Көшекова А.А. – ф.ғ.к., қауымд.проф.м.а.,
Пазилова Б.А.—п.ғ.м., аға оқытушы
Алматы
қ., ҚазМемҚызПУ
Сатылай кешенді
талдау технологиясының зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері
Бүгінгі таңда
қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз
мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы
жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда.
Өйткені кез-келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани
даму үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл
ерекшеліктер оның аумағында тұрған
халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның
тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен
айқындалады. Сондай-ақ, оның өткен өмірі
із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада,
халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және
құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады.
Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып
қалыптасқан қазақ халқына тән
ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін
оқушыларға білім беруде, соның ішінде қазақ тілін
оқыту ісінде қолдану бүгінгі күннің басты міндеті
болуы отыр [1].
Өйткені, ұлттық
білімнің қайнар көзі – ұлылардан бүгінгі
күнге жеткен шешендік сөздер, нақыл сөздер мен
мақал-мәтелдерді оқыту үрдісіне пайдалану бүгінгі
заман ағымы ғана емес, ол – бүгінгі таңдағы
ең бір зәру қажеттілік, себебі, білім нәрінің
тұнығына терең бойлау, адам баласына қажетті
мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық
дәстүрлерін меңгеру, тану, білу арқылы оқушы
рухани қажеттілігін жетілдіреді, туған елінің, өскен
жерінің, өзінің ұлтының, ата-бабасының
тегін, өзіндік ерекшеліктерін үйренеді, оны құрметтеп,
сақтауға тырысады [2, 218].
Қазіргі білім беру
жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі - инновациялық
технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік
мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу.Осы міндетті
жүзеге асыру барысында бүгінгі педагогикада технология және
инновация ұғымдары терең тамыр жаюда. Әсіресе, тілді
жүйелі түрде меңгерту үшін пән
мұғалімдері жаңа технология әдіс - тәсілдерін
тиімді пайдалана білуі қажет. Тіл сабақтарында жүргізілетін
грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын,
сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға
дағдыландырады.
Соңғы
кезде кез-келген мектепте оқу-тәрбие жұмыстарында
оқытудың жаңа технологиясын меңгеру қажеттілігі
көп айтылуда. Бұған былайша
түсініктеме беріледі: «... Техника – өндіріс
құралдарының жинағы, ... екінші жағы техника –
бір істі орындағанда қолданылатын әдіс, техника безопасности
– қауіпсіздік техникасы, техника шахматной игры – шахмат ойынының
техникасы, педагогикалық техника», тағы да басқа болып кете
береді. Техника ілімін зерттейтін ілім – логус – технология ілімі өмірге
келді. Технология – материалдарды өңдеу,
оның шеберлік тәсілдерін жақсы білудің жиынтығы. Олай болса,
тілімізге термин болып енген технология терминің тереңірек
ұғынуымыз қажет. Техника – өндіріс құралы
болса, логус – ілім, технология – тәсілдер, әдістер жайлы ілім. Оны
игеруде үлкен шеберлік, білімділік қажет бола бермек [3, 110]. Оқытудың
жаңа технологиясын меңгеру керек дегенде, оны сабақта тек
қана техникалық құралмен жұмыс істеу деген
ұғыммен шатастырмау керек. Польшаның дидактиктері У.Куписович
пен Ф.Янушкевич: «...Біздің оқыту технологиясын жалпы дидактикамен
немесе оқытудың техникалық құралдарымен
теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда
өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір
болар еді...» - деп түсінік береді. Кейінгі кезде ғылым мен
техниканың дамуы, еліміздің жас ұрпақтарына
үздіксіз білім беру – оны әлемдік сатыға көтеру
мақсатында біздің елімізде орасан зор стандарттау жүйесі
жүріп жатқаны белгілі. Әрбір оқушының білім
стандарты деңгейіне көтерілуі үшін жақсы әдістемелік-технология
қажет. Жаңа озық әдістемелік технология және
техникалық жабдықтар болуы – білімді оқушыларға сапалы
түрде санасы мен жүрегіне тасқындаған білімді игеруге
мүмкіндік береді. Қазіргі кезде оқыту технологиясы мен
әдістемесі жайында түсінбестіктер де кездесуде. Оқытудың
модельдеу технологиясы, компьютерлік технологиясы, ақпараттық технологиясы
(хабарлау сеттері арқылы жұмыс істеу технологиясы) – технология –
«internet» сияқты көптеген атаулар пайда бола бастады.
Берілген оқу
тақырыбы бойынша материалда оқушылардың даму өрісін
қалыптастыру мақсат қоюда, болжам, түзету және
үй тапсырмасын мөлшерлеу тағы да басқа
әдістемелік құрал-жабдықтар, мұғалім
–оқушы арасындағы қарым-қатынас әсері –
ақпараттық карталар жинағы (АҚ), тағы да
басқа түрінде нақтыланатыны көрсетіледі. В.М.Монахов: «Педагогикалық техника – сатыланған және
тәртіптелген іс-әрекет жүйесі болып табылады.
Педагогикалық технология – ол мұғалімнің кәсіби
қызметін жаңартушы және жоспарланған түпкі
нәтижеге жетуге кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы»
дейді [4, 15]. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілін
оқытуда «сатылай кешенді талдау» технологиясының атқарар
рөлі ерекше.
Сатылай кешенді талдау технологиясы бүгінгі таңда білім беру
жүйесінде әр түрлі жолдар арқылы жүзеге асып
келеді. Теориялық білімі терең, тәжірибесінде көптеген
әдіс-тәсілдерді қолдануда машықтығы жоғары деңгейдегі
ұстаздар күнделікті сабақ үрдісінде оқулық
көлемінен алшақтамай, сабақтың әр бөлігінде
қажетіне қарай, кейде тіл ұстарту, тіл дамыту, қайталау
сабақтарында жүргізсе, кейбір мектептерде факультатив, үйірме
жұмыстарында мақсатты түрде қолданып келеді.
Осы талдауды
оқушыларға терең меңгертуде
әдіскер-ғалым Н. А.
Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының
маңызы зор. Алғаш рет бұл технология 1994 жылы
тәжірибеден өткен.
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не
пайда, қайырымы қайтпаса» ,- деп А.Байтұрсынов
айтқандай, педагогика ғылымдарының докторы, доцент
Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының жас
ұрпақтарға білім меңгертудегі төтенше
оқып-үйретудің жаңа әдісі «Сатылай кешенді
талдау» технологиясын
ерекше атап өтуге болады [5. 110].
Ғалым-әдіскер Н.А.
Оразахынова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің ұйымдастыруымен 2003 жылы
Моңғолиядағы Баянөлгей аймағының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдеріне «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша арнайы
курс өткізген. Мұндай курстар республикамыздың
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында,
Қарағанды, облысның Балқаш қаласында, Жамбыл
облысның Т.Рысқұлов, Мерке, Қордай, Талас аудандарында
өткізілді. Н.А.Оразахынова 10-сынып жаратылыстану-математика
бағытына арналған «Қазақ тілі»
оқулығының, оқу кешендерінің авторлар
тобының жетекшісі. Осыған дейін 1 монография, 1 бағдарлама 23
оқу-әдістемелік құрал, 45 мақаласы жарық
көрген. Сонымен қатар «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша
жасалған оқу кешендерінің, мұғалімдер мен
оқушылардың шығармашылық жұмыстарына
тұрақты түрде басшылық жасайды. Оның өзі
ғылыми-жетекшілік жасаған эксперименттік сынып оқушылары
Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижелер
көрсетіп, еліміздің беделді жоғары оқу орындарында
білім алып жатыр. Көптеген шәкірттері ғалымдар
қатарында. Республиканың біршама мұғалімдері
Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді талдау» технологиясын
тәжірибесіне енгізіп, шығармашылық жұмыстармен
айналысып, технолгогия бойынша бірнеше пәннен оқу кешендерін
құрастырып, тәжірибе жұмыстарын да жүргізу
үстінде. Н.А.Оразахынова республикалық «Қазақ тілі мен
әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналында алқа
мүшесі. Бүгінгі таңда, әдіскер-ғалым
қазақ тілі арқылы әдістеме ғылымда дәлелденген
«Сатылай кешенді талдау» технологиясын он төрт пәнге енгізіп,
оқушылардың оқушылардың білім сапасын,
Ұлттық бірыңғай тестіге дайындығын, үш
тілді меңгеруін жүзеге асыруды мақсат етіп, сол арқылы
еліміздің орта мектептерінде, кәсіптік білім беру мекемелерінде,
жоғары оқу орындарында «Сатылай кешенді талдау» технологиясы
кеңінен таралуда.
Ал Елбасы Н.Ә.Назарбаев
студенттер алдында сөйлеген бір сөзінде:
«...Бәсекеге қабілетті
технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде
өздігінен пайда бола қалмайды. Бұл – ұзақ
үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды
эксперименттердің және ақыр аяғында,
ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен
келетін жемісі.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Оразахынова Н.А. Алаш арыстарының әдістемелік
мұралары – «Сатылай кешенді талдау» технологиясының өзегі.
Қазақ тілі мен әдебиеті. 2005ж. №5 -27б.
2. Martin, L., Marques, J. L.,
Gonzalez-Coloma A. Supercritical methodologies applied to the production
of biopesticides, England: a review, DEC
2013, Pages: 413-431.
3. Оразахынова Н.А.
Құзіретті қалыптастырудағы «Сатылай кешенді талдау»
технологиясының рөлі. – Алматы: Абай атындағы
ҚазҰПУ, 2010ж – 217 б.
4. Ж.Нұржан. Қазақ тілін
оқыту технологиясы. Әдістемелік оқу құралы. – Алматы: -Ғылым,
2003ж. – 146б.
5. Н.А.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау»
технологиясының ғылыми -
әдістемелік негіздері, - Алматы: 2003ж. – 202б.
Резюме
В
статье рассматривается технология анализа шаг и их применение на уроке
Summary
This article considers
the technology a step analysis and their application in the classroom