аға оқытушы А.Е Габдешева.,  4 курс студентті  С.М.Каирмуканбетова

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет,Казақстан

 

АҒЫЛШЫН  ТІЛІНДЕ  СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Бүгінгі əлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Бүкіл əлем қазіргі күні «білім қоғамын» жəне «білім экономикасын» құру бағытында. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер, əдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына сай жаңартылып отырады.

Ағылшын тілін игертуде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту əдістемесі үшін грамматиканың, əсіресе жай сөйлем синтаксисінің маңызы зор. Өйткені жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің дұрыс қиысып, меңгеріліп, сөйлем құрауы, сөйлемдердің дұрыс байланысып, құрмалас сөйлем құрауы, ойды анық, түсінікті түрде білдіру үшін бірыңғай мүшелердің қолданылатыны,сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі т. б. осы бөлімде қарастырылады. Өйткені сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында жеке–жеке сөйлемдер қарастырылып қана қоймайды,сонымен қатар тұтас мəтін жасалады.      Мəтін белгілі бір оқиғаны баяндайды сондық тан ондағы əр түрлі жағдайларға, мақсатқа, айтушы яғни жазушының көңіл-күйіне қарай əр сөйлемнің құрылысында,сөз қолдануында ерекшеліктер болады. Осыған байланысты, тұтас мəтін синтаксисі келіп шығады. Тұтас мəтін синтаксисі стилистика жəне əдебиет тану ғылымдарымен байланысты.

         Дауыс ырғағын оқытуға бағытталған жаттығулардың бірі сөйлеуге арналған жаттығулар. Онда, студенттер қандай тақырыпта нені сұрағысы келсе, соны сұрауға, еркін өз-өзін ұстауға, эмоция, сезімдерін жасырмай, ишара көмегімен сөйлеуге, нағыз қарым-қатынасқа қатысқандай сезіне алады.

§  таспадағы немесе мұғалімнің айтқан сұраулы сөйлемнің қандай дауыс ырғағымен, тон- мен, сезіммен, қандай жағдайда айтылып тұрғанын тану.

§  сұраулы сөйлемдерді оқи отырып, транс крипция арқылы беру.

§  оқу материалының ішінен сұраулы сөйлемдерді теріп алып, дұрыс дауыс ырғағымен айту.

§  дауыс ырғағы сызба арқылы көрсетілген үзіндіні мәнерлеп, ережеге сай етіп оқып шығу.

§  қазақ тілінен ағылшын тіліне және керісінше сұраулы сөйлемдерді дұрыс дауыс ырғағын қолдана отырып, аудару.

§  белгілі бір тақырыпта диалог құрау.

§  тыңдаған материалды үлгіге ұқсатып, қайта айтып беру.

§  берілген жауаптарға дауыс ырғағына көңін аудара отырып, дұрыс сұрақ қою.

§  әртүрлі тақырыпта әңгіме құрау.

§  студенттердің сөздерін таспаға жазып, қайта тыңдату.

§  дифференциация және идентификацияға арналған жаттығулар.

§  лабораториялық тапсырмалар беру.

 Жаттығуларды орындау барысында алған білім, біліктерін қайталай отырып, дағдыға ай- налдыру керек. Сонда ғана алған білімдері ұзақ уақытқа есте қалады. Дауыс ырғағын дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған жаттығулардың ішінде көп қолдануға тиіс-тісі үлгіге ұқсата отырып, дыбыстау, әрине әрдайым ойша қазақ тілінің заңдылықтарымен са- лыстыра отыру керек. [2].

          Сөйлеушінің өзі жауабын таныту қызметіне байланысты сөздер тізбегі сұраулы сөйлемдердің негізін құрайды. Жалпы тіл білімінде стилистика және тіл мәдениетіне қатысты қаралатын медитативті сұрақ деген атаумен аталатын сұраулы сөйлем түрлері бар. Медитативті сұраулы сөйлемдер «ойлану-толғану» сұрақтары деген мағынаны білдіреді, бұл сұрақта ой иесі өзінің тыңдауышысынан жауап алуды көздемейді, яғни өзіне-өзі қарап айтқан сұрауы. Медитативті сұрақтар ауызекі сөйлеуде, публицистикалық стильдің ауызша, жазбаша түрлері мен көркем әдебиет стиліндегі лирикалық кейіпкер тілінде жиі байқалады. Сұраулы сөйлемдер функционалдық стильдердің барлық түріне тән болғандықтан, олардың әрқайсысы ерекше өзіндік белгілерімен анықталады. Ауызекі сөйлеу стилінде ол барлық іс-әрекеттің амалын, себебін, мақсатын білдіруге, көруге, анықтауға, түсінуге, мағлұмат алуға жұмсалынады. Ресми стильде ол негізінен ресмилік ақиқат-мәліметтің қоғамдағы реттеуші, басқарушы, жабдықтанушы, орындатушы міндетін анықтау мақсатында қолданылады. Публицистикалық стильдегі сөйлемдердің негізгі қабылдауы белгілі хабарламалық және айтылмақ ойды жеткізуге негізделеді. Тіл мен сөйлеуді байланыстыратын, бір арнаға негіздейтін амал сөйлеу әрекеті болып табылады. Сөйлеу әрекетінің тікелей қолданысында немесе оны айту мақсатының астарын да әр түрлі әрекеті, сұрау міндеті тұрады.

Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің бірнеше түрі бар: жалпы, арнайы, балама (альтернативті) және бөлшекті.Сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы WH questions — what, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер.

Мысалы:

What is your name? — My name is Asia.

Where do you live? — I live in Astana.

Мұндай сұраулы сөйлемдер екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімхабарлы сөйлем (болымды, не болымсыз) тура сөз тәртібі сақталған, екінші - оған көмекші етістік болымсыз, я болымды түрінде жалғасып сұраққа айналады, ол қазақ тіліндегі солай емес пе деген тіркеске сәйкес келеді. Егер сұраулы сөйлемнің бірінші бөлімі болымды болса, екінші бөлімдегі етістік болымсыз түрде тұрады. Егер бірінші бөлімі болымсыз болса, екінші бөлімдегі етістік болымды түрде тұрады. Бірінші бөлімдегі көмекші етістік немесе модальдық етістік екінші бөлімде қайталанады

Мысалы:

He works at school, doesn’t he?                     Ол мектепте  істейді, солай емес пе?

My friend didn’t help you, did he?                 Менің досым саған көмектеспеді, солай ма?

Кейіпкер атынан хабарларға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде келеді де, риторикалық (шешендік) сұрақ түрінде мақсатты ойдың жарыққа шығуына ерекше әсер етеді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдарында автор болымды және болымсыз етістіктің қатысуымен жасалған сұраулы сөйлемдерде бұрынғы болмаған әдеби тілдік қолданысты, жаңаша тәсілді қолданған, біріншіден, сұрақ-жауап беру мақсатын көздесе, екіншіден, бір шумақтағы алдыңғы өлеңнің екі жолына шумақтың жолдарын қарама-қарсы қою мақсатын көздеген, қарама-қарсылық философиялық категория болғандықтан, ол стилисти калық әсер беру категориясын да қамтамасыз ете алады. Поэтикалық тілде сұраулы сөйлемдер әр түрлі мағыналық, стильдік қызмет атқарады. Көркем мәтіннің стилистикасына танып-білу үшін жақсы шығарманы оқып, рухани байып қалу аздық етеді. Сөйлемдерді әсерлі, мазмұнды қуатты, ойды бейнелі жеткізіп тұрған сан алуан тілдік амал-тәсілдердің қыр-сырын  ашып, түсіну арқылы ғана стильдік мақсатты аша аламыз. Қорыта келе, біз көрсетілген сатыларды, принциптер мен амалдарды ескере отырып, білім берген болсақ, көздеген басты мақсатқа жетеміз - яғни қазақ тілді студенттер кез-келген шетел тілінің ортасында өз-өзін еркін де мәдениетті ұстай білетін, дауыс ырғағын меңгерген мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасы болып қалыптасады.

 

Әдебиеттер:

1. Ф.Оразбаева. «Тілдік қатынас:теориясы мен әдістемесі», А.,2000.

2. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. – Ленинград: Наука, 1974.