ОҚУШЫНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТКЕ БАУЛУ
Увалиев Т.О.
Абай атындағы
ҚазҰПУ-нің география-экология факультетінің «Елтану
және әлеуметтік-экономикалық география» кафедрасының
доценті
Қазақстан Республикасы
Жалпы білім беретін мектептегі
экономикалық мәдениет қалыптастыру ең алдымен
оқушыларды негізгі түсініктермен және категориялармен
таныстыруға бағытталуы керек. Ол күнділікті өмірде
алынатын өзіндік практикалық тәжірибені жүйелеуге,
тереңдетуге және ой елегінен өткізуге, мектеп
оқушысының психологиялық мүмкіндіктеріне және жас
ерекшеліктеріне теңбе-тең экономикалық
мәдениеттің қалыптасуына алып келуге тиіс. Мектеп
оқушыларын экономикалық білім беру барысында
оқушылардың жасының мүдделері мен
мүмкіндіктеріне, олардың психологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес келетін ұйымдық формалар, әдістер мен
тәсілдер қолданылуы керек.
Бұл аталған
жастың ерекшеліктеріне, мүдделері мен мүмкіндіктеріне
сәйкес келе алатындай психологиялық формаларды, әдістер мен
тәсілдерді қолдану дегенді білдіреді... Оқыту мен білім
берудің міндеті балада, мектеп оқушысында, бір жағынан,
аталған жас кезеңіндегі дамудың жоғары деңгейін
сипаттайтын және, екінші жағынан – келесі жас кезеңіне,
психикалық дамудың жоғарырақ деңгейіне
заңды көшуді даярлайтын психикалық ерекшеліктерді,
қасиеттер мен сапаларды қалыптастырудан және дамытудан
тұрады.
Қоғамдағы экономикалық
мәдениетті қалыптастырудың психологиялық
жағдайларының ролінің арту себептері бөліп
көрсетілген: білімдерді генерациялаудың жаңа технологиялары, ақпараттық
және символдық коммуникацияларды өңдеу, ақпаратты
өндіру, бөлу және тұтыну процестерімен байланысты болып
келетін топтардың салыстырмалы санының артуы, сонымен бірге, адам
қабылдауға және өңдеуге қауқарсыз
болып қалатын жаңа ақпаратқа орай белгісіздіктің
күшеюі. Локальды қауымдастықтар, кәсіптік,
ұлттық және өзге де топтардың шеңберінде
өзара әрекеттесулердің, мүдделердің
тұйықталу әсерлері байқалады. Бөтенсу,
идентификацияны және өзіндік идентификацияны жоғалту
мәселелері күшейе түсуде.
Л.Д.Левитов жасөспірім
шақтың экономикалық білім беру барысына спецификалық
келуді қажет ететін ерекшеліктері туралы жазады. «Төменгі сынып
оқушыларымен салыстырғанда жасөспірімдер отбасында және
мектепте жаңа орын алып жатады. Отбасында жасөспірімдер ересек
адамдардың өміріне, оның ішінде ересектерге көмектесе
отырып, үй шаруашылығына да қатысады» [1]. Автор
жасөспірімді отбасы экономикасының мәселелерін шешуге
қатысуға әбден қабілетті деп санайды, бұл
экономикалық білім беруге оңды әсерін тигізетін болады.
В.А.Крутецкий экономикалық
білім беру тиімділігінің аса маңызды шарттарының бірі – оны
жасөспірімге қойылатын рухани талаптардың негізінде
ұйымдастыру туралы айтады. «Жасөспірімдік кезеңнің
маңызды психологиялық сипаттамасы болып тұлғаны
қарқынды қалыптастыру, рухани сана-сезімді
қалыптастыру, жүріс-тұрыстың
моральдық-этикалық нормаларын меңгеру табылады [3]. Зерттеушілер жасөспірімдік кезеңнің тағы бір
ерекшелігін – тұлға аралық қатынас жасауға
ұмтылуды атап көрсетеді. «Жасөспірімнің негізгі
психологиялық қажеттілігі – қатынас түрлерін
меңгеру – өзінің қарым-қатынасын
ұйымдастыру, оны алға қойылған міндеттерге сәйкес
құру ептіліктерін жасап шығаруды қамтамасыз ететін
іс-әрекетте алдыңғы қатарға жылжытады» [40 б.].
Қарым-қатынас жасау жасөспірімдерде көп жағдайда
іс-әрекеттің қандай да бір түрімен байланыстырылады.
«Жеке басының түрі бойынша жасөспірімдер –
қоғамшылар, оларға ұжымда танымал,
қабылданған болуға ұмтылу тән; кез келген істе
олар сырттан қараушылар, енжар қатысушылар емес, әрекет
жасаушылар болуды ұнатады; оларға өзін өзі
көрсету маңызды» [132 б.]. Осы бір ниеттер, ұмтылыстар
тұлғаның, оның ішінде экономикалық маңызды,
белгілі бір қасиеттері: табандылық,
қиындықтарды жеңе білу, шыдамдылық,
мақсатқа ұмтылу болған кезде
қанағаттандырылуы мүмкін. Олар сыртқы оңды
әсер еткенде де, осы жаста пайда болатын, өзін-өзі білім
беруге ұмтылыс кезінде де қол жеткізіледі. Осы кезеңде ересек
болуға деген ниет ушыға түседі және осы ниет пен оны
жүзеге асыру жолдары бір мағыналы бағаланбаса да, оны кез
келген іс әрекет үшін
қажетті болатын өзін-өзі бақылау,
ұйымдасқандық және т.б. қасиеттерді табыспен
қолдануға болады. Жасөспірімдер «өзін-өзі танып
білуге, өз мүмкіндіктерін бағалауға табанды және
елеулі әрекет жасайды», көп нәрсені
күмәндануға ұшыратуға бейім келеді,
рефлексиялайды. Сондықтан мектеп оқушысына білім беру мен білім
берудің жолдары мен әдістеріне жақындау жолы
оқытудың орта сатысында, осыны экономикалық
дүниетанымды қалыптастырудың күрделене түсетін
процесі де, оның жоғарырақ сапалық мазмұны да
талап ететініндей, айтарлықтай өзгереді. Оқыту барысында
шамадан тыс прагматизмнен көрініс табатын теріс факторлардың
көрініс табатынын ескерген жөн. Оқытудың орта сатысында
осы құбылысты жеңіп шығуға экономикалық мәдениетті
қалыптастыруды гуманитарландыру, шынайы құндылықтар
критерийін игеру көмектеседі. Өз эгоизмінің талаптарын емес,
қоғамдық мүдделерді басшылыққа ала отырып
іс-әрекет жасаған адамдардың экономикалық табысқа
жетуінің нақтылы мысалдары, әсіресе бұл белгілі
адамдардың іс-әрекетінің үлгілері болса, осы
мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі.
Қаржылық табыс, пайда
– экономикалық іс-әрекеттің қажетті шарттары, алайда
оқушылар бизнестің моральдық-этикалық негіздерін
игеріп, тұлғаның жеке басының қамымен жасаған
ұмтылыстарының шекарасын көруге, ақшаның
күші мен маңызын игеріп қана қоймай, өзге реттегі
құндылықтарды да түсінуге тиіс. Экономикалық
мәдениетті қалыптастырудың дәстүрлі
мазмұнының кемшілігі оның эпизодтылығы болады,
қоғам мен жеке адамның экономикалық өмір,
тіршілігі туралы тұтас түсінік болған жоқ. Мектеп
оқушысының өмірлік тәжірибесін, шаруашылық
өмірдің жекелеген қырларын білуді және мектепте
басқа пәндер бойынша алынатын білімдерді бір жүйеге келтіру
қажет болды. Осы міндетті біз ұсынған, интегративті функция
орындайтын, бірыңғай жүйе құруға мүмкіндік
беретін «Экономика» модульдері орындай алатын. Осы жүйенің
әрбір қыры, өзара байланыстар мен
қарама-қайшылықтарды табуға көмектесіп,
білімдерді тереңдете және экономикалық
мәдениеттің барлық көрсеткіштерінің
деңгейінің артуына ықпал жасай отырып, басқа
жүйеге «жұмыс істейді».
Жасөспірім психологиясын
зерттеу осы шақта еңбексүйгіштік,
ұқыптылық, жауапкершілік секілді қасиеттердің
төмендейтіндігін, оңды қабылданған рухани және
этикалық нормалардың өз іс-әрекетіне немесе оны
өзінше бағалауға басшылық болып табыла бермейтіндігін
көрсетіп отыр, бұл түсініктер мен нормалардың
жеткіліксіз қалыптасқандығын куәландырады. «Экономика»
модульдерінің өзінің нақтылы «ересектер» өміріне
жақындығымен ерекшеленетін спецификалы мазмұны осы
кемшіліктерді жоюға көмектеседі, экономикалық
мәдениеттің көлемін кеңейте түседі және
оларды бір жүйеге әкеледі, экономикалық ойлаудың
дамуына, ұтымды экономикалық іс-әрекеттің берік ептіліктері
мен дағдыларының жасалуына көмектеседі.
Зерттеушілік іздестіруіміз көрсетіп
отырғанындай, жасөспірімді экономикалық білім беру
жөніндегі жұмыста мотивациялық сала анағұрлым
көбірек (төменгі сынып оқушысына қарағанда)
маңыздылыққа ие бола бастайды. Мотив деп әдетте
«осыған деген қажеттілік аталған жағдайларда
нақтыланатын және осыған іс-әрекет оған
түрткі болатын секілді бағытталатын объективтілік» түсіндіріледі.
Демек, мотивтендіру саласы іс-әрекеттің әртүрлі
түрлерін жүзеге асыратын мотивтердің жиынтығы ретінде
түсінілуі мүмкін. Бұл ретте өзіне үш категорияны:
1) индивидтің
өзінің қажеттіліктерімен және мүдделерімен
байланысты мотивтер – дербес мотивтер деп аталатындарды;
2) жасөспірімнің
жақын ортасымен байланысты мотивтер – топтық мотивтерді;
3) басқа адамдармен
байланысты мотивтер – қоғамдық мотивтерді енгізетін мотивтер
иерархиясы қарастырылады.
Осылай жақындап келгенде
жасөспірімнің іс-әрекетінің мотивациялық
құрылымы өзіне:
-
іс-әрекетті жүзеге
асыруға эмоциялық карау;
-
мәжбүрлеудің
жарамдылығы, ниетке қарсы іс-әрекет жасау қажеттілігіне
бағдар алу;
-
іс-әрекеттің
беделділігі (атақ құмарлық, өзін жақсы
көрушілік, өзін асыра бағалау);
-
жеке басының пайдасы;
-
педагогпен әлеуметтік
сәйкестендіру, оның пікіріне бет бұру;
-
құрбыларының
тобымен әлеуметтік сәйкестендіру, жолдастарына, достарына,
сыныптастарына бағыт-бағдар алу;
-
туыстарымен әлеуметтік сәйкестендіру,
отбасының ұстанымына бағыт-бағдар ұстау;
-
қоғамдық
маңыздылық, басқа адамдарға пайдалы болуға
бағыт-бағдар алу.
10-11 жасар мектеп
оқушысының іс-әрекетін мотивтендіру үстірт және
ситуативті сипатқа ие, қоршаған адамдардың
іс-әрекетінің мотивтерін қайталайды, жаңғыртады,
аталған жас категориясының әртүрлі сатыларында
өзгеріп отырады. Бөтен адам мотивін жаңғырта отырып,
бала оны талдамайды. Бұл ептілік кейініректе, жасөспірім өзін-өзі
талдаудың ең қарапайым ептіліктері арқылы, тек
қана ересектердің бағалауларын басшылыққа ала
бермей, өзінің тұлғасын және іс-әрекеттерін
сын көзімен бағалай алатын 12 жаста келіп жетеді. 13 жаста
бұл ептіліктер күшейе түседі, тек өзін-өзі
бағалау және өзін-өзі сынау қабілеті ғана
емес, өзін-өзі білім беру, өз жүріс-тұрысын
реттеу қабілеті пайда болады. 13-14 жастағы жасөспірім
өзіне адамдарда не нәрсе көп ұнайтындығын –
бастамашылдықты, батылдықты білім беруге тырысады.
Экономикалық
мәдениетті қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие
болатын мотивтер мақсатты бағытталған жұмысты талап
етеді. Бұл ретте осы жаста қажеттіліктер мен мотивтер
сипатының үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру керек,
мұны бірқатар себептер тудыруы мүмкін. Бастауыш мектептен ортаңғы
буынға көшу жасөспірім үшін айтарлықтай
жанға бататын өзгерістермен байланысты: бір
мұғалімнің орнына бірнеше мұғалім келеді,
бұл олардың арасындағы үйреншікті
жақындықты бұзады; осы жаста күшейе түсетін,
қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік басқа
қажеттіліктерді әлсіретіп тастайды; оқу материалының
күрделі, таза абстракциялы сипаты оны игеруді қиындатады, бұл
оқуға деген қызығушылықтың жоғалуына,
теріс эмоцияларға, сенімсіздікке, сабақ үлгерімінің
төмендеуіне алып келеді. Эмоциялық-сезім саласы қайта
құрылады, ойлау эмоциялық-бейнеліге қарағанда,
көбірек логикалы бола бастайды. Екінші жағынан, ортаңғы
сыныптарда оқу материалының мазмұнының өзгеруі,
оның ішінде, оның математикаландырылуы және формальдануы
ұтымды ойлауды, жүйелі қарастыруды талап ететін
экономикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал
етеді.
Жасөспірімнің
қоршаған әлемге деген өзгеріп отырған өзара
байланысын да пайдаланып қалып, осы өзгерістерді қажетті
арнаға бағыттау қажет. Айтылып та кеткеніндей, ол
көбірек прагматик бола бастайды, оған өзінің
сыртқы әлеммен қарым-қатынастарын рухани,
этикалық принциптерге құрудың қаншалықты
пайдалы, тиімдірек екендігін көрсету қажет. Осы принциптердің
мазмұны жалпы білім беретін мектептің көптеген
гуманитарлық пәндермен анықталады, бірақ гуманизациялау
тұрғысынан және пәнаралық байланыстарды
күшейту тұрғысынан елеулі түзетулер енгізуге
зәру.
Ал енді экономикалық
циклдың пәндеріне деген қызығушылық арта
түседі, өйткені ортаңғы буын оқушысы
экономикалық мәдениеттің қажеттігін тамаша
түсінеді, олардан тікелей материалдық пайданы көреді
және көбіне көп осы уақытқа қарай
бұған практикада көз жеткізеді. Қала жағдайларында
жасөспірімдер, өкінішке орай, өздеріне машина жуумен, газет
сатумен ақша табады. Олардың интеллектуалдық даму
деңгейі, өмір салты мен орындап отырған
қоғамдық функциялары арасында
қарама-қайшылық, сәйкессіздік пайда болады.
Бұрынғыдан маңыздырақ тұлға болу ниеті
күнделікті өмірде қолдануға болатын экономикалық
білімдер алудағы оңды стимул бола бастайды. Сондықтан
оқу материалын жасөспірімге қызықты болатындай етіп, ол
мұның практикалық қажеттігін көретіндей етіп
іріктеп алу және құрылымдау қажет.
6-9 сыныптардағы модульдер,
оқушының практикалық қажеттіліктерін
қанағаттандырып, қажетті теориялық, экономикалық
білім бере отырып, адамгершілігі мол тұлғаның
қалыптасуына оңды жағдайлар жасайтындай етіп
құрастырылған. Осы мақсатта модульдердің
мазмұны гуманитарлық білімдермен байытылған. Экономикалық
ойлауы дамыған, рухани, этикалық
құндылықтарға ұмтылысы бар
тұлғаға білім беру және оны білім беру процесі табысты
болуы үшін, осы мақсаттарға лайықты технологияларды пайдалану
қажет. Оқытудың ортаңғы буынының
аяғына қарай оқу жоспарларында жаратылыс-ғылыми цикл
пәндерінің үлесі арта түседі, сабақ беруде
теориялық негіз күшейеді. Эмоциялық және
гуманитарлық білім беру біршама әлсіреп, бұл алуан
түрлі жалпы білім беретін, оның ішінде экономикалық
пәндердің әсер етуіне және қабылдануына
әсер етпей қоймайды. Жоғарыда айтылып кеткеніндей, бұл
шамадан тыс эгоизм мен прагматизмді дамытады, ал мектеп пәндерінің
тереңдей түскен дифференциациясы әлемді бірыңғай
тұтас қабылдауға, өзін осында үстемдік етпей,
сақтап қалу керек бірыңғай тұтастың
бөлігі ретінде түсінуге кедергісін келтіреді. Индивидуалистік
қондырғылары бар нарықтық жүйе
жағдайларында әрқашан да экономикалық іс-әрекетте
эгоизмнің даму қаупі бар. Сондықтан да қазіргі білім
беруде байқалып келе жатқан антропоцентризм және технократия
тенденцияларына кедергі жасау қажет.
Э.И.Калиева «нарықтық
механизм мен бәсекелестік мектептен тұлғаның
нарықтық экономика жағдайларында аман қалып қана
қоймай, бұл ретте жоғары белсенділік пен дербестік
көрсете отырып жасампаздыққа қабілетті жаңа типін
талап етуде. Ересек мектеп оқушысының жасы ерекше
маңызға ие, өйткені дәл осы жаста айтарлықтай
тұрақты экономикалық және дүниетанымдық
ұстанымдарды қалыптастыру үшін ең нақтылы
мүмкіндіктер жасалады» [2].
Адамның моральдық
және интеллектуалдық күштері қарқынды дами
бастайды, оқушының өзгерген жағдайының
әсерімен оған айналадағы адамдардың және
өзінің өзіне талаптары өсе бастайды. Дәл осы
кезеңде оқыту мен білім беруді практикалық іс-әрекетпен,
оқушының өз тәжірибесімен байланыстырып отыру керек.
«Ересек мектеп оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа
түріне – осының дұрыс ұйымдастырылуы көбіне
көп оның келесі еңбек іс-әрекетінің, оның еңбекке
қатысының субъекті ретінде қалыптасуын анықтайтын
оқыту-кәсіптік түріне қосылады. Бұл одан бетер
дәрежеде оқыту іс-әрекетін одан маңыздырақ
мақсатқа – болашақ кәсіби немесе кәсіптік
бағыт-бағдар алған іс-әрекетке
бағындырғандай болады» [182 б.]. Жас психологиясының
аталған бақылауы кәсіптік іс-әрекетке
бағыт-бағдар алудың ересек мектеп оқушысын
экономикалық білім берудің табыстылығының аса
маңызды факторы болып табылатындығын растайды.
Жоғарғы сыныптарда
біртіндеп әлемге тұтас көзқарасқа ие бола
бастаған оқушы тұлғасының айтарлықтай
өзгерістері жүріп отырады. Теориялық ережелерді
механикалық жаттап алу енді оны қанағаттандырмайды, ол
бұл теорияларды өз талдауына ұшыратады, оқу материалына
қатысты да, әлеуметтік және экономикалық
құбылыстарды бағалауға қатысты да ішкі позициясын
қалыптастырады, яғни азаматтық тұрғыдан жетілген
бола бастайды, мұның өзі оның қоғамдағы
және экономикадағы ролін жете түсінуіне көмектеседі. Зерттеушілер «жоғарғы мектеп
оқушыларында жүріс-тұрыстың жеңімпазы және
оның барлық қажеттіліктері мен ұмтылыстарының
ұйымдастырушысы бола бастайтын, қандай да бір рухани үлгі
ретіндегі өз міндеттері мен талаптарының жүйесі
қазірдің өзінде бар».
Бірқатар зерттеушілер,
әлеуметтанудың, психология мен педагогиканың өзара
байланыстарын талдай отырып, мектеп оқушыларындағы іс-әрекеттің
келесідей әлеуметтік мотивтерін тұжырымдады:
- белгілі бір әлеуметтік
топқа енгізілуге және топтағы тұлғааралық
қатынастар жүйесінде белгілі бір орын алуға ұмтылыстар;
- өзін-өзі
құрметтеу, жеке басының қасиеттері, жоғары
беделге ие болу ұмтылысы;
- өзін-өзі
көрсету, өзін-өзі өзекті ету, өзінің
қабілеттерін, ептіліктерін, қасиеттерін көрсетуге және
дамытуға ұмтылу.
«Осы және өзге де
мотивтер мотивтер иерархиясында... бір-бірімен әртүрлі
қатынаста болуы, бір-бірімен өзара әрекеттесуі мүмкін,
жетекші және бағынышты мотивтер болып көріне алады» [17 б.].
Мәселен, болашақ мамандығын
анықтаған кезде жоғарғы сынып оқушылары тек
қызығушылықтарын ғана емес, прагматизмді де
басшылыққа алады, пайдалырақ варианттарды таңдайды,
өмірдің болмысына сын көзімен қарайды, олардың
қандай ниеттері мен іс-әрекеттері өмір мен
іс-әрекеттерінің қолайлы жағдайларына әкелуі
мүмкін екендігін елестетуге тырысады. Әрі осында тағы да
қоғамдық талаптар мен жеке мүдделер, өсе
түскен қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру
мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтар туындайды.
Жоғарғы сынып оқушылары қоғамдық
жүйенің және жалпы алғанда қазіргі өркениеттің
тұрақтылығы мүддесінде неліктен прагматизм мен
өсе түсетін қажеттіліктерді саналы түрде шектеу
қажет екендігін, нарық жағдайларында тараптардың
экономикалық мүдделерінің үйлесімінің әбден
ықтимал екендігі мәселелерін шешуге мұқтаж болады.
Осының бәрі оқушылардың қоғам және
экономика туралы білімдерін жүйеге келтіру қажеттігі туралы айтады.
Мысалы, өндіріс шығындарын
қалайша төмендетуге және табысты арттыруға болады деген
сұраққа көбінесе кәсіпкер үшін
қызметкерлерге жалақыны төмендетудің тікелей пайдасы
туралы айтатын болса, онда 11 сыныпта жүйенің
барлық құрамдас бөліктерін талдай және
шығын баптарын жеке бас және қоғам мүдделерін
үйлестіретіндей етіп төмендету жолдарын іздестіре бастайды.
Мұндай мәселелерді шешуге осылардың мазмұны
дүниетанымдық мәселелерді шешуге, адам болмысының
терең мәнісін, өмірдің мәнін және
оның шынайы құндылықтарын тануға деген ниетке
бағытталуы тиіс “Адам мен қоғам”, “Қатынас этикасы”
секілді модульдер көмектеседі. Экономикалық мәселені
талқылауда ортақ дүниетанымдық проблема қоя
отырып, гуманитарлық мәселелерге жүгіну керек, бұл
олардың тығыз өзара байланысын көрсетеді және
мектеп оқушысында
рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына дәлелдік
негіздер беруге көмектеседі. Оқушылар көркем бейнелер,
мысалы, М.Горькийдегі Иль Артамонов пен оның табыстары мен
сәтсіздіктерінің ғылыми негізделуі арасындағы
ассоциацияларды іздестіретін, қарама-қайшылықтарды тауып,
оларды шешу мүмкіндіктерін іздейдін болады. Осындай жағдайлар
оқушылар үшін жеке басына маңызды бола бастайды, бұл
қызығушылықпен талқылауға мүмкіндік береді,
оларға психологиялық тұрғыдан жайлы жағдай
орнығады, ішкі ұмтылыстарын ашуға, олардың
дәлелдемелерін іздеуге, өз ұстанымын күйттеуге
мүмкіндік пайда болады. Экономикалық
мәдениет қалыптастыру күрделі қоғамдық
өзара байланыстар туралы дәйекті және қисынды ой
толғауға, өз іс-әрекеті үшін ықтимал теріс
зардаптарды күні бұрын көре білуге, олардың мотивтерін
анықтауға мүмкіндік береді, яғни ойлауды,
танымдық қасиеттер мен қабілеттерді дамытады. Экономикалық
мәдениетті қалыптастыруда мектеп оқушысы іс-әрекеттің
табысты орындалуын қамтамасыз ететін психологиялық
қасиеттерінің жиынтығына ие болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Сасова И.А. Непрерывное экономическое образование //Педагогика, 1994. №4. –
С. 24-26.
2.
Қалиева Э.И. Педагогические основы экономического воспитания
старшесыныпников. Автореф. дисс. канд. пед. наук. - Алматы: АГУ, 2002. - 23 с.
3. Крутецкий В.М. Психология. – М.: Просвещение, 1986. – 336 с