Марат Ақжол., ТС-15-1
тобының студенті., ҚарМТУ
Н.Ж. Сарсенбеков.,
з.ғ.м., ҚарМТУ
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Міне,
көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы
тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке
жету – оңай жолмен келген
жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ
халқының ғасырлар бойы көздеген
арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз
мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи
күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға
ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз
мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл
сұрақтарға шешім табылды. Түрлі ауыртпашылық
әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді,
тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта
жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге
қайтара алдық.
Қазір
біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы,
өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында
жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Бүгін
міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз
артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты,
сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау
Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі
ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай
қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде
шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың
сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың
басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды
ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық
мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Осының
бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан
оқиғаларына алып келеді.
Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ
жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек,
қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына
30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді
ғана ұға бастағандаймыз.
Қазіргі
таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі,
мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді
басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық.
Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды,
іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы
саясатты дұрыс жүргізу, халықтың
әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін,
дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті
мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір
адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен
деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып
тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше
тұлға, мемлекет басшысы – Президент.
Тәуелсіздік
жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп
отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну,
ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау
және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму
стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат
жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең,
интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи
міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз
мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері
және жеңістері тұңғыш президентіміз,
Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде
Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Әрине,
сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес,
асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 2030”
Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті.
Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси
тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты
стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.
Енді
біздің алдымызда одан үлкен міндеттер тұр. 2012 жылы
желтоқсан айында, Елбасымыз
“Қазақстан – 2030” Стратегиясын қорытындылай отырып,
мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы басты
мақсат 2050 жылға
қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың
және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі
қоғам құру.
Әрине,
біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғам
екенімізді ұмытпау керекпіз, бірақ ана тілі – қазақ
тілін ары қарай дамытуымыз керек. Өйткені, ана тіліміз біздің
рухани байлығымыз, тарихи құндылығымыз болып табылады.
Өз тілімізді қай салада болмасын, ұялмай, керісінше
қуана қолдануымыз қажет. Білмейтіндеріміз үйренуге
талпынайық! Қазақ тілін дамытуда, мемлекет тарапынан неше түрлі
жағдайлар жасалып жатыр. Тегін сабақтар берілуде, тегін видео таспалар
таратылуда, осы мемлекеттен берілген сыйлықтарды пайдаланып алайық.
Өзіміздің тілімізді қастерлеп, құрметтесек,
қоғам да өзгерер, ал біздің мәртебеміз одан сайын
асқақтайды.
Дүние
керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны
сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың
қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат
етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық
келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты
сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз.
Біздің
ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік
қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін
жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО”
шеңберінде тойлады. “Біріккен Ұлттар Ұйымы” шеңберінде
2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия
құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес
өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын”
құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы
ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада
тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін
өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің
басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”.
Осының бәрін бағалауымыз керек.
Қазір
біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың
жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа
экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның
бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол
бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен
қарайық!