ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ҒЫЛЫМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ
ҚарМТУ, Қарағанды қаласы
АиУ-15-2 топ студенттері: Таирова Г.А, Есенгабулова А.Қ.
Ғылыми жетекші: Адылханова С.Е.
Фарабитану
мәселесі бізде жаңадан қолға алынып отырған мәселелердің ең ауыры және
құрметтісі деп атар өтер едім. Ауыр
дейтінім, Фараби еңбектері әлі толығымен
зерттеліп, қазақ тіліне аударылып болмаған. Құрметті дейтінім, Әбунасыр Әл –
Фараби қазақ жерінен шыққан, аты әлемге тараған, шығыстың Аристотелі. Оның
еңбектерін толығымен зерттеп, өз ана тілімізге аударып, халыққа таныту, ғылымда
пайдалану құрметті жұмыс . Сондықтан Фараби жайлы алдағы уақытта да тың
зерттеулер жүргізіліп, бұл саладағы ғылым жүйесіне көп жаңалықтар қосылады деп
сенемін. Ғылымның
даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге
салу тәртібі ежелден келеді. Мұндай әрекеттер бір жағынан, ғылымдағы бар жоқты
айқын сезіп, оны кемелдендіруге, дамытып, толықтыруға итермелесе екіншіден
ғылымның өзін түсінуді, түсіндіруде, пайдалануды жеңілдететін еді. Міне, осылай білімдердің белгілі бір
жүйемен баяндалған жиынтығы – энциклопедиялар жасау дәстүрі пайда болған.
Әбунасыр Әл – Фараби бұл тұрғыдан да қарап қалмай, өзінің ең атақты
шығармаларының бірі « Ғылымдар энциклопедиясы » деп аталатын трактатын жазған. Фарабидің
бұл еңбегінен ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Фараби трактатқа жазған
кіріспесінде бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінен былай дейді: « Бұл кітапта
біз белгілі ғылымдардың әрқайсысын дара – дара саралап, мазмұнын толық
баяндауды көздедік; Сонымен қатар ол ғылымдардың бөліктері болса, оларды да
атап, мазмұны келтірмекшіміз ». Бұл кітап негізінен мынадай алты тараудан
тұрады.
Фараби
қайрымдылықты үйретуге тәрбие мен оқудың маңызды рөл атқаратын айтып өтті.
Жақсы мінез ақыл – оймен бірге қайырымдылықтың шарты болса, Фараби грек ақыл –
ой иелері сияқты адамның қайырымды болуында оның сезімінінде маңызды рөл
атқаратынын атады. « Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады ,
тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенінде
таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады» - деді Фараби . Орташа іс – 42
қимылдарды Фараби адамның денсаулығы
үшін пайдалы есептеді. Ол адамнан тәртіпті талап ететін шара сақтауға оқытты.
Шара сақталмаса – деді философ , адам ешқашанда бақытты бола алмайды.
Бабамыз
Фарабидің даналығы, ақылдығы, көрегендігі сонда, оның оқыту, тәрбие, білім беру
туралы айтқан, жазып кеткен еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Қайта
оны қайта қарап , жаңартып пайдалануға болады. Ұлы
ұстаздың тәлім – тәрбие жайлы қалдырған бай мұраларын мұқият зерттеп, терең
тексеру арқылы осы күнгі педагогикалық практикада жүзеге асыру керек . Әл –
Фараби ұстаздық ету туралы « Мұғалімдік – ұстаздық еткен адамның әдісі тым
қатаң болмасын және тым асыра босаңсытқан да болмасын . Егер тым қатты, үнемі
ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егер өте боса
тып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді елемеу, оның ғылымына селқос қарау қаупі
туады. Ғылымды игеру үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет және ғылымнан
басқамен шұғылдануды азайту керек болады. Әр нәрседен шұғылдана беруден істе
тәртіпсіздік пайда болады » деп жазған. Фараби оқытуда аса қатаңдықтан да, аса
жұмсақтықтың да дұрыс болмайтынын сынап, ортаны шектей шықпауды ұсынып оттыр .
Бұл күні бүгінге дейін күшін жоймаған педагогикалық қағида . Ол ойды әр нәрсеге
бөліп, жеңілтектікке салуында ғылым игерудің дұшпаны деп дұрыс көрсеткен .
Мәселен , оқып үйрену жаттап алу дұрыс па , жоқ түсініп алу дұрыс бола деген
сұраққа мүмкін емес, ал оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастырып
түсініп , тоқып алоған жөн дейді. Ұлы ұстаз ғылымдарды меңгерудің, үйренудің
қажеттігін дәріптеп қана қоймай , бұл мақсатқа жетуге көмекші боларлықтай
жетекші құралдар мен оқулықтар жасаумен де көп шұғылданған.
Қалай
болғанда да Фарабидің ғылым жасау ісі орта ғасырдағы ең үлкен ғылыми
табыстардың қатарына жатады. Бұл факт Фарабидің кемеңгерлігінің, ойшыл –
білімпаздығының тағы бір жетістігін, оның ескерілмейтіндігін көрсетеді .
Ол
тәрбие жүйесіндегі әсіресе, жастарды тәрбиелеуде бірінші орынға адамгершілік
тәрбиесін қойды, және де оған қоса тәрбиенің басқа түрлерінде еңбек, дене
тәрбиесі, эстетикалық , гуманитарлық , патриоттық тәрбиені қойды . Ғалымның
педагогикалық жүйесінде озық дидактиканың негізгі принциптері, яғни ғылымилығы,
көрнектілігі , жүйелілігі , оқыту арқылы тәрбиелеу орын алған.
Әл
Фарабидің әділ қоғам, адамдар арасындағы түсінушілік пен қайырымдылық, бақытқа
жету жолында бір-біріне жәрдем беру, тәлім мен тәрбие, бейбітшілік пен
достық,жаман мінез бен соғысты сөгу идеялары әлемдік әлеуметтік-саяси теорияның
біртұтас бөлігіне айналып кеткен. Әл-Фарабидiң саясат туралы айтқан құнды
ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерiнде саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi
дамуына өз ықпалын тигiзе алды. Оның саяси-құқықтық идеялары орта ғасырлық және
жаңа заман ойшылдарының еңбектерiнде көрiнiс тапты. Қазіргі уақытта Әл
Фарабидің мемлекеттті басқару туралы саяси идеялары әлемнің көптеген елдерінің
ұлттық құндылықтырына айналып отыр.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
І.
А. Көбесов . Біздің ұлы жерлесіміз - Әбунасыр Әл - Фараби , « Білім және еңбек
» №6 ,1961ж
2. М. М.
Хайруллаев Әбу Насыр Әл – Фараби , М. 1982 ж.
3. А .
Х. Қасымжанов . Әл – Фараби . Алматы . 1979 ж.
4. М. М.
Хайруллаев « Фарабидің философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » .
Ташкент . 1967 ж.