Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының

3 курс студенті

Елубай Айгүл Елубайқызы

Тұтықпаның түрлері және түзету жұмыстары.

Тұтықпа сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып бөлінеді., көбінесе ол баланың тілін жедел даму кезеңінде пайда болады.  
Аталған белгілер клоникалық және тоникалық тұтықпаға жатады.  
Тоникалық тұтықпада науқасқа бір дыбыстың тежелуінен екінші бір артикуляциялық қимылға ауысу қиынға соғады. Тұтықпа өзінің дамуында кенеттен пайда болатын қысқа мерзімдік мүдірістен бастап, адамның қарым-қатынасқа түсуіне орасан зор қауіп төндіретін тұлғалық проблемаға әкеп соғуы ықтимал  
Невротикалық тұтықпа дені сау балаларда стресс пен невроз салдарынан пайда болады. Балаларда туа пайда болатын және жүре пайда болатын жүйке жүйесі ауру салдары неврозды тұтықпаға ұласуы мүмкін.  

Жеңіл. Тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлегенде пайда болады.  
- Көп жағдайда сөйлемнің бастапқы сөздерін айтуда қиналады.  
- Сөйлеу тілінің қысқа бөлімдерін айтуда байқалады: қосымша, жұрнақ-жалғау, шылау, үстеу, одағай, қаратпа сөздер т.б.

«Коммуникативті қысым» тұтықпаны асқындыра түседі. Бала өзінің тұтығып сөйлегеніне мән бермейді, ұялмай сөйлейді. Сөйлеу барысында ешқандай қорқыныш сезімі болмайды,бірақ кенеттен пайда болған толғаныстан тұтықпа өршуі мүмкін.  
Орташа Бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп, аз тұтығады.  
Қоршаған ортмен қарым-қатынасқа түсуге кедергілер мен ырықсыз қимылдар пайда болады, біртіндеп шиеленісті жағдаяттар көбейеді.Тұтықпасы бекіп, созылмалы күйге ауысады. Тұтықпаны емдеу, түзету туралы ой немесе қызығушылық болмайды Олар өздерін тыныштандырып бағатын тәрізді.  
Ауыр Бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи ілеспелі қимыл- қозғалыстар пайда болады.  
Тұтықпаға эмоционалды реакциялар пайда болады.  
-тұтықпаны тосу (антиципация)  
-белгілі бір дыбыс, сөздерді айтудағы қиындықтар  
-мінез көрсету  
-логофобия (Сөйлеуден қорқу)  
-сұраққа-жауап берулен қашу.  
Тұтықпаның асқынуы сөйлесуден бас тартуға әкеледі, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсу ортасы азаяды. Бұл оның жоғарғы психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Өзін өзге де өзі сияқты құрбыларынан ерек санайды, құрбыларымен аса байқампыздықпен, абайлап араласады. Нәтижесінде бала мен ата-ана , құрбылар, сыныптастар арасындағы түсініспеушілік әсерінен өзінің толыққанды екендігіне күмәнмен қарайды. Ашулану, шошу сөзімдері жиіленіп, жүйкеге салмақ түседі.Баланың мектептегі тұйықтығына, ынжықтығына, ебедейсіздігіне байланысты оқу үлгерімі нашарлайды.  
Тұтықпаны сәтті түзету, уақытылы диагностикалауға байланысты.
Түзету сабақтары топтық және жеке формада өтеді. Бұнда ең басты назар ұжымдық ойын психотерапиясына және логопедиялық ритмикаға бөлінеді. Сонымен қатар,отбасылық психотерапия, баланың және отбасының көңілін түзетуге бөлу, релаксациялық жаттығуларды қолдану.Балаларды такт ырғақты қозғалыспен немесе монотонмен сөйлеу, әндету тәсілдерін қолданады.. Десенбилизация, аутогенді жаттығуларды қолдану арқылы, өз-өзін тәрбиелеуге баулу.

Көмекші медикаментозды емдеудің мақсаты – қорқыныш, депрессия белгілерінен арылту қажет.  
Тұтықпамен профилактикалық жұмыс 2 – ге бөлінеді, бірі – баланың денсаулығын нығайтуға , екіншісі – сөйлеу тілінің дамуын түзетуге бағытталған.

Дұрыс тамақтану, күнделікті күтімі, күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасын күту-бұл баланың психикасымен сөйлеу тілінің дұрыс дамуын қалыптастыруға жәрдемдеседі.  
Жүйке жүйесінің қалыпты функционалды дамуына және оның шаршамауына ұйқы мен ояу жүру үрдісін дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. Баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет.  
Баланың сөйлеу тілі толыққанды дұрыс дамуы үшін үш түрлі бағытта жұмыстану қажет: біріншісі-баланың қоршаған орта туралы, құбылыстар мен заттар туралы түсінігін кеңейту: ойын, серуен, кітап оқу.  
Екіншісі – баланың сөйлеу тіліндегі тырыспалар жөнінде ескерту, профилактикалық алдын-алу жұмыстары. Сөйлеу тілі жаймен, асықпай созып айтуға, өз ойын ойланып кезең-кезеңімен жеткізуге баулу.  
Үшіншісі – Баланың дұрыс дыбыстау, ырғақты, темпті ұстауға үйрету. Бірақ балаға жаңалықты баяу екпінмен, жаймен ғана түсіндіріп отыру керек.  
Тұтықпаны түзеткен соң, қайталанбас үшін соған сай шарттар мен режімді сақтап, қолайлы психологиялық жағдай туғызу керек. 

Тұтықпаның пайда болу себептеріне байланысты ешқандай ғылыми теориялар мен жүйелі эксперименталды мәліметтер жоқ.  
Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін:  
Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы;  
Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар.  
Тұтықпа дамыған жерде психикалық ауытқудың болатыны анық.Көп жағдайда кейбір буын, дыбыс немесе сөздерді дыбыстауда үрей сезімі болады.Көбіне логопаттар саналы түрде бұл дыбыс, буын, сөздерді атаудан қашқақтайды және оларды басқа сөзбен алмастыруға тырысады. Қатты асқынған жағдайда бала мүлде сөйлей де алмауы мүмкін.Қалыпты қарым-қатынасқа баланың түсе алмауы, оның өзін-өзі төмендетуіне , кем санауына және оның ішкі «менінің» жойылуына әкеп соғады.  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. – Алматы, 1996. – Б. 36.

 

2. Багель О. А. Индивидуальный подход при коррекции речевых нарушений у младших школьников // Школьный логопед. – 2007. – №1(16). – Б. 43-48.

 

3.  Өмірбекова Қ. Қ. Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары. – Алматы, 2005. – Б. 4-10, 41-45. Инклюзивті