Педагогические науки/3.Методические основы

 воспитательного процесса

 

Куненова П.С., аға оқытушы,  Тілеуберді Ә.,  4курс студенті

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Қазақстан Республикасы

Өнер - өмір шындығы

 

Өнер халықтың өмірін жай сәулелендіріп қана қоймай, ойын жетілдіреді, шығармашылығын дамытады. Өйткені өнер - әсемдіктің әсемдіктің ең  жоғары түрі. Өнер түрлерінің өзіне тан типтендіру тәсілі бар. Өнердің барлық түрлері, ең алдымен, қоғам өмірінің материалдық жағдайымен анықталады. Оның мазмұны қоғамдағы белгілі бір таптың түрлі жағдайына, ал жалпы танымдық сипаты ұлттық мазмұнға байланысты болады. Халықтың өнері үнемі өзгеріп, дамып отырады. Өркениетті қоғамда әрбір білімді азаматтың қандай да бір салаға мамандануы және белгілі бір кәсіпті меңгеруі қажет. Оған қоса эстетикалық талғамын үнемі дамытып, өнердің барлық саласынан да хабардар болуы, бүкіл қоғамның салауаттылығына, мәдени дәрежесіне игі әсер етеді.      

Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұсынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады. Сондықтан да академик И.П.Павлов: «Ғылым өмірдің қаңқасын ғана жасайды, ал жан мен тәнін өнер бейнелейді», - деп атап көрсеткен. Өнердің бірнеше түрі бар: ақындық, бейнелеу, музыка, театр, би, сәулет, кино, көркем әдебиет және т.б. Өнердің қай түрі болса да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелеп жеткізеді. Өнер адамзаттың дамуымен бірге жетіліп, өркендеп келеді.

Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде –ақ пайда болып, адамның жан азығына, рухани байлығына арналған. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып – тануға міндеттіміз.

Өнер - өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін, қоғамдық сана мен адам іс - әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен  дараланатын формасын қалыптастыру. Өнердің дамуы тікелей қоғамда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырады. Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұсынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастыруда маңызы зор. Өнер халықтың өмірін жай сәулелендіріп қана қоймай, ойын жетілдіреді, шығармашылығын дамытады. Өйткені өнер - әсемдіктің әсемдіктің ең  жоғары түрі.

 «Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздық. Үнемі ақпараттараға шолу жасау, өзара шығармашылық – тәжірибелік сабақтарға қатысу да өз жемісін береді. Осындай іс-шаралар арқылы студенттердің жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен, ізденумен айналысады, іс-әрекет нәтижесін жобалай білу қалыптасады.

Ғылыми-режиссерлық жұмыс барысында бірсарындылыққа ұрынбас үшін, қиял көкжиегін кеңейту негізінде студент – актерларге көп еркіндік беру. Іздену нәтижесінен туындаған сахнагерлердің төл тапқырлықтарын көрермен талқысына салуларына мол мүмкіндік бергеннен ұтпаса, ұтылмайтынымыз ақиқат. Заманауи театрлық спецэффектілерге зәру сахналық қойылымдарды режиссерлік  тапқырлықпен сюжеттерді бірінен соң бірін жарықтың жанып-сөнуі арқылы жүзеге асыру. Қойылымды тақырыбын ашатындай етіп безендіру актерлардың шабытына әсер етпей қоймайды. «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» дейді Ғ.Мүсірепов. Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта – ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді.Театрдағы ең басты тұлға ұлы мәртебелі актер. Драматург, режиссер өз ой, идеясын сахнаға актерсіз шығара алмайды. Актерлық өнер білектің емес жүректің ісі. Актерлардың сахнада ойын көрсетуінің басты ерекшелігі оның жүрек қағысына байланысты. Ол жүрек бүгінгі қағысын ертең қайталай алмайды. Міне сондықтанда театр өнері жанды тірі организм. Режиссер – сахнада драмалық туынды мен көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп, қоғамдық – әлеуметтік немесе моральдық – психологиялық мәселелер төңірегінде ой тастайтын басты тұлға.

Өнер - адамзат баласының рухани байлығы дейміз, енді сол байлықты игеру ізденумен байланысты. Театр, теледидар, радио, экран мен сахнада айтылар әннің нақышын және тазалығын сақтай отырып, сазды үні арқылы тыңдаушымен және көрерменімен байланысқа түседі. Сахнада әншінің аузынан шыққан үнге қойылатын басты талап – дыбыстың таза, анық шығуы. Бұл орайда материалды меңгеру үшін студентке барынша кең әрі ыңғайлы тыныс қажет, дыбысталу да әр түрлі болғаны дұрыс. Дауыстың бұл сапалары  сөйлеу аппараты таза жағдайда жасалған жаттығу процесі барысында жүзеге асырылады.

Өнерге деген құштарлықтарын арттыра отырып, шығармашылықтарын дамыту. Қойылған іс – шара арқылы білімгерлердің патриоттық сезімін ояту.

Студент жастардың шығармашылық әрекеті қоғамдық пайдалы істері тек ол үшін жай ғана көңіл көтеру ретінде ғана бағаланбауы қажет, керісінше өзі үшін қажеттілігіне сенімі болуы тиіс.

Ғасырлар бойы халық туғызған мәдениет, өнер, салт-сана қоғамдық құбылысқа сай өсіп, жетіліп отыратындығы айқын. Ата дәстүрін жалғастырушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ  ауыз әдебиетінде де ерекше маңызға ие болып отырған. Оны, «Атадан ұл тумас болар ма,

Ата жолын қумас болар ма» деген мақал соның куәсі болса керек.

 

Әдебиеттер:

1.                 Камалова Н. Қазақтың мәнін жоймас құндылығы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006. – 172 бет.

2.                 Е.Болтаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай «Өнер» Алматы «Мектеп» 2007 ж

3.Әкімқұлов Е.  Білгенге маржан. Өнер жайлы түсініктеме – сөздік,   Алматы «Өнер», 1988 ж. – 24 бет.

4.Жұмағұлов С.  Кеш жарық , Алматы «Өнер», 232 бет.

5. С.Әбенбаев. Эстетикалық мәдениет негіздері, Алматы 2005