Ажамгиева Айгуль Мергеновна

Жумадилова Динара Темирбулатовна

Казахстан. Павлодар облысы.  Баянауыл ауданы

Білім беру саласындғы тәрбие процесінің қарамақайшылықтары

Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында   нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін  педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.

Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып,  отбасының тәрбиелік потен-циалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді.  Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз.  Жоғарыда айтқанымызға орай  үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау  қажеттілігі туып отыр.

Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды [1].

Мектептегі педагогикалық (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:

-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин) [2];

-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);

-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);

-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас

педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);

-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский) [3];

Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.

Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте – бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс – әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықгы тану, осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлшігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады, (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықтың ең кішкентай («кереге көзсіз») генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекетік бағдарламасы

2.                Қазақстан Республикасының Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы.

3.                Развитие системы общего среднего образования в современном мире. Учебное   пособие.   –Алматы:   Ғылым,   2003. –112 с. (в соавторстве: Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А.).