Психология
и социология/8. Педагогическая психология
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МЕН
ОЙЛАУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Косшыгулова А.С. –
Абай атындағы ҚазҰПУ
Психология ҒЗИ аға ғылыми қызметкері
Ой мен тілдің байланысы көбінесе оның бір кісіден екінші
кісіге тіл арқылы берілуінен байқалады. Бұл мәселені сөз
етпей тұрып, алдымен, ойды тудыратын жағдайдың қандай,
тіл арқылы қалай білінетініне тоқталайық.
Ой үрдісі қалай және ненің негізінде іске асады?
Тіл мен ойдың арасындағы байланыстың мәні неде? – деген
сұрақтарға жауап беріп көрейік. Ой тек сөз арқылы
ғана іске асады, оның сөзсіз, немесе сөздік негізге сүйенбей
жүзеге асуы мүмкін емес. Ой үрдісінің тек сөз
негізінде іске асып тұратыны тек адам сөйлеп отырғанда ғана
емес, жападан-жалғыз үндемей отырғанда да кездеседі.
Кейбіреулері жападан-жалғыз отырып сөйлемейді дегенмен, ол ернін,
тілін қимылдатып отырады, алайда оны өзі жақсы аңғара
алмайды. Адамның іштей сөйлеген сөздері кәдімгі басқа
уақыттағы естіліп тұратын сөйлемдер сияқты
болмайды, ол байланыссыз, бытыраңқы келеді. Оның себебі, адам
іштей сөйлегенде, не айтайын дегені өзіне түсінікті болғандықтан,
ойын аяғына дейін жеткізбей, басқа пікірлерге ауысып кетеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының бірте-бірте ой-өрісінің
қалыптасуымен заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза
білу қабілеті құрбылары арасында ойын дәлелдеуге үйретеді.
Ол не болса соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді
талап етеді. Ол үшін бала тиісті жүйелерге, логикалық
негіздерге сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне,
немесе ісіне талдау жасап, сын көзбен қарауды рефлексияның қарапайым
түрі деп атауға болмайды. Рефлексияға бөлу, ойдың
шартты жемісі бола тұрып, оқу процесінде 7-11 жастағы
балалардың ақыл-ойының едәуір қалыптасып қалғандығын
айтуға болады.
Адамның ойлау әрекетінің шындығы мен ақиқаттығы
дыбысты анық сөз арқылы жеткізеді. Сөйлеу күрделі
психикалық құбылыс ретінде адамның ойының шындығын,
ақиқаттығын білдіретін қабыршағы. Ойлау үрдісі
объективтік болмыстың шындығы ретінде жалпы халықтық
сипатта болады да, ал сөйлеу қарым-қатынас жасаудың қуатты
құрал ретінде жалпы ұлттық сипатта болады.
Тілдік қызметі мен әлеуметтік жағдайда атқаратын рөлін
жақсы түсінген халқымыз: Өнер алды – қызыл тіл, Сөз
– сөзден туады, Ойымдағы тілімде, тілімдегі ділімде дейтін мәтелдер
арқылы түйіндеп берген. Адамның ғылыми негіздерін меңгеруі,
болмыс жайындағы ұғым түсініктері сөйлеу әрекеті
арқылы адамның миында, санасында бекіп, оның ақыл-ойын,
сана-сезімін жетілдіреді. Бұл аталған жәйттердің бәрі
тілдің атқаратын қызметімен оның ғылымда алатын
жетекші орнын көрсетеді.
Тіл – ойлау құралы. Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы.
Адамның ойы тілі арқылы, тілдегі сөздер және олардың
тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ой,
толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып,
дәлелдене түседі. Тіл – шындықтағы заттар мен құбылыстардың,
олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өзара қарым-қатынасының
санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін
материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.
Мектептерімізде білім беруді ұлттық дәстүр
негізінде жүргізу ісі қолға алынып жатқан кезде, оқушылардың
жазбаша тілін дамыту оның саналы әрекетін жетілдіруін мақсат
ететін болса, ал сөйлеу мен ойлау әрекеттерін дамыту арқылы
оның дүниетанымдық көзқарасы мен білімін өрістетудің
де қуатты құралы болып табылады. Халқымыздың
даналық пікірі: сөйлей-сөйлей шешен болады, көре-көре
көсем болады, - деген мәтелі
баланың сана-сезімін дамытудағы қуатты құрал
болатындығын көрегендікпен пайымдап ой түйген.
Соңғы кезге дейін ой мен тіл бір-бірімен үзілместік
байланыста болады дейтін сөз кеңінен үстем алып келді. Бұл
пікір бойынша, адамның ойлану үрдісінің төркіні – тіл.
Демек тіл қандай болып келсе, ой да сондай болып келеді, - дейді. Бұл
тұжырым дұрыс болған жағдайда, тілді жақсы
білгендердің бәрі ойшыл келуі тиіс. Бірақ осы үнемі
солай болып кездесе бермейді.
Тіл – қатынас жасаудың, не ойлану мәселелерінің қосымша
шешуші құралы.
Ой үрдістері адамның басында бірден
пайда болмайды, оның болуына негізгі түрткі – қажеттілік. Қажеттілік
деп, әркімнің түрлі жағдайға байланысты мұқтаж
болуын айтады.
Осыдан, ой үрдісі мен тіл мәселелерін қарастыруда
этнопсихология және лингвопсихологияның арасында кездесетін
айырмашылықтар болғанымен оларды бір-бірінен айыруға
болмайтындығы анық. Мысалы, әр тілде ойдың түрліше
болуын зерттеу этнопсихологияның объектісі болып табылса, ал, ойдың
жүзеге асуының ішкі механизмі, ойды өзгертуге мәтіннің
қызметі және тағы басқа зерттеулер лингвопсихологияның
объектісі болып табылады.
1.
Мұқанов
М. Ойды этно және лингвопсихологиялық тұрғыдан зерттеу.
- Алматы, 1971.
2.
Лурия
А.Р. Развитие речи и формирование психических процессов//В кн.: Психологическая
наука. - М.,1960. - Т.1.
3.
Рубинштейн
С.Л. О мышлении и путях его исследования. - М., 1958. - 50с.