Филологические науки/8.Родной язык и литература
Р.К.Сураншиева, аға оқытушы, А. Сейльханов, аға
оқытушы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздік
- тәңірдің берген сыйы
«Еліңнің ұлы болсаң,Еліңе жаның
ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың
ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі
жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің
де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Н.Назарбаев
1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан үшін арайлы да шуақты тәуелсіздік
таңы атты. Еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл
әлемге алғаш қадам басқан жылы. Бұл күнді
тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл
дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен
халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалды.
Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі
Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге
ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде
көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік
жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда
Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден
әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық
тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы —
қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан
аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды
талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Тәуелсіздік
алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында
мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу,
көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту
бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан
және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз
салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге
бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта
берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен,
бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты
көргенін ұмытпағанымыз жөн. Өз басым
тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола
тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін
жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ
халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді.
Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып
жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген
жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан
арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының
және өшпес қайсар рухының арқасында
тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен
ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау
соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің
тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде
сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен
тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар,
қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен.
Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі
де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да
септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге
шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын
екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген
болатын.
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік —
халықтың тойы, елдің тойы. Қалың
Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.«Қаз
тұрып, қадам басқан тәуелсіздік
сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген
кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет
аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап,
тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың
терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті
даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған
ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған
өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз
қуаныш.
Қасиетті Отан
ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен
қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында
тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған
аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те
шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік
тұрады.Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық
қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына
қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да
мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те
біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен
еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын
биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі
болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған
кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз
қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,
қуанышы көп болғай!.Қазақстан — Қазақ
халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз
туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында
ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері..
Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы
дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы.
Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің
топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ
біледі. Міне, Қазақ даласы – кең байтақ!
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен —
ау! Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі
келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай,шідер біткенді
шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол
жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің,
дәстүрдің,салт — сананың мызғымас тірегі,
күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік–арман!Жер
бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар.Сол арманға
біздің қазақ халқы жетті.
Әдебиеттер:
1. Кәкішев Т.
Қазақ әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат,
Смағұлов Ж. Ұлттық
әдебиеттану әлемі. Монография. - Қарағанды:
Болашақ-Баспа,
2. Қазақ
әдебиетінің тарихы. ІІІ том. 2-кітап. - Алматы: Ғылым,
Қасқабасов С.
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Академик Серік
Қирабаевтың 75.- Ұлттық
тарихымыздың бастау көздері. – «Егемен Қазақстан», 2006
жыл.