Психология
и социология/8. Педагогическая психология
Камбаралиева И.Т.
Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының аға оқытушысы
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
АРАСЫНДАҒЫ КИКІЛЖІҢДІ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы
2. Жарықбаев Қ.Ж. Психология
терминдерінің сөздігі. Алматы, 2002 ж.
3. Исхакова А.Н. Конфликты в педагогических
коллективах: их причины и профилактика. //Психология.-2009.-№4.2 с.
4. Рабай К. Мұғалім мен
оқушы қарым-қатынасының психологиялық
жақтары.// 2008.-№6.-36,39 б.
5. Бивкеева Н. Дау-дамайды болдырмайық.
// Мектептегі психология. - 2008. - №6. – 39 б.
6. Қуанәлиева М.А. Кикілжің
жағдайларды алдын-алудың психологиялық тәсілдері.
//Абай атындағы ғылыми әдістемелік журнал. -2010. - №2. 113
б.
Қазірігі таңда елімізде білім
беру саласына ерекше назар аударылған.
Әр адамның күнделікті
тіршілігіне ерекше өзгеріс енгізе қоймаған
қоғамнан кетіп, жаңа ғасыр өз өмірімізде
жаңа бір дәуірдің басталғанын мойындатуда.
Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы
болашағымызға жету жолдарының жақсы нышандары
бүгінгі қоғам тіршілігінің әртүрлі
салаларынан көрініс табуда. Солардың бірі-әлеуметтік орны мен
ақпараттар қызметінің салмағы жағынан ерекше
болып табылатын білім беру жүйесі.
Даму жолындағы
қоғамда ең алдымен білім дамуға тиісті. Ал білімді
дамытатын сол үрдістің субъектілерінің принципті
түрдегі жаңа әрекеттері мен жаңа
қарым-қатынас нормаларын меңгеруі болып табылады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа
мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы
айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды
қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын
уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз
келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін
өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай
болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға
тиіспіз». Сондықтан еліміздің даму бағыты
айқындалған уақытта білім берудің
маңыздылығы мен оның мәнділігіне көп
көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты
міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар
айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның
мәдени құндылықтарынан, ұлттық
дәстүр, ұлттық тәрбиемізден бөле-жара қарауға болмайды [1].
Ал осы білім беру жүйесінің одан әрі дамуына ықпал
етуде жаңа оқыту жүйесін енгізіп, жаңа технологияларды
пайдаланумен қатар, білім үрдісіндегі қатысушылардың
арасындағы қарым-қатынасты жақсарту да маңызды
орын алып отыр. Сол себепті де қазіргі таңда білім үрдісінде
кикілжіңді болдырмау, оның алдын-алу жолдары өзекті
мәселенің бірі болып табылады.
Адамзаттың осы
кезге дейінгі тарихы адамдардың арасында өзара әрекеттесуі
бар жерде келіспеушіліктің болатынын көрсетті. Өмір
келіспеушіліктің саналылық және өмірлік тәжірибе негізінде
басқаруға болатын құбылыстарға жатпайтынын
дәлелдейді. Біз келіспеушіліктің түпкі себептерін терең
түсінгенде, оның даму заңдылықтарын елестеткенде
және шешу механизмдерін меңгерген жағдайда келіспеушілікке
қандай да бір тиімді әсер
ету мүмкіндігі пайда болады. Осыған байланысты
психологиялық-педагогикалық келіспеушілік сияқты феномен
ерекше мағынаға ие болды.
«Келіспеушілік, конфликт» сөзінің шығу төркіні
латынның conflictus деген сөзінен алынған, яғни
қақтығыс дегенді білдіреді [2]. Көп жағдайда
келіспеушілік адамдар арасындағы шынайы немесе бұлдыр
қарама-қайшылықтан бастау алатын, адамдардың
өзара әрекеттесу формасының бірі ретінде түсініледі.
Психологияда келіспеушілік деп тұлғаралық өзара
әрекеттердегі бір индивидтің немесе тұлғаралық қарым-қатынастағы
адамдар тобының санасында қарама-қарсы
бағытталған үрдістердің қақтығысы
түсініледі. Профессор Э.А. Уткин: «Келіспеушілік – бұл адам
бойындағы эмоцияның пайда болуындағы сенімдер мен
әрекеттердің көмегімен шешкісі келетін
қарама-қарсы позициялар, бағалар және идеялардың
қақтығысы. Кез келген келіспеушіліктің негізі жиналып
қалған қарама-қайшылық» деп өзінің
«Конфликтология» кітабында келіспеушілікті жағдаятқа осындай анықтама
береді [3].
Білім
үрдісіндегі кикілжің жайлы айтатын болсақ, қазіргі
уақытта психология мен педагогикада негізгі назар төмендегідей
бағыттарды шешуге аударылады: оқушылар ұжымындағы
келіспеушілік; келіспеушілік мазмұны және олардың
жасөспірімдер
ұжымдарындағы туындау себептері; оқушы мен
оқытушы арасындағы келіспеушілік. Қазіргі кезде жалпы орта
білім беретін мектептерде қарым-қатынасты жүзеге асыруда
мұғалім мен мүғалім, оқушы мен оқушы,
мұғалім мен оқушы арасында
қарама-қайшылықтар, сонымен қатар жоғарғы
оқу орнының студенттері мен оқытушылары арасындағы
кикілжіңдерді көріп жатамыз. Осы педагогикалық процестегі
кикілжіңді болдырмау үшін киілжіңнің туындауына
әсер ететін жағдайларды анықтап, алдын-алу жолдарын іздестіру
қажет. Д.П.Зеркин ойынша «кикілжіңнің алдын-алу оны болжауды»
білдіреді. Мүмкін болатын кикілжің жағдайды негіздеп
оның алдын-алу мақсатында әрекет еткеніміз жөн.
Психология және педагогика теориясы мен практикасында бұл
мәселе зерттелгенімен оның іс жүзінде қолданылмауы
немесе оған баса мән бермеушілік қарама-қайшылық
тудырады [3].
Мұғалім
мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара
келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі.
Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан
дүниесінің сырына терең бойлап, олардың
мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала
психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек
талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын
білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие
ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы
өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді
бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды
қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады. Шәкірттер
мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім
мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп
қалатын кикілжіңдерді жаңа оқыту әдіс- тәсілдерін пайдаланып шешуге болады. Кикілжіңді болдырмаудың
басты жолының бірі – сабақты түрлендіре отырып, оқушының бос отырмауына ықпал ету.
Мектеп өміріндегі мұғалім
– басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып
қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушылардың
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі
ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады.
Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын
ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды
ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке
тәрбиелеу керек [4].
Білім
үрдісінде оқушылар арасында болатын кикілжіңнің
алдын-алуына тоқталсақ. Мектептегі жасөспірімдердің
арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау
мүмкін емес. Мектепте
баланың жеке тұлғалық әлеуметтену
барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын
түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің
интенсивтілігін өзгертуге болады.
Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль
алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір
тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға
өзіне қажетті бостандығының толық дамуын
қамтамасыз ететін әрекет. Оқушылардың кикілжіңді
қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы
үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі
әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.
Біріншіден,
мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу
стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі
қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып
табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының
алғашқы мұғалімінің педагогикалық
тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның
ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа
түсуін және жеке тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді
екен. Мұғалімдердің жеке тұлғалық
қарым-қатынасқа түсу стилі және
педагогикалық іскерлестік тактикасының әсері балалардың
бір-бірімен кикілжіңді қарым-қатынасқа
түспеуінің алғышарты. Бірақ мұндай стильмен тек
төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана
қолданады. Бастауыш сынып оқушыларының
мұғалімдерінің қарым-қатынасқа
түсуінің айқын функционалды стилі бойынша, олар бір тактиканы
қолданады. Бұл әрекет сыныптағы жеке
тұлғалық қарым-қатынастардың
арасындағы кернеуді күшейтеді. Кикілжіңдердің
көбісі «авторитарлы» мұғалімдердің қол астында
және жоғары сынып оқушыларының арасында
байқалады.
Екіншіден, мұғалім
оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге
араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып
тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу немесе
қарапайым кеңес болуы да мүмкін. Кикілжіңді
түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу
мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады [5].
Дж.
Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында кикілжіңді
шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет.
Сұрақтар, бір шетінен, кикілжіңді пайда болуымен, ал екінші
жағынан кикілжіңдерді алдын-алумен, шешумен және оны
басқарумен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте
кикілжіңнің түсіндірмесінін айқындалуынан және
әртүрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары
және қызығушылықтарының сәйкес
келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі
қарай кикілжіңнің туу себептері туралы және
олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.) туралы негізгі түсініктеме береді.
Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын фартуфикация,
құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу,
ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік
әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология,
экономика, білім беру және т.б. кикілжіңдік теорияларының
анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық
және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның
теориялары мысалдарымен қамтылып, кикілжіңді шешу жолдары туралы
айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рөлдік ойындарды
нақты жағдайлардың анализін, тағы басқаны
қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып,
проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады.
Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера,
басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы
болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай
білу, оқушылардың бір-біріне көмек беруі) [6].
Мысал ретінде Леви
төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының
бірнеше нұсқасын көрсеткен:
Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас аралығы)
А. Кикілжіңдер
күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта
бойы кикілжіңдер күнделігін толтырады. Олар кикілжіңге
түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай
сұрақтарға жауап береді: кім кикілжіңге түсті?
Кикілжің не үшін болды? Ол қалай аяқталды? Ең соңғы кеште келесі
сұрақтарға: кикілжіңнің қанша пайызында сіз
өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз?
Қанша кикілжіңдерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте
кикілжіңдермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың
арасында болып жатқан кикілжіңге қарап сіз оны шешетін
жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге
қолдаңғыңыз келеді?
Б. Кикілжің шешу жолдары. Оқушылар
қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және
өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда
олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі,
конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын
рөлдері қарастырылады.
В. Коммуникация дағдылары. Тыңдауда,
вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде
жаттығулар қолданады.
Келтірілген
жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда
кеңінен қолдануға болады.
Қорыта
келе осы мақала арқылы педагогикалық процестегі кикілжіңді
жағдайдың алдын-алудың кейбір психологиялық мәселелерін
ашуға тырыстық. Әрине кикілжің мәселесі
қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде
өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан педагогикалық
процестегі кикілжіңді жағдайдың алдын-алу - бұл тұлға
психологиясының қалыптасып, білім берудің одан әрі дамуында
жағымды қарым-қатынастың орны ерекше екенідігін
көрсетеді, яғни кикілжіңді алдын-алу оны болжауды білдіреді.