Азаматтық және азаматтық іс
жүргізу еңбек құқығы кафедрасының
доценті, з.ғ.к. Мұқалдиева Г.Б.
Әл-Фараби атындағы Каз ҰУ-
мәртебесі биік киелі шаңырақ !
Сексен екі жыл бойы талай тарландар мен алыптарды білім
нәрімен сусындатқан, қазақ азаматтарын даярлауда ерен
еңбегі бар қара шаңырағымыз, Қазақ
Ұлттық университеті – сөз жоқ ұлы мектеп.
Оған куә ретінде еліміздің іргелі істерін атқарып
жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз бен кейінгі
толқын інілеріміз болмақ. Қасиетті қара
шаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі
ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының
шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегі
арқысында қаланған.
Еліміздің
алдыңғы қатарлы университетіміздің бірі, білімнің
қайнар көзі, алтын ордасы – ҚазҰУ әлемдік
аренадан да өз орнын тапты, 2015 жылы әлемнің ең
үздік 236- орын алып университетінің алдыңғы
қатарына кірсе, биылғы жылдың тамыз айында
жоғарғы технологиялар университеттер әлемдік
елулігінің орнына ие болды.
Бұл сөзсіз, бүгінде жеткен елеулі жетістігіміз,
болашаққа жасалған маңызды әрі нық
қадам саналмақ.
Университетімізде жыл сайын
өткізілетін іс-шаралардың, белсенді студенттердің саны артып,
интеллектуалды элитаның қатары өсіп келеді. Экологиялық
маңызы зор «Green кампус», ректорымыз Ғалымқайыр
Мұтанұлының
ұсынысымен бастау алған «100 кітап», «Тәні
саудың - жаны сау» жобасы аясындағы «Култ здорового тела» сынды
және қзге де іс-шаралар студенттерді рухани, мәдени
жағынан байтып келеді. Топпен бірге ұйымдастырған мәдени іс-шараларын
айыптағанның өзінде, рухани шаралары бір төбе. Әр
студент университет қабырғасында өткізіліп жатқан сан
алуан шарадан жанына жақынын таңдап алуына үлкен
мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар,
біздің студенттер «академиляқ мобильділік» бағдарламасы
аясында әлемнің түпкір-түпкірінде білім алуда.
Бұл, өз кезегінде, тәжірибе алмасудың, білім
деңгейін жаңа сатыға көтерудің бірден-бір
айқын жолы болмақ. Университет имиджін танытуда, әлем
аренасында өзіндік ізін қалыптастыруда, студенттеріміздің
мәдени дүниетанымның көтерілуінде ізі өшпес
сәтті қадам деп білемін.
Ел өркениетін дамыту
мен мәдениет, экономика, ғылым, білім, саясат салаларында
маңызы бар, тарихының тамыры 80 жылдан аса тереңдікте
жатқан бұл білім ордасын мелекетіміздің
қалыптастырушысы, құраушы бөлшегі десек те артық
айтпағанымыз шығар, 80 жыл тарихи толқыны болғанымен,
біз үшін ол әрдайым жас, әлі де қаншама шәкіртті
тәрбиелеп шығатұғын күш – қайратты,
білім-білігі бар алтын орда. Биыл 82 жасқа толатұғын
мәртебелі асқақ оқу ордамызға әрқашан
жасай берсін, дами түссін, шаңырағы, ләйлім, биіктен
болсын тілек білдіреміз.