Педагогические науки/3.Методические основы

 воспитательного процесса

Қабиева А.Қ, Айдан Әсел, 4 курс студенті

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

Ұлттар достастығы –ұлағатты іс

 

Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 25 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттердің бірі -  ауызбірлік пен ынтымақтастық. Осы бағдарда өзіндік болмысы қалыптасқан жасты еуропалық мәдениет те, өркениетті мемлекет те, жетілген техника да қорқыта алмайды. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болады. Мұның бәрі жанкештілікті, жанқиярлықты талап етеді. Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің беріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Қазіргі жастар осыны жетік түсінулері керек. Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы – міне, осы ақиқатқа тәуелді болмақ. Жастар – елдің болашағы, болашаққа сенім арту – жеңісті де жемісті келешектің көрінісі. Жастар мемлекетіміздің қуатты тірегі бола алса, онда экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік шиеленіс мүлдем бас көтере алмас еді. Жастар қоғамның белсенді өзегіне айналып, шешуші күші болуға ұмтылуы керек. Елімізді өткенге емес, баянды болашаққа алып баруға бар күш-жігерлерін салудан аянбаулары қажет. Ұлттық құндылықтарды жастар санасына қалыптастыру үшін біз ең алдымен ұлттық құндылықтарымыздың не екенін жастарға дәріптеп түсіндіруіміз керек. Нәтижесінде жастардың көбісі ұлттық құндылықтардың не екенін білмейді және мән бермейді.  Ең басты құндылық - елбасының ұсынған «Мәңгілік ел» жобасын іске асыруда, басты мақсат өркениетті, дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу жолында алға қойған барлық міндеттердің орындалуы үшін әрбір қазақстандық тұлғаның бойынан патриоттық сезім табылуы шарт. Қазіргі дағадарыс кезінде  бірлік, ынтымақ ұлттар арасындағы жарасымдылық бұрынғыдан да маңызды болып тұр.

Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық татулық өзгелерге үлгі. Өйткені, әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамдлеясын құрдық. Көп ұлтты еліміз осы сындарлы саясаттың арқасында өзара тату-тәтті ғұмыр кешіп, өсіп-өркендеп жатырмыз. Кезінде бұған күмәнмен қарағандар бүгінде Ұлы дала еліне қызыға қарайды. Шын мәнінде бір шаңырақ астына ұйысқан бірлігі бекем ел ғана кез келген қиындықты еңсереді. Ең бастысы, рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым «Мәңгілік Ел» болу үшін бізде бәрі бар. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын»,- дегендей бейбіт өмірді сүйетін әлемнің бар халқының тілегі осы. Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда барлық мереке мен береке бәрімізге, барлық этнос өкілдеріне ортақ. Біз оны дәстүріміз бен салтымызға енгізіп те үлгердік. Алдағы қасиетті мерекеміз – тәуелсіздік тойының орны тіпті айрықша. Өйткені, барлық қазақстандықтарды бір мақсат пен бір мүддеге топтастырып, бір кеменің басын мықтап ұстап, мызғымас бейбіт елдің бейбіт жырын шарықтайтын тағы да бір тамаша сәт келді. Ынтымағы жарасқан бір шаңырақтың астында өмір сүріп, бейбіт аспанның атында еңбек еткеннен асқан бақыт жоқ. Ұлттар арсындағы достық – елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай білудің таптырмас тетігі. Көп этносты тұрғындар арасындағы татулықты тереңдетудің қайнар көзі. Тәуелсізідігіміздің 25 жылдық торқалы тойының тұсында біз келешегімізге нық сенеміз. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Этнос аралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балалардың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз, мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек. Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениеттің негізгі қағидасы.  Қазіргі таңда жастарға халқымыздың тілін, ділін, мәдениетін, ежелден келе жатқан салт-дәстүрін, ұлттық өнерін үйретіп, оны өн бойына сіңіруге әрі дамытуға септігін тигізіп келе жатқан бұл қазақ мәдени орталығы басқа этностық қоғамдық бірлестіктердің көшбасшысы ретінде ұлттық құндылықтарымызды басқа ұлт өкілдеріне де насихаттауда зор үлес қосуда. Облыс басшылары алдағы біздің атқарар істерімізге үлкен сенім артып, қала ортасынан үлкен достық үйін салып берді.Сондықтан бұл достықтың мекені  – бүкіл облыс этнос өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз жастарымыздың болашағын бірлігімізбен берік етсін.

 

Әдебиеттер:

1.«Алаш» Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газеті, «Қазақтар» , 5 бет.

     2.Әкімқұлов Е.  Білгенге маржан. Алматы «Өнер», 1988 ж. – 24 бет.

3.                             Байтұрсынов А. Ақ жол, Алматы «Жалын», 1991 ж., 404 бет.

4.                             Жұмағұлов  Кеш жарық , Алматы «Өнер», 232 бет