Психология/Социальная психология
Психология магистрі, оқытушы Айуп Ж.Ғ.
ҚазМемҚызПУ
Қазақстан
Республикасы, Алматы қаласы
КЛИЕНТТЕРМЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
ТРЕНИНГТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Тренинг – бұл ең алдымен арнайы атмосфера
болып табылады. Әсерлі, тиімді бапкер тренинг барысында қандай
жағдайлардың болатынын және оларды қалай
ұйымдастыратынын алдын ала болжамайды. Ол тренинг барысында ғана
топтағы психологиялық ахуалды сезеді және көреді,
оған сәйкес жұмыс жасайды. Мұндай топтағы психологиялық
ахуалды тудыру іскерлігіне үйрету аса қиын жұмыс.
Әдетте, оны суреттеген кезде, «ауыр», «тығыз», «қиын»
және тағы сол сияқты метафоралар қолданылады. Атмосфера
ұғымына психоэнергетикалық көзқарасы
әлдеқайда жақын болып келеді. Сабақ барысында пайда
болған арнайы энергетикалық кеңістікті қастерлеу
қажет. Сондықтан тренингтер бөлек бөлмеде
өткізіледі, ал кешіккендер немесе немқұрайды қарайтын
қатысушылар энергетиканың күшін жояды.
Тренингтің басында бапкер және
қатысушылар өзара қатынасқа арналған
жағымды психологиялық ахуалды «тудырады», содан соң ол
қатысушылардың өздеріне көмектеседі. Тренинг біткен
соң, қатысушылар қайтадан сол сабақ өткен
бөлмеге барғылары келеді деген көз-қарас қалыптасқан.
Мүмкін, алған әсерлері бірнеше уақытқа созылады.
Қалай болса да, бапкер психотехникалық жаттығуларды
таңдауда «атмосфера» деген ұғымы маңызды орын
атқарады. Қиналу арқылы түсіну сияқты ой
қалыптасқан.
Тренингте психологиялық ахуалдың
маңызды да, айырықша ерекшеліктерінің бірі оның эмоционалдық
қанықтылығы болып табылады. Бұл әсерлі тиімділік
жасау емес, керісінше, арнайы
әдістемелік қағида болып табылады. Ау бастан бері тренинг
білімдерді сөз арқылы емес, іс-әрекет арқылы беру
үшін арналған деген пікір қалыптасқан. Мысалы,
адамға велосипедті тебуді лекция арқылы үйрету мүмкін
бе? Ең алдымен адам бұл велосипедке отырып, тебу тәуекелін
бастан кешіреді. Бұл арқылы, онда осындай тебу кезінде қиналу
сезімін басынан кешіргеннен кейін, білімдер мен іскерлік пайда болады. Ал қиын
қарым-қатынас іскерлігі жайлы не айтуға болады? Тренинг –
бұл қиналу арқылы түсіну мүмкіндігі деген пікір
қалыптасқан.
Егер де бапкер қажетті қиналуды
ұйымдастыра алмаса, онда оның сабағына қатысушылар
«Дұрыс қарым-қатынас жасау» тақырыбына тек қана
ақпарат алады. Болашақта, олар сыртқы ортаға бұл жайды
тек сөзбен ғана айтады, ал олармен дұрыс
қарым-қатынас жасай алмайды. Қарым-қатынастың
тиімсіз тәсілдерінің өзгерістерінде дербес «түзетілген»
білімдердің эмоционалды тәжірибесі адамға көмек
көрсетуі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды,
тренингтің беймәлім нәтижелері, себебі, қатысушыларда
қиналу сезімі қашан болатыны белгісіз.
«Екіжоспарлылық».
Тренингке сырттай қарасақ, онда сырттан бақылайтындар онда
ешқандай ерекшелікті көрмейді. Бірге отырған адамдар
сөйлеседі, ойнайды, содан кейін қайтадан сөйлейді, сосын
үндемейді, және т.с.с. Бұл бірнеше күнге созылады. Ал
содан кейін ең соңында өздерінің
уайым-қайғылары мен психологиялық жаңалықтары
туралы айтады! Мүмкін, олар бәрін ойдан шығарды немесе олар
алданды?
Мүлдем жоқ, олай емес. Тренингті «сыртынан»
тану мүмкін емес, оны бақылайтынға орын жоқ. Осыдан
тренингке деген көз-қарас әртүрлі болады, кейбіреулері
тренингке қатысты, ал басқалары осы тренингке
қатыс-қандардан алған әсерлерін сұрайды.
Кейбіреулердің психотренингке көңілдері толмайды, кейде
жағымсыз, сын көзбен қарайды. Бір жағынан оларды
түсінуге болады! Егер де тренингке қатысушылар өз ойларымен
бөліскен кезде, алған әсерлерін тындасаң төбе
шашың тік тұрады. Мысалы – «Алдымен біз шеңберге тұрып,
шегіртке жайлы өлең айттық, содан кейін, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, би биледік, содан "жылғалар" деп
аталатын ойын ойнадық. Осыдан кейін, біреу шеңбердің ортасына
тұрды, ал қалғандарымыз оны қолдарымызбен ұстап
жоғарыға көтердік». Бұл – шындық, дегенмен,
бұл – шындыққа ұқсамайды. Тренингте болған
жағдайлар тек психикалық түрде шындықпен жүзеге
асады .
Тренинг – бұл топтық пікір-сайыс емес,
психожаттығулар мен рольдік ойын да емес. Мұның бәрі
қосалқы және де жұмыс метафоралар-үлгілер болып
табылады, олардың көмегімен адамның ішкі жандүниесіне
ықпал тигізуге болады. Екі тас салушы жайлы тәмсіл сияқты
көрінеді. Біреусі кірпіш саламын деді, екіншісі зәулім үй
саламын деп жауап берді .
Бапкердің жұмысы ең аз дегені
екіжоспарлы болу керек. Бір жағынан қатысушылардың
бір-бірімен жаттығулар мен тәсілдер түрінде («кірпіш»)
өзара
іс-әрекеттерін тікелей ұйымдастыру болып табылады. Сонымен
қатар, бапкер бір уақытта қадағалап және
психологиялық деңгейде пайда болатын жағдайларға
«ауыстыру» қажет («зәулім үй»). Күрес жарысында
сияқты, бұл жаттығулардың екінші жоспарын «ішкі стиль»
деп атауға болады.
Тренинг – бұл ғылым және
қатысушылардың субъективті шын болатын жағдайында топта
белгілі бір оқиғаларды туғызу шеберлігі .
Жоғары деңгейлі белгісіздік. Тренингті
тұтастай түрінде кейбір адамдарда белгілі бір өзгерістер болатын
жағдаят деп айтуға болады.
Тренингте белгілі бір қатаң жоспар жоқ,
оның жүру барысын алдын ала жоспарлау мүмкін емес, ал
қатысушылардың алатын әсерлерін жағымды, не
жағымсыз болатынын айту қиын. Яғни, тренигтің
басқа да ерекшелігі - белгісіздіктің жоғары деңгейі
болып табылады (бапкердің мамандығы мұндай жағдайда
үлкен шығармашыл деңгейде). Шын мәнісінде, бапкер
қатысушылардың санын, олардың жас ерекшеліктерін, білімдері мен
жыныстық жағынан қатынасы, олардың алдыңғы
өмірлік тәжірибесі, олардың көкейтесті жағдайы,
декларацияланған және жабық ішкі мақсаттар,
бөлменің жағдайы, қатысушылардың орналасуы,
өзінің дербес көңіл-күйі, және тағы
да басқа жағдайларды ескеру қажет. Әрине,
белгісіздіктің деңгейін тренингтің міндеттеріне сай
жүру барысын өзгертуге болады. Егер де сіз адамдарды жай және
стандартты дағдыларға үйреткіңіз келсе, онда
сіздің сабағыңызда мұндай белгісіз өзгертулер
қажет емес. Бірақ та қатысушылармен терең
қатынасқа жүгінсеңіз, онда бұл
белгісіздіктің сізге деген көмегі артады. Бапкер өз жоспарын
тым міндеттесе, онда қатысушылар оның жоспары дұрыс
жүзеге асуда деп оған деген сенімдері арта түседі деген
парадокс бар.
«Жасандылық». Сонымен, тренингтегі
қарым-қатынас біздің күн сай-ынғы
қарым-қатынасымыздан қалай ерекшеленеді? Интенсивтілік,
эмоцио-налдық немесе сенімділік те арқылы емес. Тренинг – бұл
айрықша ережелер арқылы қарым-қатынас жасау болып
табылады. Тек мұндай
ережелердің кө-
мегімен
топта интенсивті байланыс пайда болады. Әдетте, бапкер сабақ
ал-дында қатысушыларға тренинг – бұл
қарым-қатынастың ережелеріндегі кейбір шектеулері бар
жағдайлар деген ақпарат береді. Бірақ, қатысушылар
олардың қажеттігін түсіну үшін көптеген
уақыт өту қажет. Алғашқы уақытта
қатысушылар үнемі сабақтарда мұндай ережелерді
бұзады .
Бапкердің міндеті - келісім бойынша
қойылған шектеулерді орындай-тындарын қадағалау
және оларды бақылау болып табылады. Тренингке қойылған
міндеттер қатысушыларды психологиялық қауіпсіздікпен қамта-масыз
ету үшін арналған. Мынадай шектеулер ең негізгілер болып
табылады: тренинг барысында пайда болған жағдайларды ғана
талқылауға болады («қа-зіргі уақыт» жайлы);
сөйлеген кезде «Біз», не «әр адам» дегеннің орнына тек «Мен»
деген есімдікті қолдану (өзінің сөйлеген сөздері
мен іс-әрекеттеріне жауап беру жайлы); такттілі іс-әрекет
көрсетудің орнына адалдық көрсету
(«немқұрайды» қарамау, керісінше, зерттеушілік тудыру жайлы).
Арнайы ат-мосфера. Себебі тренингке өте тығыз уақыт берілген,
негізінде тренинг ша-мамен бір аптаға созылады, бапкерге
қатысушылар топта белсенді жұмыс жа-сау үшін өте
шапшаң түрде мүмкіндік туғызу керек. Біздің
көз-қарасымыз бойынша, тренингте шешуші фактор, бұл
қатысушылар өзара ашық қарым-қатынас жасау
үшін, ерекше психологиялық климат пайда болу қажет.
«Қатысушылардың
қарама-қарсы белсенділігі». Тренингті
өткізуде қатысушылардың қалауы және олардың
белсенділігі қажетті шарттардың бірі
болып
табылады. Кейде: «Сіз өткізетін тренингтің мақсаты
қандай?» деп сұ-
райды.
Тренингте мақсат жоқ, ол тек қатысушылардың
әрқайсысында өзіндік дербес мақсаты бар. Клиенттің
енжарлылығы тек хирургта болған кезде жағымды.
Тренингтің тиімділігі - бапкер жаттығулардың қандай
түрлерін ұсынғанға тәуелді емес, керісінше,
ең алдымен қатысушылар осындай жаттығуларды қандай
көңіл-күймен жасағанға тәуелді.
Мұғалімсіз оқушылар болмайды (себебі, ол олардан
үйренбейді, керісінше, олар одан үйренеді), сол сияқты
қатысушысыз бапкер де болмайды. Егер де қатысушылар шынымен де
белсенділік көрсет се, онда жай бір жағдайдан көптеген «психологиялық
жаңалықтар» алу мүмкін. Ал егер де алмаса, онда ең
дұрыс деген іс-әрекеттер тиімсіз болады .
Мұнда ең маңыздысы, тренингке келгендер
әлі де болса, қатысушы бола алмайды. Тренингтің
алғашқы сатысында тиімсіз, нәтижесіз нұсқауларды
байқауға болады. Бақылаушының «Мен тек бақылап
қараймын», пайдаланушы – «Мен бұл жерге тек өзім үшін
ғана келдім», ашу-ызадан жеңілдену – «Уақытты жағымды
өткізіп, демалғым келеді» сияқты сылбырлы
көз-қарасты бір «Маған көмектесіңізші!» деген
жағымды сөзге біріктіруге болады.
Бапкер тренинг жағдайында мұндай
нұсқаулар қажетсіз болатынын түсіндіру өте
маңызды. Олар белсенділік көрсетпесе, өзінде қажетті
мақсаттарды байқамаса қатысушы бола алмайды және ешбір
нәтижеге жетпейді. Үйрену үшін, ең алдымен
үйренуді білу қажет! Тренинг – бұл қатысушылардың
іс-әрекеттері. Тренингке деген тағы да бір көз-қарас.
Тренингтің
«дөңгелегі». Тренинг, басқа да адамдардың
арасында өзара қарым-қатынасы сияқты үш
элементтен құралады, олар: бапкер, қатысу-шылар және
бағдарлама. Әрбір жағдайда бапкердің ынтасы,
қатысушылар-дың іс-әрекеттері және тренингтің
бағдарламасы бар. Бағдарлама бапкердің өзіне,
қатысушылардың тәртіптеріне оның іс-әрекеттеріне
байланысты, соны-мен қатар, белгілі бір нақты топқа
сәйкес бағдарлама өте икемді болу керек. Мұндай
тәсіл арқылы тренингте психологиялық жұмысқа
қажетті қуат пайда болады. Егер тренингті дөңгелек
ретінде елестетсек, онда оның үш сектор дұрыс бір
бағытта айналу қажет. Осыған қоса, біршама
мәселелер пайда болуы мүмкін.
Тренинг топ жұмысының нәтижелі
болуының бір талабы оқыту барысында шешімін табуы тиіс міндеттерге
жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал ету
белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе
перцептивті қабілеттер және т.б. деңгейлер негізінде
жүзеге асады.
Бір тренингтік топтың жұмысы барысында
әртүрлі міндеттерді пайдалану дұрыс емес, өйткені
мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін
төмендетуі мүмкін, ал екінші жағынан этикалық
мәселелердің орын алуын тудырады, сондықтан да тренинг
барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана өзгертуге
болады.
Әдебиеттер:
1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория
и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
2. Марасанов Г.И.
Социально-психологический тренинг. М.;1998.
3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как
форма обучения общению. Прага:1981.
4.
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. - Брест,1993.
5. Куртикова
И., Лаврова К., Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика. — М., 2005.