Психология/Педагогическая психология
Садыкова А.Б.
№ 123
мектеп-гимназиясының мұғалімі
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІТІЛІГІН
АРТТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында
білім беру жүйесінің жеке адамды дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап
көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог
қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында
көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын
қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық
қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға
міндетті», - делінген[1].
Бастауыш мектеп – бұл
оқушының жеке тұлғасы мен қасиетінің,
танымдық үрдістерінің дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш
білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, аса
күрделі де, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға
белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс
көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде
бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, дəлелдеуге, сөйлеу мəдениетіне үйретуді
ұстанымға алады. Дамыта оқытудың басты мақсаты
–баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Əрине бастауыш сынып
оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкіндіктері əртүрлі болады. Дегенмен əр баланың
бір нəрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан
қабілеттің нышаны, алғышарты. Әр баланың жасырын,
тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне
мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің
басшылығымен жүзеге асады [2].
Әр адам бала кезінен өмірде үлкен
жетістікке жетуді армандайды және олардың бірқатары ол бастан бір іс-әрекетке
қабілеттілік байқатады (музыкаға, сурет салуға,
ән айтуға, өлең жазуға, спортқа
т.б).Бірақ, осы байқалған
қабілеттілікті дамытып отырмаса, біртіндеп жойыла бастайды,
яғни жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне
бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан да ата-аналардың,
үлкендердің, мұғалімдер бала бойындағы
қабілетттілікті байқап, сәйкесінше оны дамытуды міндетке
алулары тиіс. Педагогика ғылымы еш нəрсеге бейімі жоқ,
қабілетсіз адам болмайды деп дəлелдейді. Философия
тарихында қабілеттілік жеке адамға туа біткен ерекше күш,
адам жан-дүниесінің тұқым қуалау жолымен берілетін
ішкі қасиеті ретінде де түсіндірілді.
Француз ғалымы, философ, Р. Декарт «ақыл-ой қабілеті
іштен туа бітеді», - деп есептеді[3].
Басқада философтар Дж.Локк, сондай-ақ, француз
материалистері бұл пікірмен келіскен жоқ. Сөйтіп, олар
қабілеттілікті адам өмірінің сыртқы жағдайымен
байланысты пайда болатын, соған тікелей тәуелді қасиет
ретінде қарастырды. Қазір ойшылдар: «Шындығында
қабілеттілік ішкі мүмкіндіктер арқылы ашылып, адам
баласының әр түрлі іс-әрекеттерге қатысуы,
басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі
арқылы нақты қалыптасып, дамиды», - дейді. Ал, В.Обручевтің
пайымдауынша: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді
жаттығумен жетіледі». Қабілет бейімділіктен басталады
Әркімнің жастай, ержеткен соң белгілі бір әрекетпен
айналысуға бет бұруы, оған ынта-ықыласының артуы
– оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы нышаны. Ол
негізінен, бейімділік деп аталады, қай іс те осы бейімділіктен бастау
алады.
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адам қабілетінің
жете жақсы дамуының
жоғары сатысы»-деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік
арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады.
Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі:
оның арқасында іс-əрекет жақсарады [4]. Көптеген
ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік жəне
талант бір ұғымды білдіреді. Балалардың келешегі
жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты
болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін
армандамайтын ата- аналарды табу өте қиын. Бірақ, сөйте
тұра, солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны
қалай дамытуға болады жəне бұл жұмыста жанұя
қандай міндет атқару керек дегенді, біле бермейді. Қазіргі
кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін жəне
мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы,
əлемге əйгілі Б.Кларктың кітабында дəл осындай бес тізім
бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін
жəне өнер саласындағы (əн, би, драма т.б) қабілетін
сипаттайды.
Қазірде білім саласында дарынды балалармен жұмыс істеу – ерекше
маңызды педагогикалық проблемаға айналып отыр. Осыған
байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей
кезеңдерін анықтауға болады:
·
Баланың
жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
·
Балалар
шығармашылық өнімдерін жариялау;
·
Игерілген
нəтижелерді бақылау.
Яғни осындай жұмыс істеу
бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң,
оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы
туып, үлкен ізденіс пайда болады. Жалпы кездесетін дарындылықтың түрлері
былайша жіктеліп жүр:
1.
Көркем
дарындылық
2.
Жалпы
интеллектуалдық және академиялық дарындылық
3.
Шығармашылық (креативті)
дарындылық
4.
Әлеуметтік
немесе лидерлік дарындылық
5.
Спорттық
(психомоторлық) дарындылық
Мектеп
практикасында кездесетін дарындылық категорияларына тоқталатын
болсақ, былайша бөлуге болады:
1.
Жалпы
дарындылық деңгейлері бойынша жоғары көрсеткіш
танытқандар.
2.
Әрекеттің
нақты бір саласында жетістікке қол жеткізгендер: музыкант, суретші,
математик, спортсмен. Бұларды көбінесе таланттылар деп атаймыз.
3.
Мектепте
үздік оқитындар, яғни академиялық дарындылар.
Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен
таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан
ғылыми салалардан білім алу арқылы жəне
ұстаздардың көмегі арқылы ашылады жəне дамиды [5].
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу
шығармашылыққа баулуға, шəкірт бойындағы
талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға
өз əсерін тигізеді. “Дарындылық — адамның өз
бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу
арқылы қалыптасатын қасиет”. Əр баланың бойында
табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады.
«Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай
баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту
көбіне мұғалімдердің кəсіби біліктілігіне байланысты
екендігі айдан анық.
Қазіргі кездегі жаңа «субъект-субъект» оқыту
парадигмасымен жұмыс жасау, əр баланың бойындағы
дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз
дəрежесінде жүргізілуі керек. Дарындылық пен
қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын
анықтайтын психодиагностикалық əдістемелердің
тиімділігін, нəтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды
оқушымен нəтижелі жұмыс істей алады. Оқушылардың
оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі ретінде
оқыту әдістері білімді жемісті игерудің, сонымен қатар
танымдық бейімділіктері мен тұлғалық сапаларын дамытудың
маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалдық дарынды
оқушыларды оқытуда қолданылатын шығармашылық
сипаттағы әдістердің негізгісі – проблемалық, ізденіс,
эвристикалық, зерттеу, жобалау болып табылады, оларды өзіндік,
дербес, топтық әдістермен үйлестіре қолданған
жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты -
олардың шығармашылық жұмыста өзінің
қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мақсатқа
жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту жəне
оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы
жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен
жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін
oқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін
əр пəн мұғалімі өзінің алдына мынандай
мақсаттар мен міндеттерді қою керек.
1. Дарынды оқушының
ақыл-ойының, эмоционалдық жəне əлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін
ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық
бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға
өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Алға қойылған мақсат пен міндеттерді орындауда мұғалім
мынадай жұмыс түрлерін
өз іс-тəжірибелерінде пайдаланып жатса, күткен нәтижеге
жетері анық. Олар икемді жəне ұтқыр оқу жоспарын
құру, жеке пəндерді оқытуда тəуелсіз
қозғалыс жасау, дарынды оқушының өзінің
жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету, дарынды
оқушының қызығушылығына байланысты оқу
жоспарын құру. Бұл жұмыстың түрлерін ұйымдастыру барысында
мұғалім мынадай мəселелерге көңіл аударулары
қажет:
1. Пəн сабақтарында шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі
жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың
өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы
əдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға -
пəндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық
турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық
жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы
сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп
оқытуды ұйымдастыруға.
Оқушының қабілетін арттырып, қойған
мақсат міндеттерден белгілі бір нәтиже көру үшін,
дарынды балалармен әр түрлі олимпиадалар, конкурстар, іс-шаралар
ұйымдастырылуы керек. Мұндай әрекеттер оларды одан әрі
шыңдай түсері анық.
Еліміздің әлем елдерімен терезесі тең болатын
дəрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын,
дүние əлемін кезетін біздің дарынды да, қабілетті балаларымыз екенін
ұмытпауымыз керек. Олардың бойындағы қабілетін ашу, дамыту
– мұғалім, ата-ана жəне әлеуметтік қоғамымыздың
міндеті. Дарындылық деңгейі, сапасы, даму сипаты бұл
табиғи дарын белгілері мен әлеуметтік ортада әрекет етуі
(ойын, оқу, еңбек) кезінде қалыптасатындығын
қазіргі психологтар мойындап отыр. Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық
“табиғатпен берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі[6].
Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа
берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары
да сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге аздау, біреуге көбірек
бөлген.
Дарынды баламен жұмыстың нәтижелігі бастауыш сыныптасол
оқушылармен қандай жұмыстың жүргізілгендігіне
тәуелді, сондықтан бастауыш сынып кезеңінде мұндай
балалармен жұмыс стратегиясы
дербес мәселе ретінде қарастырылуы тиіс. Оқу мен
шығармашылыққа бейім балалардың дарындылығын
көрсететін критерий – айқын көрінетін, белсенді,
ақыл-ой қызметіне бағытталған танымдық
қажеттілік. Танымдық қажеттілік базалық
қажеттіліктердің бірі болып табылады, оны
қанағаттандыру тұлғаның қалыптасуы мен
өзін жүзеге асыруын, оның табиғи бейімділіктерін
дамытуды қамтамасыз етеді. Қолайлы дамыту жағдайында
танымдық қажеттілік үш деңгейде өтеді: 1-ші
деңгей – жаңа таңқаларлық сезімдерге деген
қажеттілік (мектепке дейінгі кезең); 2-ші деңгей – белгілі
бір сабаққа қызығуынан, нақты пәнді
оқуынан байқалатын білуге құмарлығын дамыту (кіші
мектеп жасы); 3-ші деңгей (жоғары деңгей) – ғылыми
зерттеу жүргізуге бағытталған танымдық әрекет
(жоғары сынып оқушыларынан байқалады).
Танымдық
қызығушылықты ескермеу немесе уақтылы
қанағаттандырмау қабілеттердің дамымауына,
көрінбеуіне әкеп соғады. Осы айтылғандарды ескере отырып, бастауыш сыныпта дарынды
баламен жүргізілетін оқыту-тәрбиелеу жұмысының мақсаттары
мен міндеттері нақты қойылып, қажетінше орындалуы шарт. Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің
жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім
қазығы – бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен
үміт күтері сөзсіз, ерте байқалған
қабілетті дамытуда барлық мүмкіндіктерді қолдану аса қажетті.
Əдебиеттер тізімі:
1.
«Білім туралы» ҚР Заңы
2.
Дәкәрім М.Д. «Жаңа ғасырдың
білімді жастарын тәрбиелеу». Білім берудегі менеджмент, №4, 1998ж.
3.
Декарт Р. Рассуждение о
методе, чтобы верно направлять свой разум и отыскивать истину в науках и другие
философские работы / Пер. с лат., М.: Академический проект, 2011. 335 с.
4.
«Дарын»
ақпарат-әдістемелік жинағы, №3, 2001ж.
5.
Советский
энциклопедический словарь. М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984.
613-б.
6.
Ожегов
С.И., Шведова Н.Ю. Макаренко
А.С. Толковый словарь русского языка. М., 2004. 288-б.
7.
Алтынсарин.Ы.
Таңдамалы шығармалар
жинағы. 3 томдық, А., 1953;