала шынайы өмірде
жақындауға, әңгімелесуге батылы жетпейтін ондаған
қыздармен әңгімелесу, бұның бәрі жастар
үшін өте қызық. Жастарға виртуалды
өмір қатты ұнайды, себебі шынайы өмірде барлығы басқаша,
әлдеқайда қиындау. Бұл тым асқынып кетпегенде, жастарды
уламағанда онша зияны болмас еді. Жас ұрпақ шынайы өмірге
бейімделмеген, жастар қалыпты өмірде адамдармен
қарым-қатынас, сұхбат құра алмайды, виртуалды
қарым-қатынастан сәл алшақтай кетсе, өздеріне
бірдеңе жетіспей тұрғандай сезінеді. Жастарды компьютерсіз,
телефонсыз, планшетсіз, телевизорсыз қалдырып көріңіз. Ол
не істейді? Оларға басында қиындықтар туындайды.
Себебі жастар виртуалды
әлемнен тыс әлемде немен айналысу керектігін білмейді. Біз қазақстандық және
ресейлік телеарналардан біз
сияқты жастардың
елдің болашағы үшін алаңдап кеңес бергісі келіп шыр-пыр боп
жүрген адамдардың жанайқайын көріп жүрміз... Бірақ! Тоң жібір емес...
Қазіргі ата-аналарға балаларының
оларға кедергі жасамай, өз планшетімен өз әлемімен
отырғаны ұнайды.
Ата-аналар бала отыратын виртуалды әлем балаға өздері
ойлағаннан да қауіпті әсер ететіндігін түсінбейді.
Интернет тәуелділікке бейім адамдар
интернетке аддекватты қарайтын адамдардан ерекшеленетіні анық
нәрсе. Интернет тәуелділік белгілерінің пайда болуын
анықтауға зерттеулер жүргізілуде. Олар интернет
тәуелділігі қалай пайда болады, неде көрінеді, оны
қалай емдеуге болады деген сұрақтарға жауап іздеуде
болды. Зерттеуді шетел психологтары М.Шоттон, Ш.Тэкл және К.Янг жүргізді.
Және мынандай ой қорытындыларына келді:
· Ø Ата–ана Интернеттегі ойыннан біраз уақытқа
көңіл бөлуді сұрау кезінде, жасөспірім оны
істеуге айқын қарсылығын білдіреді.
·
Баланы компьютерден алып тастаудың өзінде
де ол өте қозулы күйде болады.
·
Компьютердегі программаларды жаңарту және
жаңа ойындар сатып алу үшін бала көп қаражат
жұмсайды.
·
Жасөспірім үй жұмысы, міндеттері,
сабақ жайлы ұмытады.
·
Қоректену және ұйқы графигі
толық бұзылады, бала өз денсаулығын сақтамайды.
·
Өзін үнемі сергектік күйде
сақтау мақсатында кофе және басқа психостимуляторларды
көп пайдаланады.
·
Компьютер алдында көп қоректенеді.
·
Компьютер алдында ойнау немесе жұмыс істеу
барысында бала эмоционалды көтеріліс сезеді.
·
Қоршаған адамдармен үнемі
түрлі Интернеттік тақырыптарда әңгімелесу басталады.
·
Компьютер алдында эйфория сезімін сезеді.
·
Өзінің компьютерлік фантастика
әлеміне келесі енудің ұсақ–түйегіне дейін
ойластырады және оған жағдай жасайды. Ал бұл
көңіл–күйдің көтерілуіне жағдай тудырады,
барлық ойларын билейді, ол жайында армандайды [2].
Ғаламтор, ұялы телефон,
планшет желі байланыстарының
әсері өте үлкен. Балалар туылғанынан бастап дамыту,
сергу ойыншықтарына емес, ата-анасының ұялы телефонына,
планшетіне, айпадына ұмтылуда. Басында ол балаға тек қана
жарық беретін, жылжитын, не сурет көрсететін, сурет салатын зат
сияқты болып көрінеді, кейіннен қызыға келе тек бір сол
ұялы телефонға немесе планшетке ғана байланады. Бұл
жасөспірім баланың дүниетанымының дамуына, өмірге
деген көз қарасына,
қоршаған ортамен байланысына, өмірді тануына,
айналадағы құбылыстарды сезнуіне кедергі жасайды.
Көзінің көруі нашарлайды, зиян келтіреді. Баланың асқа
деген тәбеті бұзылып, белгілі бір режімдерден ауытқиды. «Жасөспірім кезіндегі зиянын айтып жеткізу
мүмкін емес. Бала өздігіне талпыну мен ізденуден қалып тек
дайынға, әріп терсе дегені алдынан шығатынға
әбден бейімделеді. Мектепте берілген үй тапсырмасын өзі
ізденіп, ойлап құрастырып, орындамаған баланың таным процестері,
яғни, ойлау, есте сақтау, қабылдау процестеріне дейін сол бір
экранға желіге тәуелді болуы - үлкен мәселе десек
болады.
Әр затты өз орнымен,
өз уақытымен, белгілі бір шектеумен қолдануын
қадағалауға және бұл трагедияның,
мәселені жеңілденуіне бала тәрбиелеп отырған әр
ата-ана үлкен мән бергені дұрыс, алдын алғаны
жөн», - деп қорытты сөзін психолог [3].
Тағы айта кететін мәселе
жастарымыздың осы ғаламтор желісі арқылы танысып,
шаңырақ көтеріп жатқандығы. Біз бұндай
құбылысты құптамаймыз
ғаламтормен танысып, шаңырақ көтерген
дұрыс емес деген пікірімімізді де білдіргіміз келеді, бұл
әрине біздің пікіріміз. Өйткені, мұндай махаббат
ұзаққа созыла қоймайды. Адамдар ғаламтор
желісімен сөйлескенде шынайы кейпін көрсетіп, шынайы
сөйлеспейді. Өз ойынан бір образды ойлап алып, сол образға
еніп алып, өзгелермен хат алмасып, тілдеседі. Ұл-қыздарымыз
кездескен соң өмірде басқаша адам екен деп, араласпай
кететіндігі де содан шығар.
Әрине, біз интернеттен тысқары қала
алмаймыз, ол осы өмірдің бір бөлшегі. Бірақ жас
өспірімдерге техниканың осы бір бөлшегінің
әлеуметтік желінің біздің бүкіл әлемімізді жаулап
алуына жол бермеуіміз қажет. Қандай нәрсенің болсын
өз шегі, өз мөлшері болады, соны дұрыс пайдалана
білейік. Жас ұрпағымыз бар уақыттарын монитордың
алдында өткізбей, аулаға шығудың, адамдармен
әңгіме айтып сыр бөліскеннің де өмірге деген
пайдалы қажеттіліктер екендігін түсінсе екен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. http://www.kaznau.kz/forum/index.php?topic=42595.0
2.http://1referat.kz/psixologiya-pedagogika/zhasospirim-shaqtagy-internet-taueldiliktin-belgileri-men-mexanizmderi.html